Жаңа сабақтар

Ғарышқа сапар. Ғғ дыбысы және әрпі

ШҚО, Өскемен қаласы «М.Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі» КММ

Нурахманова Айжан Муратханқызы

Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

МАД «Д » Тәрбиеші: Нурахманова А.М Мектеп: «М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ Уақыты:27.01.2020ж
Тақырыбы Ғарышқа сапар. Ғғ дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты Білімділігі: Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра отырып, «Ғ» дыбысының айтылу артикуляциясын меңгерту.
Дамытушылығы: Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасату, жаттығуларды орындату арқылы қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелілігі: Ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыта отырып шығармашылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап. СТО технологиясының стратегиялары.
Көрнекіліктер Үлестірмелі суреттер, плакат т.б
Іс-әрекет кезендері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Психологиялық ахуалды қалыптастыру -Балалар кәне бәріміз амандасып алайық.

Алақанды ашайық,

Күннің көзін жасайық.

Таза ауаға қол сермеп,

Жүрек жылуын шашайық.

Мейірімділік шоғын біз,

Қонақтарға шашайық.

Сәлеметсіздер ме?

Здравствуйте?

Сооd moring?

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.
Ұйымдастыру іздестіру

Жаңа сабақ

-Балалар,қазір қандай оқу қызметі?

Өткен сабақты еске түсіру.

-Балалар ,өткен сабақта қандай әріптермен танысып едік?

«Сөз ойла ,тез ойла»ойыны

Ойында балалар өткен әрпітер кездесетін сөздерді тауып айту керек.

Аа,Нн,Тт,Уу,Рр,Сс,Ыы,Іі,Ққ,Кк,Шш,Лл,Мм,Оо,Дд,Ұұ,Үү,Й

Мадақтау. Тамаша!

Өлеңді оқу.Балалар өлеңді тыңдайды.

Ғарышқа сапар

Ғаламат ерлік көп қандай,

Ғажайып неткен ел еді!

Ғарыштан келген Тоқтардай

Ғарышкер болғым келеді.

Е. Дүйсенбайұлы.

Өлең кім туралы ,не туралы?

Слайдтан сұраққа сәйкес суретін көрсетіп отыру.

-Аспанда нелер болады балалар?

-Дұрыс айтасыңдар ,ал зымыран бізге не үшін қажет?Зымыранмен кімдер ұшады?

Зымыран ұшатын жерді не деп айтамыз.

-Қазақстаннан алғаш ұшқан ғарышкерлер-Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев.

Олар ғарышқа ұшып зерттеу жұмыстарын жүргізді.Бұл кісілер еліміздің мақтаныштары.Олар –ержүрек ,батыр,халық қаһармандары.

Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін,білімді ,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.

-Сендер ғарышқа ұшқыларың келе ме?

Балалар ғарышқа сапар жасау үшін бізге арнайы киім керек.Оны кию көп уақыт алады екен.Сондықтан сабақтағы уақытымызды үнемдеу мақсатында бұлжолы ғарыштың қызықты тапсырмаларын ғана орындайтын боламыз .

-Тоқтар ағаларың сияқты сабақты жақсы оқып,ғарышкер болғыларың келе ме?

Балалар олай болса тыныш отырып,мұқият тапсырманы орындаймыз.

1-тапсырма .

-Сендердің алдарыңда қима суреттер бар ,сол суреттерді құрасытыра отырып,топтың атын білетін боламы

1-топ Күн –Солнце-Sun

2-топЖұлдыз-Звезда-Star

3-топ Ай-Луна-Moon

4-топ Жер-Земля-Earth

Жарайсыңдар ,балалар!

2-тапсырма.

Топтарға сұрақ қою.

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар ше?

-Дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

Жарайсыңдар!

3-тапсырма

-Балалар мына суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

Жұмбақ.

Зымыранмен ғарышқа ұшады

Жұлдыздарды зерттейді,

Бұл кім?

Ға-рыш-кер сөзінде неше буын бар?Алақанымызбен шапалақтап көрсетеміз.

-Олай болса бүгінгі өтетін оқу қызметіміз тақырыбы

«Ғ» дыбысы мен таңбасы яғни әрпі.

Ғ дыбысын тақтаға іліп таныстыра отырып қасиетін сипаттау.

