Жаңалықтар

ТАРМПУ-ЛЫҚ ЖАСТАР ДОСЫМЖАН ТАҢАТАРОВПЕН ONLINE АЛАҢДА ЖҮЗДЕСТІ

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті бүгінгі таңдағы елдегі ахуалға байланысты жалынды жастардың ONLINE АЛАҢЫНДА жүздесу ұйымдастырды. Эфирдің кезекті қонағы – ТарМПУ түлегі, белгілі эстрада әншісі Досымжан Таңатаров болды.

Қазіргі таңда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті оркесторының жетекші әншісіне айналған Досымжан Таңатаров білім алған қара шаңырақ – Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде оқып жатқан студенттер өз сауалдарын жолдап, кеңес сұрап жатты. Оқырман тарапынан келіп түскен сұрақтар қатарында әншінің өмірлік ұстанымына да қызығушылықтар көрініс алды. Жәнібек Кәрменовтің «Өмір туралы толғауындағы» «Адам боп келдім өмірге, адам боп кету тілегім» деген үзіндіні өмірлік ұстанымының биік мұнарасына айналдырған әнші түптің түбінде адам адам болып қалу керек деген ойын жастарға мазмұнды пішінде жеткізе білді.

Өнерге жаңадан қадам басып, қанат қағып келе жатқан жастарға кеңес беру барысында «Online алаң» қонағы Әл-Фарабидің даналық ойларына жүгінді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін әлемнің екінші ұстазының «Өнер бір мақсатқа ғана қызмет етуі керек» деген ойымен түйіндеген Досымжан мырзаның ойы адам танымы мен парасатын биікке қойған тұлғаларымыздың тәлімді өсиеттерімен ұштасты.

Дәстүрлі өнердің діңгегі мен қазіргі шоу бизнестің тыныс-тіршілігі туралы да сөз қозғалған сұхбатты 1000 аса көрермен тамашалап, тағылымды дүниелер ортаға салынды.

Айта кететін жайт, Досымжан ағамыздың орындауындағы «Ініме» атты әнінің үзіндісінен алынған «Саған айтар ақылым бар бауырым…» өлең жолдары тақырыпқа арқау болды.

ТарМПУ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.