Жаңа сабақтар

Шаманаева Арай Қанатқызы

БҚО, Орал жоғарғы көпсалалы «Болашақ» колледжі

Құқықтану мамандығының арнайы пән оқытушысы

Шаманаева Арай Қанатқызы

Тақырыбы: Құқық түсінігі және негізі

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

Тақырыбы: Отбасы және қоғам

Сабақтың тақырыбы: Құқық түсінігі және негізі.

Мақсаты:

Білімділік: студенттердің мемлекет функциялары бойынша білімдерін тексеру; «құқық» түсінігі, түрлері және мәні туралы анықтама беру, қылмыстың қоғамға қауіпті салдарын түсіндіру.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, ауысша сөйлеу мәнерін жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: студенттерді жауапкершілікке, заңдарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: мұғалімнің түсіндіруі, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыстар: тарих, философия, конституция»

Сабақтың жабдықталуы: мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, нормативтік құқықтық актілер, ҚР Қылмыстық кодекс, тірек-сызбалар, слайд-шоу, есептер, бейнематериалдар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы 2008ж
  2. Баянов А. «Мемлекет және құқық теориясы».

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі 3 мин

1) аудитория мен оқушыларды оқу — тәжірибе жұмысына дайындау;

2) сабақтың тақырыбын таныстырып, мақсатын қою;

II. Үй тапсырмасын сұрау 15 мин

Жеке сұрау.

Заңды терминдер (терминді жалғастыр).

ІІI. Жаңа сабақты түсіндіру 27 мин

Дәріс

ІV. Сабақты бекіту 27 мин

  • Бейнематериалды қарап талқылау
  • Ситуациялық есеп шешу

  • Сөйлемді аяқта (жеке жұмыс)

  • Жорамал диктант: «Фемида»

  • V. Қорытынды кезең:

    1. Бағалау 5 мин

    2.Үйге тапсырма беру 3 мин

    Сабақтың жүру барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі:

    Ұйымдастыру кезеңінде қоңырау соғылысымен дәрісханаға кіріп оқушылармен сәлемдесіп аламын. Жоқ оқушыларды түгендеп журналға толтырамын. Сабаққа дайын екендерін тексеріп, сабақты бастаймын.

    II. Үй тапсырмасын сұрау

    Жеке сұрау.

    Заңды терминдер (терминді жалғастыр).

    ФИО

    Жауаптары « + — »

    Бағасы

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    Патриархалды теория (Р.Фалмер, Н.Михайловский және басқалары) мемлекетті кіші отбасылардың ерікті түрде бір отандық биліктің қоластына бірігуі ретінде қарастырады.

    Теологиялық концепция (Ф.Аквинский, Маритен, А.Августин, Мерсье және басқалары) мемлекетті құдайдың әмірімен пайда болған құрылым деп көрсетеді.

    Қоғамдық келісім теориясы (Т.Гоббс, Б.Спиноза, Дж.Локк, Ж-Ж. Руссо және басқалары) мемлекетті қоғамдық өмір тәртібін және оның ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мақсатында билеушілер мен бағынушылар, жалпы адамдар арасындағы өзара ерікті келісім негізінде пайда болады деп тұжырымдайды.

    Күштеу теориясы (Шан Ян, Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский, Ф.Оппенгеймер және басқалары) бойынша мемлекет ішкі және сыртқы күштердің, жаулаушылықтың нәтижесі ретінде қарастырылады.

    Әлеуметтік-экономикалық теориясы (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин және басқалары) мемлекеттің пайда болу себептерін әлеуметтік экономикалық факторлармен (еңбектің бөлінісі, экономикалық мүдделер, әлеуметтік қоғам қайшылықтары және т.б.) түсіндіреді.

    Психологиялық теория (Л.Петражицкий, Г.Тард, З.Фрейд және басқалары) мемлекеттің шығуын адамның психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді.

    Органикалық теория (Г.Спенсер, Прейс және басқалары) бойынша мемлекет биологиялық организм іспеттес эволюция процесін бастан кешіреді.

    Теологиялық теория — мемлекет пен кұқық Алланың әмірімен

    қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.

    Табиғи теория — бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жок, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік үғымдар деп атайды.

    Тарихи теория — осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құкық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.

    III. Жаңа сабақты түсіндіру:

    Дәріс жоспары:

    1. Құқықтың дамуы, түсінігі.

