БІЗ ҰСТАЗДАР ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІЗ
Құрметті Ұстаздар! Ұстаздар үшін ашылған республикалық 45minut.kz басылымының ресми ақпараттарымен таныс болыңыздар. Редакция алқасы жазғы демалыстан кейін қалыпты жұмысын жалғастырады.
Жазғы демалыстардан кейін оқу жылы басталуы қарсаңында Ұстаздар үшін редакция тарапынан атқарылатын қызметтерімізде жұмыс жоспары нақтыланып, өткен жылдардың тәжірибесіне сай жұмыстар нақтыланды. Атап айтқанда, қызмет көрсету сапасын арттыру және тиімділігін нақтылау мақсатында жанашыр Ұстаздардың ұсыныстары ескерілді. Редакция жұмысына жанашыр ұстаздарымыздың болуы Ұстаздар үшін атқарылатын қызметтерімізде ерекше ынта сыйлайды және сапалы қызмет атқаруға талпындырады.
Редакцияның жаңа жұмыс жоспарымен таныс болыңыздар:
-
Материалдар жарияланымы және сапалылық деңгейі.
Редакцияға келген материалдар тұрақты түрде www.45minut.orgwww.metodist.kz және де өзге де ресурстарда тұрақты жарияланады. Жарияланған материалдарға сертификаттар беріледі. Жарияланған материалдардың сапасын арттыру мақсатында жанашыр ұстаздар ішінен ақылдастар алқасы құрылып, үздік материалдар топтама, газет материалдары ретінде тегін жарияланып отырады.
-
Сертификаттар, топтамалар, әдістемеліктердің уақытылы әзірленіп, жеткізілуі.
-
Сертификаттар, топтамалар, әдістемеліктер уақытылы әзірленіп, тапсырыс берушіге жеткізілуі үшін аймақтық тілшілерге редакция атынан арнайы мөр (печать) және тиісті жағдайы жасалады. Сертификаттар жергілікті жерлерде әзірленеді. Әрбір сертификат, топтама, әдістемеліктер нөмірленіп, сертификат алушылар тізімі сайттарымызда жарияланып тұрады.
-
Ұстаздар еңбегін жинақтаған үлкен топтамалар халықаралық ISBN нөмірімен ғана баспаға шығады.
-
Газет, журналға материал жариялану үшін әрбір нөміріне материалдар топтастырылады. Материалдар жинақталып тұрақты түрде апта сайын баспадан шығарылады.
-
Редакция тілшілерінің жаңа құрамы және аймақтық тілшілердің ерекше мәртебелері
2014-2015 оқу жылына арналған тілшілер құрамы жасақталуда. Тұрақты тілшілер тарапынан аймақтық тілшілер жасақталады. Әрбір аймақтық тілшімен жеке келісім шарт жасалады және жеке мөр (печать) тапсырылып, құқықтық, азаматтық, авторлық жауапкершілік бойынша тұрақты қызмет атқарады. Материалдарды қабылдап алып, жарияланымға тікелей жіберіп отыратын мүмкіндік қосылады. (Өткен уақытта тілшілер материалды қабылдап алып жарияланым үшін редакция почтасына жіберіп, редакция тарапынан тексеріліп, сосын жарияланатын. )
-
Тілшілер үшін басты талап өз аумағында редакция бағытына сәйкес қызмет атқару, білім мекемелерімен тұрақты байланыс орнату. Білім мекемелерінің жаңалықтарын тұрақты жариялап отыру.
-
Оқушыларға арналған жеке ақпараттық онлайн ресурс
Оқушылар шығармашылығы, ғылыми жобалар үшін жеке ақпараттық онлайн ресурс ашылады. Оқушылар сайтында білім мекемелеріндегі оқушылар жетістіктері, ғылыми жобалар, оқушылар шығармашылығы жарияланады. Оқушылар үшін сертификаттар тегін. Оқу жылы соңында үздік оқушылар марапатталады.
