«БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ» КОНКУРСЫ

«Ұстаздардың ұстазы»

ЖАЙЛАУБАЕВА И.Ж

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ,РУДНЫЙ ҚАЛАСЫ,Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ
РУДНЫЙ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ.

Ұлы ағартушымыз Ы.Алтынсарин қазақ жерінде кәсіби білім беретін оқу орындарының көптеп ашылуын армандап еді. Сол асқақ арманның жүзеге асқан алғашқы жемістерінің бірі Меңдіқара педучилищесі болды.Ол білім аңсаған жастарды бауырына тартып,үлкен өмірге қанаттандырып,сөйтіп талай түлектердің қазіргі жетістік –дәрежелеріне кәусар бұлақ көзіндей бастау алған құт дарыған Қостанай өңіріндегі бірден-бір әрі бірегей білім ошағы болған.

Сонау 1940 жылы құрылған Меңдіқара педучилищесі 1974 жылы кеншілер қаласына көшірілді. 1949 жылдан қазақтың көрнекті педагогі және ағартушысы Ы.Алтынсарин есімін иеленді.Бүгінде Рудный әлеуметтік –гуманитарлық колледжі деп аталады. Осы жылдар ішінде колледж 12000–нан астам мамандар даярлады.

Қазір мұнда тек Қостанай облысының ғана емес,Торғай,Ақтөбе,Жезқазған,СолтүстікҚазақстан,Оңтүстік Қазақстан,Алматы облыстарының жастары оқып білім алуда.Рудный қаласындағы қазақтың қара шаңырағы атанған оқу орны бүгінде бүкіл елімізге танылған іргелі білім орындарының бірінен саналады.

Колледж түлектері – елімізге және облысқа белгілі көрнекті тұлғалар. Манаш Қабашұлы Қозыбаев, 1947 жылғы түлек, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, бұрынғы Тарих институтының директоры қызметін атқарған; Оразақ Ысмағұлұлы Ысмағұлов, 1950 жылғы түлек, Қазақстан Республикасы ҒА корреспондент – мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының этнология және антропология зертханасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Төлеміс Тілеуқабылұлы Мұстафин, 1945 жылғы түлек, тарих ғылымдарының докторы, профессор болып,ұзақ жылдар бойы қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қызмет етеді; Нина Гавриловна Полтавец, 1952 жылғы түлек, бастауыш сынып мұғалімі, облыс мұғалімдері ішінде жалғыз Социалистік Еңбек Ері (бүгінде құрметті демалыста); Рәбиға Тәуірбайқызы Меңдікенова, 1955 жылғы түлек, Абай атындағы АлМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы, бастауыш сыныпқа арналған орыс тілі пәнінің жаңа үлгідегі оқулықтар авторы және тағы басқалар.

Шіркін, зымырап, зырлап өтіп бара жатқан уақыт-ай.Күні кеше ғана есігін айқара ашқан білім ордасының төл тарихының тамыры тереңге тартты.

Өткен өмірге көз жүгірте отырып,оның жарқын тұстарын еске алудың өзі бір ғанибет емес пе! Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген екен. Сондай ұлықтауға да ұмытпауға да тұрарлық ,ұстаздық қасиет өн бойынан табылатын жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде айрықша орны бар ұстаздардың ұстазы деуге лайық аталмыш оқу орнына көп жылдар бойы басшылық еткен халық ағарту ісінің озаты,Ы.Алтынсарин меделінің иегері Д.Е.Сүймеков жайлы сөз қозғамақшымыз. Ол бала кезден ұстаз болуды армен етті. Ұстаз жүгі – ауыр жүк. Сол ауырлықты әп дегеннен-ақ еңсесін тіктеп, қасқая көтеретінін, болашақта шәкірт бойына ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіре білетін тәрбиеші, елінің алдында атақ-абыройға кенелетін беделді ұстаз болатынын көреген көз сол кездерде-ақ байқаған.