    2. Құқықтық норманың элементтері

    3. Құқықтық бұзушылықтың құрамы

    4. Заңды жауапкершілік

    1. Құқықтың дамуы-адам қоғамының дұрыс өмiр сүруiнiң негiзгi обьективтiк заңдылықтарының бiрi. Ол — әлеуметтiк нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, дiни нормалары) қоғамның даму процесiнде бiрте-бiрте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттiң өзi қабылдаған, бекiткен құқықтың жаңа түрлерi пайда болды: заң, заңға тәуелдi кесiмдер, шарттық нормалар, заң күшi бар соттың шешiмдерi.

    ҚҰҚЫҚ-мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.

    Құқықтың екi түрлі тұсінігі болады:

    біріншісі — құқықтың обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;

    екіншісі — құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

    Құқықтың негiзгi функциялары:

    Құқықтың реттеу функциясы — нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.

    Құқықтың қорғау функциясы — нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.

    Құқықтық норма-құқықтық норма — қоғамдағы қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн реттеп, басқарып отыратын жалпыға бiрдей мемлекетпен қамтамасыз етiлетiн ереже — қағида.

    1. Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

    Диспозиция- қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі (ҚР Азаматтық кодексінің 482 бабы).

    Гипотеза — диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (ҚР Қылмыстық кодекстің 7-бабы). Гипотезаның жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар.

    Санкция — құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті-анық, баламалы, салыстырмалы.

    Құықықтың нысаны — мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу түрлері, олар:

    1. Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынасында ғасырлар бойы қолданылған, өмірде жан-жақты тәжірибе арқылы қалыптасқан.
  • Құқықтық прецедент — соттың және әкімшілік органның нақты бір істі — мәселені қарап, реттеп, шешім қабылдаған кесімдері басқа істерді, реттеп шешуге негізгі норма бола алады. Бұл шешімдер нормативтік актілердің бір түрі.

  • Нормативтік шарттар — қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады. Мысалы: Германия Федеративтік Республикасы мен Германия Демократиялық Республикасының бірігу шарты, мемлекеттердің арақатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б.

  • Референдумда қабылданған нормативтік кесімдер — заңның бір түрі. Сондықтан бұл кесімдер құқывқтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдум жалпы мемлекеттік түрде және жергілікті мақсатпен өткізіледі.

  • Нормативтік-құқықтық кесім — мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен кесімі. Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігі осы нормативтік кесімдер арқылы реттеліп, басқарылады.

  • Құқықтық қатынастар-құқыққа байланысты, құқық негiзiндегi қатынастар болып табылады. Бұл үшiн бiр-бiрiмен байланысты үш негiз болуы керек:

    1) құқық нормасы;

    2) субъективтiк құқықтар мен мiндеттер;

    3) заңға негiзделген айғақ болуы керек.

    Құқықтық қатынастардың белгілері:

    бұл әлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас;

    ә) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады;

    б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;

    в) бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет;

    г) бұл мемлекетпен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынастар.

    Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады:

    субъект

    объект

    субьективтiк құқық

    заңды мiндеттер

    Құқықтық қатынастардың субъектiсi — жеке адам және заңды тұлғалар.

    Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердiң азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып ұғынылады. Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттiк аппарат — мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекiтiлсе, тiркелсе толық түрде құқықтық және әрекет қабiлеттiлiгi бар деп саналады. Қатынастың субьектiсi болу үшiн олардың құқықтық қабiлеттiлiгi және әрекеттiлiгi қалыптасуы керек.

    1. Құқық бұзушылықтың құрамы:
  • Құқықбұзушылықтың субъектісі-бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқықты әрекетқабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.

  • Құқықбұзушылықтың объектісі-бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік және т.б. жатады.

  • Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы-бұл тұлғаның өз әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл жерде басты категория болып кінә табылады. Кінә дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы.

  • Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қаламаса да, олардың туындауына саналы түрде жол береді.

    Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік және немқұрайдылық.

    4.Құқықбұзушылықтың объективтік жағы-бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады: а) әрекет немесе әрекетсіздік; ә) құқыққа қайшылық; б) зиянды нәтиже; в)

    әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.

    Заңды жауапкершілік

    бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін:

    а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру);

    ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл);

    б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).

    ІV. Сабақты бекіту

    Бейне материалды қарап талқылау: Құқық бұзушылықтың құрамын анықтау.

    1. Келінді алып қашу операциясы
  • Операция Ы

  • Ситуациялық есептегі құқық бұзушылықың құрамын табу.

    Алметова және Гульмутдинова «Маяк» мейрамханасында болған.