-
Ұстаздарға арналған «Жаңа білім жаңа ғасыр» конкурсын жалғастыру және онлайн негізге оңтайластыру
Республика бойынша ұйымдастырылған «Жаңа білім жаңа ғасыр» конкурсы бірнеше облыстарда іріктеу сайыстары өткізілді. Өзге облыстарда әзірлік жұмыстарының қиындығына байланысты өткізе алмадық. Дегенмен, негізгі бағытымыздан ауытқымастан, биылғы жоспарымызда да конкурсты жалғастырамыз деп шешім қабылдадық. Конкурстың мақсаты бойынша Интернет арқылы тіркелген ұстаздар өз еріктерімен қатысуы негізгі шарт болды. Бірақ, өкінішке орай, Интернет арқылы тіркелген ұстаздарымызға конкурс шарттарын толық түсіндіре алмауымыз себепті ұйымдастыру жұмыстары тиісті деңгейінде бола алмады.
Конкурс ұйымдастыру бойынша тәжірибемізге сүйеніп жоспар бойынша конкурс үшін жеке танымдық сайт ашылатын болып шешімге келдік. Сол сайтта барлық ақпараттар жарияланып отырады. Және тұрақты түрде ай сайын жиналған материалдар бойынша конкурс нәтижелері жарияланып отырады. Ал, оқу жылы соңында жанашыр ұстаздар тарапынан жинақталған іріктеу комиссиясы таңдауымен жылдық қорытынды сайысқа қатысуға жолдама алады. Қорытынды сайыс шығармашылық концерт түрінде өткізіліп, ол жерде конкурстың жылдық қорытындысы, редакцияның жыл бойынша атқарған жұмыстарының қорытындысы, үздіктер марапаттауы жүзеге асады.
Конкурс болашақта үлкен жобаға айналады деген үмітпен барлық ұстаздарымызды қатысуға шақырамыз.
-
Іс-тәжірибе алмасу бағыты бойынша жаңа ақпараттық, білім беретін ресуртармен шығармашылық байланыс орнату
Ғаламдық жаһандану кезінде ұстаздарымыздың шығармашылықтарын кеңінен тарату мақсатында халықаралық деңгейде қызмет атқарып, басқа республикалармен де шығармашылық байланыс орнатуды жоспарлап отырмыз. Ресей сайттарымен байланыс орнатып, материалдарды ресейлік интернет ресурстарда да жариялануына, сертификат алуына мүмкіндік жасалады.
БІЗ ҰСТАЗДАР ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІЗ! атты хабарландыру, ұсыныстарыңыз орынды, себебі Қазақстанының жер жеріндегі, түкпір-түкпірінен ұсыныс жасалған мұғалімдерге, оқушылар мен студенттерге, ата-аналар мен мектеп ұжымына керекті дүние ретінде қарастырылған тиімді жағдай, шешімді ұсыныс, оңтайлы әдістер болар еді деп ойлаймын! 50 мыңнан астам қолдаушыға ие 45 минут сайты 20 мыңан астам 45 минут газетінің асар белесі, бағындырар биігі мен болашағы зор үміт күттіреріне сенімдімін! 45 минут сайты мен газетінің редакциясынан берілген сертификаттар мен әдістемелік жинақтар Республикалық деңгеймен қатар Халықаралық қолдауға ие болып келеді. Оны мойындау керек деп есептеймін! 6 жыл бойы тілшілік еткен сәтіннен, күні бүгінге дейін түрлі оқу-семинарлармен конференциялар, бағыт-бағдар, әдіс-тәсілдердің негізінде жасақталған сайттың бәсекелестікке нық сеніммен қадам басып отыратындығы, жаңашылдықпен көзқарастарының нәтижелі болып келетіндігі аян!!! Сайттың ұстаздар мен оқушы жастарымзға, мектеп ұжымымен, ата-аналардың қолдауына сәтті болып отырады, оның дәлелі ретінде әр бір шығармашылық жұмыстар мен әдістемелік көмектердің беріліп келетіндігі айқын көрініс тауып отыр. Сонымен қатар, басты өлшем ол іс-тәжірибе алмасуға бағтталған сенімді боларына сенімді екендігін көріп келемін. Рахмет.