Жаңа сабақтар

Ертегілер еліне саяхат. Г дыбысы мен әрпі

ШҚО, Өскемен қаласы «М.Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі» КММ

Нурахманова Айжан Муратханқызы

Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

Білім беру саласы: Қатынас

Пәні: Сауат ашу негіздері

Мектеп:» М.Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі» КММ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Нурахманова Айжан Муратханқызы
Сынып/топ: МАД 0 «Д» Қатысқандар саны: 24 Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат. Г дыбысы мен әрпі
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары: 0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым- қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

Күтілетін нәтиже Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар)ажыратады.

Г дыбысы – дауыссыз дыбыс, г дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады,сөздегі г дыбысының орнын ажыратады.

Г əрпінің баспа түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.

Г дыбысына сөз құрайды.Сөздегі дыбыс санын,ондағы г дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі).

Кейбір тəрбиеленушілер:

Гəрпініңбаспатүрінтаниды, жазаалады.

Г дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Өзінетаныстақырыпаясындадиалогкеқатысады.

Сөйлемсызбасыноқиды.

Сөйлемсызбасынқұрастырады.

Тілдік мақсат: Тəрбиеленушілер:

Балалар шағын əңгіме құрастырады, берілген сұраққа толық жауап береді. Сөйлемдегі сөздердің санын анықтап, сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Мультфильм, құртақандар, глобус, қауіп, пеш мұржасы, текше.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

  • Суретте бейнеленген қай мультфильм ұнайды?
  • Суреттен г дыбысы естілетін сөздерді ата?
  • Ертегі сөзінде г дыбысы нешінші буында тұр?
  • Құртақандар туралы ертегідегі ергежейлілер нешеу?
Өткен ҰОҚ-дан алған білім Əріптердің баспа түрін жаза алады. Сөздерден сөйлем құрап айта алады.

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға толық жауап береді.

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланғанжұмыстүрлері Ресурстар
І.Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0-2мин.

II.Өмірлік тəжірибені маңыздандыру

Мақсатты болжам.

3-5 мин.

Балалар ортаға шаттық шеңберінде тұрып, үш тілде бір-бірімен амандасады.

Қайырлы таң, ұстаздар,

Қайырлы таң, достарым.

Бір-бірімізге қараймыз,

Жылулық сыйлаймыз.

Добрый утро, учитель!

Добрый утро, друзья!

Посмотрите друг друга

Пожелаете добра!

Good mornig, good morning! ( Гуд монин, гуд монин )

Good morning to you. ( Гуд монин ту ю )

Good morning, good morning! ( Гуд монин, гуд монин )

I am glad to see you. ( Уи а глэд ту си ю )

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс 6-27мин.

1-топ. Дыбыс. 2-топ. Буын. 3-топ. Сөз. 4-топ. Әріп.

1-топ. Дыбыс дегеніміз не? (Дыбысты естиміз және айтамыз)

Дыбыстарды нешеге бөлеміз? (Дауысты және дауыссыз дыбыстар)

2-топ. Буын дегеніміз не? (Қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады)

Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (Жуан және жіңішке)

3-топ. Сөз дегеніміз не? (Сөз әріптерден құралады)

Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (Қатаң, үяң, үнді)

4-топ. Әріп дегеніміз не? (Әріпті жазамыз және көреміз)

Әріптің қандай түрлері бар?

1. Жұпар исі еседі,

Жайнап бақта өседі. (Гүл)

2.Доп сынды келбеті,

Онда бар түп-түгел

Әлемнің келбеті. (Глобус)

3. Газда бар, ауада жок,

Гүлде бар, жуада жок. (Г әрпі)

  • Тақтаға қарап назарымызды суреттерге аударайық. Суретте гүл, газет, градусник, глобус, гитара.
  • Осы суреттердің бас әріптері г әрпінен басталып тұр. Ендеше, балалар біз бүгін Г дыбысы мен әрпімен танысамыз.
  • Тақтаға Г әрпінің баспа түрін ілемін. Г әрпі екі элементтен тұрады.

Г дыбысы — ұяң дауыссыз дыбыс, шұғыл айтылады, тіл арқылы жасалады. Сөздің басында, ортасында кездеседі.

  • Кәне, балалар бәріміз Г әрпін айтып көрейік. Г-г-г….

Əліппе-дəптермен жұмыс

III. Тақырып бойынша жұмыс

  • Суретте бейнеленген кейіпкерлерді ата? (Елес, Гарри Поттер,

Алдаркөсе, мыстан)

  • Суретте бейнеленген қай мультфильм ұнайды? (Өздеріне ұнаған, көрген мультфильмдерін айтады)
  • Суреттен г дыбысы естілетін сөздерді ата?
  • Ертегі сөзінде г дыбысы нешінші буында тұр? (ертегі сөзін буынға бөліп, Г дыбысы естілетін буынды табады)

М: Балалар, біз бүгін ертегілер еліне ну орманға саяхат жасаймыз, онда әр түрлі аңдарды көреміз біз оларды құтқару үшін көмектесемізбе? (оқушылардың жауабы көмектесеміз)

«Бауырсақ» ертегісі арқылы тапсырмаларды мұқият, тиянақты орындаймыз.

Әр тапсырманы дұрыс орындасақ аңдарға көмектесеміз оларды құтқарамыз.

Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді. Қояннан бауырсақты құтқарайық ол үшін біз қоянның тапсырмасын орындауымыз керек.

Қоянның тапсырмасы:

Қасқырдың тапсырмасы: Ал, балалар, қояннан бауырсақты құтқарып алдық, енді қасқырдың тапсырмасын орындайық.

(Ұ) Сергіту сəті

«Көңілді күн» қимылмен көрсету.

Аюдың тапсырмасы: Ал, енді балалар бауырсаққа аю кезіккен екен аюдың берген тапсырмасын орындап көмектесейік. Кәне, балалар бәріміз ойланайық дұрыс жауапты айтайық.

Түлкінің тапсырмасы: Оңай құтыла алмассың, менің тапсырмамды орында.

Балаларсуреттен сөз құрастырып айтады. (Айгүл, Гүлнұр, Гүлсім)

Балалар біз бүгін Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлерінің тапсырмаларын мұқият, тиянақты, дұрыс орындап шықтық. Енді бізге Бауырсақ ертегісінен мынадай тапсырма келіп тұр екен. Бәріміз топ болып бірге орындаймызба?

Олай болса, балалар түрлі түсті қағаздан Г әрпін жасап тақтаға ілеміз.

Əліппе-дəптер.
IV. ҰОҚ-ның

қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 мин.

Педагог балалардың белсенділігін, үлгерім деңгейін бақылап, оқу қызметін қорытындылайды.

Оқу қызметі бойынша сұрақтар қояды.

  • Бізге қай ертегі кейіпкері қонаққа келді?
  • Бауырсақ бізден қандай көмек сұрады?

Тапсырмаларды дұрыс орындадық па?

  • Нелер көрдік?
  • Нелер туралы айттық?

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз көңіл-күйлерін алдарында тұрған гүлдердің түсі арқылы көрсетеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.