    Мейрамхана жабылғалы жатқан кезде Ахунова пальтосын алуға кезекке тұрады. Осы кезде Галиева оған жетон беріп оның пальтосын ала салуын сұрайды. Жетонды алған соң, Алметова Гульмутдиноваға береді, онымен бірге Галиеваның пальтосын ұрлауын алдын ала келіседі. Галиеваның пальтосы және қалпағын ала салысымен Гульмутдинова мен Ахметова такси ұстап, жасырынады.

    Қылмыстың құрамын анықтаңыз?

    Түнгі уақытта ГАЗ-53 автокөлігімен Кенжетаев пен Желбаев Қамысбаевтың фермасына келіп мал ұрламақшы болады. Сиырлар жататын қашарға жақындап, солардың біреуін айдап әкетіп көлікке тиеп алды. Осы кезде қылмыс жасалып жатқан орынға Қамысбаев жүгіріп келіп мылтықтан атқан. Қылмыскерлер сиыр мен көлікті тастап, қашып кеткен, бірақ олар ұсталды.

    Қылмыстың құрамын анықтаңыз?

    Сөйлемді аяқта (жеке жұмыс)

    (Диспозиция)……… қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі.

    (Гипотеза)………. диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек

    (Санкция)…….. құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді.

    Жорамал диктант: «Фемида»

    Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жинтығын ……………………… деп атаймыз.

    Адам тәртібінің конвенционалды нормалары деп ………………….. айтамыз. Құқықтың пайда болуы . ……………………. пайда болуымен байланысты. Мемлекет тарапынан заңдандырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесін ………………. деп атаймыз.

    ………………….. — мемлекеттің негізгі заңы. Нормативтік құқықтық актілерге …………………. жатады.

    Керекті сөздер: Конституция, мемлекет, құқық, заң, нормативтік актілер, әлеуметтік нормалар, мораль

    VI. Қорытынды:

    Бұрыннан білдім

    Бүгін үйрендім

    Білгім келеді

    1. Оқушылардың білімін бағалау

    2. Үйге тапсырма:

    • «Құқықтың шығу тарихы»- туралы қысқаша баяндама
    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы 2008ж
  • Баянов А. «Мемлекет және құқық теориясы».

  • Сапарғалиев С. «Құқық негіздері»

    • Құқық бұзушылыққа байланысты ситуациялық есептер құрастырып келу.

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    Орал жоғарғы көпсалалы Болашақ колледжі

    Бекітемін

    Әдіскер

    ______________Т.М.Дюсенгалиева

    «____» ____________2019 ж.

    Ашық сабақ

    Пәні: «ҚР Конституциялық құқығы»

    Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

    Мамандық: 0201000 «Құқықтану»

    Топ: ҚҚ -209

    Өткізген: құқықтану мамандығының арнайы пән оқытушысы

    Шаманаева Арай Қанатқызы

    Орал, 2019жыл

    Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: ҚР-ның Конституциялық құқық ұғымы, адам және азамат құқығы, ҚР-сы президентінің, парламентінің, үкіметінің конституциялық-құқықтық мәртебесі, сот билігі, конституциялық кеңестің құқықтық мәртебесі туралы мәлімет беру.

    Дамытушылық: төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтай отырып, жаңа сабақпен байланыстырып алған білімдерін жетілдіреді.

    Тәрбиелік: студенттерді заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

    Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы.

    Сабақтың әдіс-тәсілі: «Джигсо» әдісі, «Мәтінмен жұмыс», «Ассоциация» әдісі (СТО технологиясы).

    Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, ҚР-ның Конституциясы, ҚР-ның Конституциялық заңдары, «Құқықтану» оқулық (10-сынып), бейнеролик, А4 бетшесі.

    Сабақтың барысы:

    I.Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин.)

    Психологиялық дайындық.

    Топқа бөлу (түрлі түсті стикерлер арқылы 2 топқа бөлу).

    Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау.

    II. Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин.)

    Үй тапсырмасы жазылған сұрақтар бар карточкаларды әрбір студентке үлестіре отырып, студенттерден жауап аламын.