…Меңдіқара педучилищесіне жоғары білімді маман болып,қайта оралған Д.Е Сүймековтың еңбек жолындағы құтты қадамы 1963жылдан басталады. «Жас келсе іске» демекші, ол бірден өзінің елгезектігімен,еңбексүйгіштігімен көпшіліктің назарына ілікті. Тек сабақ берумен ғана шектелмей,қоғамдық істерге белсене кірісті.Уақытпен санаспай жүріп, оқушыларды фото және кино өнеріне баулыды.Училеще іші Досмағұл шығарған фотосуреттермен көркейіп, көз тарта түсті. Студенттермен бірге Байкал көлі,Мәскеу,Краснодар қалаларына сапар шегіп,жазғы демалысты көңілді де әсерлі ұйымдастыра білді. Осылайша өзінің риясыз,тынымсыз еңбегімен жас маман әріптестерінің құрметіне бөлене бастады.Жауапкершілікті терең сезінетін,өзіне жүктелген істі дер кезінде,тиянақты атқаратын қатардағы мұғалім ұжымының сенімінен шығып,1974жылы оқу ісінің меңгерушілігіне ұсынылды. Іскерлігімен , ұйымдастырушылық қабілетінің ерекшелігімен көзге түскен Д.Сүймеков көп ұзамай сол кездегі білім министрі Қ.Балахметовтің бұйрығымен Меңдіқара педагогикалық училищесінің директоры болып тағайындалды. Содан бері 25 жылдан астам уақыт өтті. Көп жылдар бойы басшылық еткен білім ошағына арнаған өмірі мен қызметі тарих беттерінде мәңгілік қалмақ. Оның туған елге деген ұстаздық қалтқысыз қызметі болашақ ұрпаққа өнеге.

«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы»деген халық даналығы.Жақсының шарапаты тиген,өнегесі дарыған Досмағұл Есләмұлы — жақсы ұстаздан жолы болған жан. Д.Е Сүймековтің тәжірбиелі мұғалім, қабілетті басшы болып қалыптасуына аяулы ұстаздарының ықпалы мол болды. Ол өмірдегі ұлағатты ұстазын -Кәләм Байназарұлын- өмір бойы пір тұтып, жиі еске алып отыратын.К Байназарұлы «Тамаша кісі , оқу ісін 35 жыл бойын басқарған»,-деп айтудан жалықпайтын.Өзі де ұстаз үмітін ақтап, жолын қуды. Соның бір куәсі ширек ғасырдан астам бойы басшылық қызметті адал атқаруы айғақ болары анық. Сонымен қатар Д.Сүймеков өзі жетекшілік еткен педколледжде К.Байназаров атындағы стипендияның тағайындалуына өзі мұрындық болды.Бұл игі істі жақсы шәкірттің үлгі тұтқан ұлағатты ұстаз еңбегін ескеріп , есімін құрметтеу деп түсінемін.

Өзінің биік парасатымен, терең білімділігімен, жан-жақты біліктілігімен өзгелерден оқ бойы озық тұратын Досмағұл ұстазды шәкірттері жақсы көріп, құрмет тұтып сыйлайды.

Аса жігерлі ,қайратты,еңбекқор жан.Кез келген істе алғырлық танытып жас маманға бағыт бағдар беріп, өз көмегін еш аяған емес. Ол талай таланттың дарынын шыңдап,жақсы азамат болып қалыптасуына сүбелі үлес қосты.Қашаннан қиындыққа мойымаған білікті басшы нарық қыспағынан шығудың да амалдарын қарастырып,оқу орнын жаңа белестерге жеткізді,республикаға танытты. Білікті басшы Досмағұл Есләмұлының көздеген мақсаты аталмыш оқу орнын қай жағынан болсын,жаңа мазмұнмен байытып, ілгері бастыру болды. Халық игілігі үшін еткен еңбек өз жемісін берді.

