Мектебіміздің қоғамдық істерінде, іс-шараларда белсенділігімен көзге түсіп жүрген 11 сынып оқушысы Байсерікова Салтанат. Ол болашақта туризм саласының маманы болғысы келеді. Онымен пікірлескенде Қазақстанның туризм индустриясын дамытып, жас астанамыз Астана қаласын әлемге таныстырып, қазақ халқының керемет дәстүрін насихаттағысы келетінін айтып өтті. Ол өзінің туған жері ғарыштың астанасы Байқоңыр ғарыш айлағын, оның ішінде зымыран ұшыру алаңдарын әлем азаматтарына таныстырғысы келеді. Сонымен қатар күллі түркі әлемі қастер тұтатын Қорқыт баба кесенесін мақтанышпен айта отырып, тарихи орталықпен таныстырғысы келеді. Салтанат болашақта туризм саласы мемлекетіміздің экономикасын дамытатын басты сала болу керек деген өз ойын айтты. Салтанатқа болашақта туризм саласының беделді де белді маманы бол деген тілегімізді айтамыз.
Метка: оқушы жетістіктері
Прогрессиялар
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,
№ 34 жалпы білім беретін орта мектебінің
жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі
Масақбаева Сайра Сабырханқызы
Оқушының ғылыми жобасы
Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық моделдеу.
Секциясы: Математика Тақырыбы: Прогрессиялар
Авторы: Қазымова Еркежан 8 «Д» сынып оқушысы
Аннотациялар
«Прогрессиялар» ғылыми жобасында, «Тізбек ұғымы қашан пайда болды, неліктен?», «Біздің күнделікті өмірімізде алатын орны қандай?» — деген сұрақтарға толық жауап берілген. Зерттеу барысында сан қатарларының шығу тарихынан мәліметтер берілген. Оқушы жұмысын үш үлкен тарауға бөліп, сәтті жүйелеген. Продолжить чтение «Прогрессиялар»