    1. Норма дегеніміз не? Ж: Норма дегеніміз – бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже.
    2. Нормалардың қоғамда қалыптасқан неше түрі бар? Ж: 1) әлеуметтік нормалар 2) техникалық нормалар.
    3. Әлеуметтік нормалар дегеніміз не? Ж: Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі құрал.
    4. Техникалық нормалар дегеніміз? Ж: Адамдардың табиғатпен, техникамен дұрыс қатынас, байланыс жүргізу ережелері.
    5. Әлеуметтік нормаларға нелер жатады? Ж: Құқық нормалары, моральдық нормалар, саяси нормалар, эстетикалық нормалар, қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже қағидалары, әдет-ғұрып нормалары, салт-дәстүр нормалары, діни, имандылық, инабаттылық нормалары.
    6. Құқық дегеніміз не? Ж: Құқық, ол -мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің жиынтығы.
    7. Нигилизм ол? Ж: қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.
    8. Құқықтың негізгі функцияларына не жатады? Ж: реттеу және қорғау
    9. Реттеу функциясы ол? Ж: нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
    10. Құқықтың қорғау функциясы? Ж: нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тиым салу.
    11. Құқықтық норманың элементтері? Ж: дипозияция, гипотеза, санкция.
    12. Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция дегеніміз не? Ж: 1) Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы: екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. 2) Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. 3) Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.
    13. Диспозиция неше түрге бөлінеді? Ж: 3 түрге: 1) жалпылама түрі; 2) толық айқын түрі; 3) сілтеу түрі.
    14. Мазмұнына қарай нормалар нешеге бөлінеді? Ж: 3 түрге: 1) міндеттеуші; 2) тыйым салушы; 3) ерік беруші.
    15. XYI-XYIII ғғ. Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қандай нормалардан тұрды? Ж: Әдет-ғұрып нормаларынан. 16 ғ. 1 жарт. Қасым ханның «Қасқа жолы» (мүлік, қылмыс, әскери, елшілік, жұртшылық) ерекшелігі – халықтың шариғатқа емес, хан мен билер заңдарына бағынғандығы; 16-17 ғғ. Есім ханның «Ескі жолы» (далалық заңдарға байланысты жасалды) ерекшелігі – елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған; 17-18 ғғ. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» (жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс, құн дауы, ұрлық-қарлық, тонаушылық, куәлік ету мен ант беру) ерекшелігі – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптық ережелер.

    ІІІ.Жаңа сабақ. (5 мин.)

    Жаңа сабақтың жоспары:

    1.Конституциялық құқық ұғымы.

    2.Конституциялық құқықтың қайнар көздері.

    3.Адам құқығы туралы түсінік.

    4.ҚР-сы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің құқықтық жағдайы.

    Құқық жүйесінің басты саласы – конституциялық құқық болып табылады. Конституциялық құқық мынадай маңызды мәселелерді:

    • Қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
    • Мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
    • Адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

    Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталған әдістер арқылы реттейді. Олар:

    • Міндеттеу әдісі(Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті);
    • Тыйым салу әдісі(Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді);
    • Ерік беру әдісі(Біздің елімізде әркім өзінің ана тілін, мәдениетін пайдалануға, қолдануға құқығы бар);
    • Мойындау әдісі(ҚР-да Коснтитуцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі).

    Конституциялық құқықтың қайнар көздері:

    • Конституция;
    • Конституциялық заңдар;
    • Жәй заңдар;
    • Президенттің нормативті жарлықтары;
    • Үкімет қаулылары.

    Конституцияның қабылдану тарихына байланысты бейнеролик көрсетемін.(5 минут.)

    «Джигсо» әдісі. Екі топқа ҚР Конституциясынан бөлім бойынша заң баптарын ұсыну 5 минут талдайды, есте сақтайды және әр топ белсендісі араласып, 5 минут баптарды бір-біріне түсіндіреді.

    1-топқа

    II бөлім Адам және азамат (10, 11, 14, 15, 19, 20, 24, 29, 30, 32, 34, 36, 39 баптар)

    2-топқа

    III бөлім Президент (41, 43, 46, 47 баптар), IУ бөлім Парламент (49, 50, 51 баптар), Y бөлім Үкімет (64 бап )

    «Ассоциация» әдісі (СТО технологиясы). Топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Берілген тапсырмаларды 3 минутта студенттер оқулықтағы материалды оқып, 3 минутта берілген А4 бетшеге ортақ белгілерін түсіріп, қорғаулары тиіс.

    1-топ.

    Құқықтану 10-сынып оқулығы 13-15 беттер аралығы «ҚР-ның азаматтығы ұғымы».

    Азаматтық алу Азаматтығын тоқтату Азаматтыққа қабылдамау
    — тумысынан;

    — ҚР азаматтығына қабылдау нәтижесінде;

    — халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша;

    — «ҚР азаматтығы туралы» Заңда қаралған өзге де негіздер бойынша;

    — ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрса, Қр азаматымен кемінде 3 жыл некеде тұрса.