Колледж оның екінші үйі, тіпті өмірі десек те болады.Жетістікті де,кемшілікті де байқағыш, талап қойғыш.Қай сауалға болсын тосылмай жауап табады. Мамандығы математика болса да,жан-жақты кісі қазақ және орыс тілдерінде өте сауатты.Басшылық еткен педагогикалық ұжымнан заман ағымына сай, өмірге бейімделе еңбек етуді талап етті. Сөз емес, істің адамы.Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізген Досмағұл ұстаздай ұстаздардың өмірі де өнеге.

Ол бар күш-жігерін ,бойындағы мейірімділік пен сүйіспеншілікті алыс ауылдан білім іздеп келген қазақтың қара көз балаларынан еш аямады.Демек, жас күнінен еңбекке ілінген жарты ғасыр ғұмырында қаншама шәкірт тәрбиелеп,үлкен өмір жолына аттандырып салса,ұстаз ағаның өмірінің жалғасы солар емес пе?!. Осылайша ес білгеннен бергі жан дүниесімен беріле істеген еңбегі де,қызметі де болашақ маман тәрбиелеу ісіне арнаған Досмағұл Сүймековті «Ұстаздардың ұстазы»деген үлкен әріппен өрнектеп абыройлы атқа,халық құрметіне әбден лайықты деу заңды-ақ.Орыстың көрнекті педагогі , даңқты ұстаз К.Д. Ушинскийдің: “Егер еңбекті таңдап алуда Сіздің жолыңыз болса және осы жолда өзіңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз” деген орамды ойы еске түседі. Рас сөз! Ұстаздық жолға бар өмірін арнаған Досмағүл Есләмұлы да бақытты жан! Бұл күнде зейнеткерлік демалысқа шыққан қарт, данагөй ұстазДосмағұл Есләмұлы Сүймековті халық құрметтейді.Соның бір айғағы-70 жасқа толған мерейтойында ҚР «Құрметті білім қызметкері»атағына ие болып,»Рудный қаласының құрметті азаматы»атағын иеленуі.Енді міне таяуда Досекең туралы әріптестері мен бұрынғы шәкірттерінің естеліктері жинақ кітап болып шықпақшы. қазақстанның болашағына кәміл сенеді. Досмағұл Есләмұлы Сүймеков қандай құрмет атаққа болса да лайық деп санаймын.Лайым,осындай өмірі өнеге азаматтарымыз аман болғай !

СТАТЬЯ .doc

«Ұстаздардың ұстазы»: 12 комментариев

  1. Мақала жақсы жазылған. Маған өте ұнады. Ұстаз атаулыға бас иемін.

  2. мақаланың тілі жеңіл, көркем жазылған.Оқып отырып Сүймеков Д атамыздай ұстаздар көбейе берсін деген ой келді

  3. Мақаланы оқып отырып ұлағатты ұстаз еңбегінің ешқашан ұмытылмайтындығын түсіндім.

  4. Бар ғұмырын ұстаздыққа арнаған ұлағатты ұстаздарымыздың есімі ел есінде! Мақала авторына рахмет

  5. Мақала жақсы жазылған. Маған қатты ұнады. Бізге білім нәрін сусындатқан ұстаздарымызға бас иеміз

  6. Мақала өте жақсы жазылған. «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау», дегендей өте керемет мынадай мақаланы қолға алып жазған авторға көп рахмет

  7. Өте тамаша жазылған,маған өте ұнады. Жоғарыда жазылғандарды жиі оқып тұру керек екен және өзіне керектісін пайдалану керек, Шынын айтсам алып қосарым жоқ. Авторға үлкен алғысымды білдіремін!

  8. Мақала маған қатты ұнады. Мен де ұзтаздарыма шексіз алғысымды білдіремін.

    1. Мақала жоғарғы дәрежеде жазылған. Ұстаздарды сыйлау біздің міндетіміз.

  9. макала оте керемет жазылган, соз шеберлиги оте жаксы коринип тур.ер есими ел есинде демекши осындай устазды умытпай, еске алып отырган макала авторына рахмет!!!

  10. оте ерекше жазылган макала , маган катты унады. Макаланы жазган авторга шексiз ризамын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.