Мыс:Ғ дыбысы мен әрпі сөздің басында немесе ортасында кездеседі.Сөздің аяғында мүлдем кездеспейді .Ғ дыбысы кедергіге ұшырап қысқа айтылады.Олай болса қандай дыбыс екен?

-Балалалар ғарышкер туралы кім, не біледі?

Аспан ,аспан арайлым,

Аспанға көп қараймын.

Мен ғарышкер боламын.

Керемет!

3-тапсырма

Педагог суреттер бойынша дыбыстық талдау жасатады.

б а ғ д а р ш ы
ғ а л а м
ғ а р ы ш к е р

4-тапсырма.Суретпен жұмыс.

Ұшатын ,ұшпайтын қасиеттеріне қарай заттарды бір-бірімен сызу.

Дыбыстық талдау.

«Кім шапшаң?»ойыны.Төрт топтың балалары бір –бірден шығып талдау жасайды. Таға,торғай,қарға,ағаш.

Ғ-ұяң дауыссыздыбыс.

Үйреніп ал «Ғ»-ны,

Сұра, болса ағаң.

Көріп пе ең шалғыны,

Аумайды ол содан.

Ж.Әбдірешов.

Тақтадағы суреттерге қараңдаршы Ғ әрпі неге ұқсайды. (Тақтадағы суреттерді Ғ әрпімен салыстырып, шалғыға ұқсайтынын табады)

Берілетін ұғым: Ғ әрпінің таңбасымен танысады,

Шалғының суретімен таныстырып кету.

Ауада балалармен бірге жазып көрсету. Тақтаға бормен жазу.

Тіл ұстарту жаттығуы.

Ға-ға ,аға ат тағала.

Тамаша!

Ға –ға ,қарқылдайды қарға.

Берілетін ұғым: Ғ дыбысы келетін сөздермен танысады, буынға буын қосу арқылы ғ дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін үйренеді, дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін ажыратады

5 –тапсырма.Топпен жұмыс

1-топ . Әріптерді шашып тастау ,сөз құрастыру.Ағаш,Таға.

2-топ. «Ғ»әрпі кездесетін суреттерден сөйлем құрап

айту.Ғарышкер,сырға.

3-топ. «Ғ» әрпі бар сөздерді тауып жапсыру.Ортаға плакатқа ғ әрпін жазып жан –жағына ғ әрпі кездесетін суреттерді жапсыру.

4-топ.Сурет бойынша сөз құрау.

С

Тамаша!

Балалар сурет қиындыларынан қрасытырып жапсыру арқылы топтарыны атын айтады.

Жұлдыз-звезда

Ай-луна

Күн-солнце

Жер-земля

Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

Түсінгендерін айтады.

Слайдты тамашалайды.

Күн,ай,жұлдыз.

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.

-Ғарыш айлағы.

Балалар өз ойларын айтады.

Балалар қиындылардан шыққан суреттердің үш тілде не екенін топтың қалай аталатынын айтады.

Берілген сұрақтарға топтар жауаптарын береді.

Ға-рыш-кер.

Буынға бөледі.

Өздері білетін өлеңдерді айтады.

Дыбыстық талдау жасайды.

Тапсырманы тақтаалдына шығып орындайды.

Шалғыға ұқсайтынын айтады.

Ауада жазады.

Мұғаліммен бірге қайталайды.

Топтық жұмыстарын орындайды.

Сергіту сәті Әли мен Аия мультфильмінен үзінді.

«Мен ғарышкер боламын» әні

Оқушылар әнді қимыл-қозғалыспен орыындайды.
Рефлексивті — түзетушілік 7-тапсырма Дәптермен жұмыс. Сендер үлкен болғанда ғарышкер болам деген балалық армандарың үлкен азамат болғанда орындалады деп сенемін, ол үшін білімді болуымыз керек. Білімімізді әліппе- дәптер тапсырмасын орындаумен сынап көрейік.

-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-Ғ әрпі дауысты ма дауыссыз ба?

Балаларды мадақтау.

Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады.
Күтілетін нәтиже:
Білу Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады.
Өзіне үйренгені Жақсы оқып білім алудың нәтижесінде үлкен болғанда арман –мақсаттарына жететінін

Ғ дыбысы бар сөздермен танысып, сөздік қорлары дамиды.

Үйрену Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.