    — азамат басқа мемлекеттің әскери қызметіне кірсе, қауіпсіздік органдарына, полиция, заң орындарына немесе мемлекеттік билік пен басқарудың басқа органдарына қызметке орналасса;

    — ҚР азаматтығын жалған құжаттар негізінде алған болса;

    — халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша.

    — адамзатқа қарсы қылмыс жасаса;

    — ҚР-ның тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса;

    — ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса;

    — террорлық әрекеті үшін сотталған болса;

    — сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса;

    — басқа мемлекеттің азаматы болса.

    2-топ.

    Құқықтану 10-сынып оқулығы 17, 18,19,23 беттер аралығы «ҚР-ның Президенті, Парламенті, Үкіметінің құқықтық мәртебесі».

    Ерекшелігі Ортақ белгілері Ерекшелігі
    Президент Парламент
    Ерекшелігі
    Үкімет

    Мұғалім сөзі (2 минут)

    1995 жылы 30 тамызда қабылданған ҚР-ның Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады (ашып тоқталу). Оның 1 бабында: Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтәк мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

    IY. Қорытындылау.(3 мин.) Тест сұрақтары беріледі.

    Y. Бекіту (1 мин.) Кері байланыс, кубикті бір-біріне беру арқылы кубиктегі сұрақтарға жауап беру.

    1.Бүгін не қиын болды?

    2.Бүгін алған білімің қайда керек болады?

    3. Бүгін мен білдім.

    4.Сіз бүгін қалай жұмыс істедіңіз?

    5.Бүгін не қызық болды?

    6. Бүгінгі сабақты қалай бағалар едің?

    Үй тапсырмасы.

    ҚР-сы Конституциясының қалған сот төрелігі, Конституциялық Кеңес, жергілікті өзін-өзі басқару бөлімдерін оқып келу.

    YI. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысып отырған студенттерді бағалау және топты бағалау.

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    Орал жоғарғы көпсалалы Болашақ колледжі

    Бекітемін

    Әдіскер

    ______________Т.М.Дюсенгалиева

    «____» ____________2020 ж.

    Ашық сабақ

    Пәні: «Азаматтық құқық»

    Тақырыбы: Отбасы және қоғам

    Мамандық: 0201000 «Құқықтану»

    Топ: ҚҚ -311

    Өткізген: құқықтану мамандығының арнайы пән оқытушысы

    Шаманаева Арай Қанатқызы

    Орал, 2020жыл

    Тақырыбы: Отбасы және қоғам

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: Отбасы және қоғам, жастар туралы, отбасын құру, ұстанымдарын, атқаратын функциясын, тұрпаттарын, отбасындағы қатынастар туралы түсінік беру.

    Дамытушылық: Өмірде кездескен және өз отбасылары туралы түсініктерімен теориялық білімді ұштастыруға,түйген ойларын, ұжымдар мен зандылықтарды игерудегі танымдылық белсенділігін арттыру.

    Тәрбиелік : Оқушыларды жауапкершілікке, адамгершілікке, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға, әдептілікке, сыйластыққа, инабаттылыққа, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарап ізетті болу дағдыларын қалыптастыру.
    Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.

    Сабақтың әдістері: СТО – стратегиясы, ақпараттық, оқытудың құрылымдық логикалық технологиясы

    Сабақтың корнекіліктері: ҚР Конституциясы, «Неке және отбасы» туралы заңы, Бала кұкықтары туралы Конвенция, карточкалар, кестелер, деректі фильм «Қарттар үйі».

    Сабақтың барысы:

    Үйымдастыру кезеңі:

    Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау.

    Сабақтың мақсатымен таныстыру

    Оқушыларды топқа бөлу

    1. Жаңа білімді игеру:
  • Жаңа білімді бекіту:

  • Жаңа білімді пысықтау:

  • Үй тапсырма.

  • Қорытынды.

  • I. Қызығушылықты ояту.

    А) Кестедегі сөздерден мақал – мәтелдерді дұрыс табу

    Отбасы қоғамның ұясы
    Отбасы тәрбие бақыты
    Отбасы махаббат іргетасы
    Отбасы бала көзі

    Б) Мақалдың мән – мағынасына көңіл бөлу

    В) Мағынаны ажырату.

    ІІ. Жаңа білімді игеру

    «Отбасы» – сөзіне ассоциация жасау.

    1а. Отбасын құру.

    – еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;

    – отбасындағы ерлі-зайыптылардың құқықтарының теңдігі;

    – бөгде адамның отбасы ісіне араласуын болдырмау;

    – балалардың отбасында тәрбие алуына және олардың қамына көңіл бөлу;

    – отбасының ішкі мәселелерін келісіп шешу;

    – отбасындағы салауатты өмір салтын қолдау;

    – отбасы мүшелерінің бір-бірінің қамын ойлауы.

    Отбасының атқаратын функциялары:

    – бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету;

    – баланы әлеуметтенуге, қоғамда өмір сүруге дайындау;

    – отбасы мүшелерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.

    2а. «Неке»

    Отбасын құру негізі – махаббат.

    3а. Балалар мен ата-ана құқықтары мен міндеті.

    Ата – ана өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті, тәрбиелеуге құқылы және өсіп – жетілуіне жауапты.

    Ата – аналары балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуіне міндетті. Ата – аналары, әдетте баласы оқитын мекемені баласымен келісе отырып таңдайды. Ата – аналары баласының сабақтан қалуын, мектепте нашар қылық көрсетуін қолпаштамауы тиіс.

    Ата – аналардың балаларды өз бетінше жеке тәрбиелеуге құқығы бар.

    Ата – аналары әр түрлі теріс қылықтардың алдын алу үшін балаларын қадағалап отыруға міндетті

    Баласына патриоттық, имандылық, ұлтжандылық тәрбие беруге міндетті.

    Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ т. б улы затарды қолданбауға, балаға зиян екенін түсіндіруге міндетті.

    Отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді:

    Отбасындағы баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, нығайту, бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптастыру.

    Еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне – өзі қызмет ету дағдыларын үйрету.

    Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым – қатынасын тіл табысып түсінуін, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.

    Оқудың, білім алудың, мәдени мінез – құлықтың әдет – дағдыларын қалыптастыру.

    Отбасыдағы баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.

    Әдебиетке, өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануға ұйымдастыру.

    Баланың ақылына, күшіне біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету. Бақылау, тексеру, бағалау.

    Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естелікке баулу.

    Өзін – өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.

    ІІІ. Жаңа білімді бекіту(топпен жұмыс).

    Жағдаяттар талдау.

    Қарттар үйінде тұрып жатырған Бекзат ата атақты еңбек ері, зейнеткер, 5 баланың әкесі, 9 немеренің атасы. Балаларына жақсы тәрбие, білім беріп өсірген.Бекзат ата күнде таңертең терезеге қарайды да, ойланып отырады. Бекзат ата не ойлап отырады деп ойлайсыңдар?

    “Ата – ананың көңілі балады, баланың көңілі далада” – деген мақалмен мына бір жағдаятқа назар аударып, өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер. Майра ауылдан мектеп бітіргенен кейін, қалаға келіп коледжге оқуға түсті. Студент болды, жақын туыстары болмағасын, жатаханадан орын алды. Бірінші курсты өте жақсы аяқтады, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты. Курстастарының алдында беделді болды. Екінші курста сабағы төмендеді, себепсіз жиі –жиі сабақ қалдырды. Сөйтіп жүріп ол коледжді тастап кетті. Ауылда ата – анасы қызына сенімді оқып жүр деп ойлады, бірақ Майра өз бетімен білгенін істеп жүр. Майраның осындай жағдайға жеткеніне не себеп болды деп ойлайсыңдар?

    Жадыра есімді ана соғыстан кейін жолдасынан айырылып, Айгүл есімді қызымен жалғыз қалды. Анасы қызына мейірімділік танытпай, қатал ұстады. Тіпті кей жағдайларда дауыс көтеріп, қол жұмсауға дейін барды. Бір күндері анасы өмірден озды. Айгүл өзіне “менің қызым болғанда, алақаныма ұстап, аялап өсіремін деп өзіне уәде берді”. Сол күндерге де келіп жетті. Айгүл уәдесінде тұрып, қызын еркелетіп, өсіріп, оқытып, алақанында ұстады. Бірақ қызы мейірімділігіне мән бермей, кей кезде анасына дауыс көтеретін болды. Қалай түсінуге болады, себебі неде деп ойлайсыңдар?

    IV. Ой толғанысы.

    V. Жаңа білімді пысықтау.

    ФИОБЭК – әдісі арқылы.

    Деректі фильм «Қарттар үйі»

    VI. Үй тапсырма. Параграф 14 эссе «Менің болашақтағы отбасым »

    VI. Қорытындылау. Бағалау.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.