Алматы облысы, Сарқан ауданы, Екіаша ауылы, Екіаша орта мектебінің
10 сынып оқушысы Тасыбек Гулзат
Жетекшісі: Шарова Жулдыз Ондрысовна
Әлемде күтпеген өзгерістер ешкімге оңай тиіп жатқан жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы короновирус инфекциясының таралуын пандемия деп танығаннан бастап дүрбелең одан сайын күшейді. Бұл індет Қазақстанды да айналып өтпеді. Тарихқа көз жүгірсек үнемі бірлік танытпай, құмалақтай шашылған ел ақыр соңында алауыздықтың салдарын тартып жатады.Дәл осындай жағдай орын алмас үшін халықты бір мақсатқа жұмылдыру үлкен рөл атқарады. Бұл ел бірлігі сынға түсетін нағыз уақыт. Осындай аз ғана уақыттың ішінде әлемде болып жатқан жағдайға талдау жасай алдық. Сондықтан бұл оқиғаға рухани тұрғыдан дайын болдық. Енді оны іспен дәлелдейтін уақыт жетті. Ол үшін бастысы өзіңіздің ел алдындағы, әлем алдындағы жауапкершілікті сезіне алуыңыз керек. Ел басы мемлекеттің тұтастығын көздеп, мақсатын айқындап, даралық танытып, « BizBirgemiz!» ұранын халыққа жебеу етті. (далее…)



