§12. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен да муы

БҚО, Зелёнов ауданы,
Володар жалпы орта білім беретін мектебі.

Меңдіғали Индира Сағынғалиқызы

Сыныбы:6 «А»

Сабақтың тақырыбы: §12. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы

Мақсаты: Темір дәуіріндегі Қазақстанның тарихын,мал шаруашылығы жайлы толық мағлұмат беріп толықтыру.

Білімділік: Темір дәуіріндегі тұрғындардың отрықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысуы,тебіндік жайылым,төрт түлік мал туралы түсінік бере отырып,оқушылардың білімін арттыру

Дамытушылық:Оқушылардың ой өрісін,қабілетін дамыта отырып,жаңа тақырыпты меңгерту.

Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту

Пәнаралық байланыс: география,әдебиет

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

А) сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу

Б) оқушылардың зейінін аудару

ІІ.Үй тапсырмасы

Тарихи сынақ хат

1. Адамзат баласы тарихының ежелгі………, …….. бөлінеді.Олар:……….., …………, ………… .

2. Біздің еліміздің тарихында темір дәуірі ………. …………… ,ғасырға дейінгі аралықты қамтиды.

3. Б.з.б 8 ғасыр көптеген ………. …. темірді ашу және ……… пайдалану кезеңі болды.

4. Ертеде темір қарапайым тәсілмен, ……..-….. өндірілетін.

5. Темір алу үшін кемінде ……. …….. …….. қызу қажет.

6. Шикі темір қиыршықтарын ……. …….. , қып-қызыл шала балқыған күйінде ……. …….. , ………. …………., біріктіріп …….. сом темір алған.

Кім жылдам….

Сұрақ- жауап

• Қола дәуіріндегі адамдарды қалай жерлеген?

• Қола дәуіріндегі адамдардың қайтыс болған адамдар туралы діни көзқарастары қандай?

• Қайтыс болған адамның қасына не үшин еңбек құралдарын қоса көмген?

• Абыз кім және оның коғамдағы рөлі кандай?

• Қола дәуіріндегі адамдар неге табынған?

• Қазақстан жерінде қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым?

Суретпен жұмыс. Қола дәуіріндегі қыш ыдыстар қоладан жасалған құмыралар тақырыбы

Адамзат дамуының тарихи үш кезеңі

Тас дәуірі Қола дәуірі Темір дәуірі

Б.з.б 5мыңжылдықта жаңа тас ғасыры неолитте тас өңдеу неғұрлым биік деңгейге көтерілді. Бұл кезеңде адамдар тасты жылтыратуды, тегістеуді үйренді. Еңбек құралдарының жаңа түрлерін үккіш келі, балта, қайланы т.б ойлап тапты. Бұл дәуірде адамзат металл өңдеуді игерді.Қола табиғатта таза күйінде кездеспейді. Ол мыс пен қалайының қосындысы. Қазақстан жеріндегі қола дәуірі б.з.б 2 мыңжылдық-б.з.б 8 ғасыр аралығын қамтиды Адам баласы темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңді темір дәуірі деп атайды.

Ерте темір дәуірі б.з.б

8 ғасырдан б.з-дың 5 ғасырына дейінгі аралықты қамтиды.

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқушыларға жұмбақ жасырып шешімін табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын жазамын

1. Ата-бабам ежелден, айналысты бұл дәстүрмен

2. Атадан …….. қалғанша, тал қалсын!

3. Еңбектенсең кәсіп болар,берекелі нәсіп болар

4. Басында жай басталар,бірте, бірте шыңға шығар

Жауабы :

Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы

Жоспары:

1. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы.

2. Отырықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысу

3. Тебіндік жайылым

4. Төрт түлік мал

Көшпелі мал шаруашылығы

Себептері

1. Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын шашын азайды.егіншілікпен шұғылдану қиындады

2. Ат абзелдерін жетілдіру жылқыныкөлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді

3. Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті

Көшпелілік –тарихи тұрғыда қалыптасқан шаруашылық мәдени әлеуметтік жүйе

Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы –терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.

Жүк көлігі ретінде пайдаланады.жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.

Тебіндеп жайылуына икемсіз, сондықтан оларға жемшөп әзірлуді қажет етеді.

Көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді.

Олар суық пен ыстыққа төзімді.

4. Жаңа сабақты бекіту.Ой қорыту

Сәйкестігін тап:

Түйелер Жүк көлігі ретінде пайдаланады.жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.
Қойлар Көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді.

Олар суық пен ыстыққа төзімді

Жылқылар Суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады
Сиырлар Тебіндеп жайылуңа икемсіз, сондықтан оларға жемшөп әзірлеуді қажет етеді. .

Тест тапсырмасы

1.Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың темірді ашу және кеңінен пайдалана бастаған кезеңі

А) б.з.б 4мыңжылдық

Ә) б.з.б 5-3 мыңжылдық аралығы

Б)б.з.б 1 мыңжылдықтың соңы

в) б.з.б 8 ғасыр

2.Ертедегі темір өңдірудің қарапайым тәсілі

А) домна пеші

Ә) пеш көрік

Б) қазандық

в) мартен пеші

3 Ежелгі Қазақстан тұрғындарының көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға көшу себебі

А) көрші халықтардың ықпалымен

Ә) климаттың өзгеруінен

Б) жаңа еңбек құралдарының пайда болуынан

в) ежелгі Қазақстан тұрғындары көшпелі мал шаруашылығымен айналыспады.

4. Батыс Қазақстанның шөлді аумақтарында өсірілетін түлік

А) сиыр

Ә )жылқык

Б) түйе

в) ешкі

5. Тебіндеп жайылуға икемсіз, жемшөп әзірлейтін түлік

А) сиыр

Ә )жылқык

Б) түйе

в) ешкі

Венн диаграммасы

ІҮ. Үйге тапсырма

§12 . Көшпелі мал шаруашылығы

Үрлеу әдісімен шикі темір қорытатын қазандық.Суретке әңгіме құрастыру

Ү.Оқушыларды бағалау

ашықққққ 6666666.ppt

Пікір қалдыру

Электрондық поштаңыз жарияланбайды.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.