Жаңа сабақтар

COVID – 19 вирусы және сақтану жолдары

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алға ауылы

«Алға орта мектебі» КММ 5 «А» сынып оқушысы

Төлепбергенова Аяна Дәуренқызы

Жетекшісі: Умбетова Ғалия Тимукуловна

Коронавирус ауруының пандемиясы күн сайын өршіп барады. COVID-19 вирусының шығу тегіне байланысты ақпарат өте көп.

Коронавирус ауруының пандемиясы туралы не білемін? Коронавирус ауруының пандемиясы 2019 жылы, желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласының тұрғындары түсініксіз пневманияға шалдыққаны анықталған кезден басталады екен. Аталған вирус адамдарда COVID-19 деп аталатын инфекциялық ауру тудырады. Оның негізгі сипаты–өкпені зақымдауында. Вирусты жұқтырған адам еркін тыныстай алмайды, жөтел қысып, ыстығы көтеріледі. Бұлшық ет ауырады, іші өтіп, әлсіздік пайда болады. Алайда аталған сипаттамалар кәдімгі тұмауға ұқсағанымен, COVID-19 коронавирусының инфекциясы әлдеқайда қауіпті. Ауру туралы негізгі ақпаратты аурудың белгілерін, асқынуларын, оның қалай берілетіндігі және оны басқаларға таралуын қалай тоқтату керектігін түсінуіміз керек.

  1. Коронавирустың белгілері қандай?

Коронавирустың белгілері өткір респираторлық инфекция мен тұмау белгілеріне ұқсас болып келеді:

  • Түшкіру
  • Әлсіздік
  • Бас ауру
  • Дене қызуының көтерілуі
  • Тамақтың жыбырлауы
  • Кеуде қуысының ауыруы
  • Жүрек қағысының жиілеуі
  • Тыныс алудың жиілеуі
  1. Коронавирусқалай таралады?

COVID-19 вирусы екі түрлі жолмен таралады:

  • Жөтелгенде, түшкіргенде, ауру адаммен сөйлескенде ауа арқылы
  • Тұрмыстық заттар арқылы
  1. Коронавирустың алдын алу жолдары қандай?

Ең алдымен, әрқайсымыз санитарлық гигиена талаптарын сақтауға міндеттіміз. Көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартқанымыз жөн болар. Қолды жиі-жиі сабындап жуып, арнайы антисептикалық құралдарды пайдалануымыз керек. Үйімізді (жұмыс орнымызды) таза ұстауға тырысуымыз керек: жиі-жиі сумен жуып, ауаны тазартып отырғанымыз дұрыс.Түшкіргенде, жөтелген кезде мұрнымыз бен аузымызды бір реттік сулықтармен жабуымыз керек. Ортақ тұрмыстық құралдарды пайдаланбағанымыз жөн болар.

    1. Коронавирус белгілері неше күнде білінуі мүмкін?

Вирус жұққан күннен бастап 14 күннен 28 күнге дейін біліне бастайды.

    1. Коронавирус жұқтырған адамның отбасы мүшелері не істеуі керек?

Вирус жұқтырған адамның отбасы мүшелері міндетті түрде анализ тапсыруы тиіс. Дәрігерлер тест нәтижесіне қарап оны ауруханаға жатқызу немесе сырқат белгілері болмаған жағдайда үй жағдайында карантинге орналастыру жөнінде шешім қабылдайды.

    1. Коронавирустан қалай емделеміз?

Кез-келген ауру сияқты коронавирусты да емдеудің белгіленген тәсілдері бар. Нақтырақ айтқанда, вирусқа қарсы әрекет ететін арнайы препараттар мен жеке гигиена талаптары қолданылады.

    1. Коронавирус жұқтырғанда үйде емделуге бола ма?

Бұл әр адамның жеке жауапкершілігіне байланысты мәселе. Ауырған адам үй жағдайында карантинге жабылған жағдайда дәрігердің талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс. Карантинге жабылған азаматтардың ешқайда шығуына болмайды. Гигиена талаптарын сақтап, бетперде киіп жүрсе, жеке ыдыс-аяқ пайдаланса, қолын сабынмен жуып, зарарсыздандыратын құралдарды қолданса, бөлменің ауасын жиі жаңартып отырса – вирусты отбасы мүшелеріне жұқтыру қаупі төмендейді.

    1. Карантин неше күнге созылады?

Карантин 14 күнге созылады. Кейін пациенттер емхана дәрігерлерінің бақылауында болады.

    1. Ауырмаған адамдар бетперде киюі қажет пе? Вирустан қорғану үшін қандай бетперде киген дұрыс?

Дәріханаларда сатылатын кәдімгі үш қабатты бетперде вирустан қорғануға жеткілікті немесе респираторлық бетперделерді пайдалануға болады.

    1. Аурудың алдын алу үшін қандай дәрумендерді ішкен дұрыс?

Арнайы дәрумен қабылдаудың қажет жоқ. Қазір дұрыс тамақтанып, жеміс-көкөніс жеген дұрыс. Қоғамдық жерлерден тамақтанбай, үйдің тамағын жеу қажет.

Осы бір дерттен аман қалу үшін халық арасында ауызбіршілік пен қатаң тәртіп аса маңызды.Бүгінгі таңда барлық қазақстандықтардан не талап етіледі? Бірінші кезекте, қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындау.

Сөзімді қорытындылай келе бұл індетпен барлығымыз бірге күресуіміз қажет. Барынша үйден шықпай, аурудың алдын алып отырайық!
Біздің елде барлық іс-әрекеттер жасалып, ондай ушығуға жол берілмейді деп ойлаймын!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.