Жаңа сабақтар

Жадраева Нургуль Нурдаулетовна

Жадраева Нургуль Нурдаулетовна

Алматы қаласы, Алмалы ауданы

Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназия

Педагог-психолог

Карантин кезінде не істеу керек

Еліміздің ертеңі өздеріңсіңдер. Болашақтың іргетасы мықты болуы сен үшін үлкен міндет. Осы жолда өз үлесіңді бар еңбекпен қосу жолында жақсы оқып, жақсы тәрбие алу сенің міндетің. Сендердің азамат пен азаматшалар болып қалыптасу жолында еңбек етіп жүрген ұстаздарың мен ата-аналарыңның еңбегінін ақтайды деп сенім білдіреміз. Өмірдің жарқын жақтары көп,сол жарқын жақтармен өмір сүру біз үшін мақтаныш.

Қазіргі жағдайда біздің бірінші міндетіміз – жақындарымыздың және айналамыздағы адамдардың психикалық және физикалық денсаулығын сақтау.

Екінші міндет – карантин кезінде сендердің интеллектуалды дамуы және уақытыңды тиімді, пайдалы өткізуге көмектесу.

Елімізде болып жатқан қиыншылықта біз сендерге көтеріңкі көңіл-күй тілеп кеңес беруге әрқашан әзірміз! Жақсы өмір жақсы ойлардан басталады.

Мемлекеттегі болып жатқан жағдайларға байланысты,сіздерде әртүрлі сұрақтар төңірегінде мазасыздық орын алған болса, сіздерде мазасыздық сезімі орын алса, бұл түсінікті себебі интернет , теледидар арқылы әртүрлі ақпараттар алуы арқылы,оны дұрыс түсіну, қабылдау қиын. Осы орайда сіздерге жайландыруға және қорғауға көмектесетін бірнеше кеңестер ұсынамын, және карантин кезінде не істеу керек екенін ұсынамын.

Оқушылардың міндеттері:
— Тақырып бойынша өз мақсаттарын (күтілетін нәтижелерді) айқында.
— Тақырып бойынша өз өмірлеріне тікелей қатысы бар нақты проблемаларды айқындайды.
— Проблема бойынша өздерінің бұрынғы білімдерін есіне түсіреді, оларды салыстырады, байланыстырады.
— «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» секілді сұрақтарға жауап ізде.

Психологиялық тұрғыда қалай дайындалу керек?
Қиын ситуация кезінде өзіңді жоғалтып алмау үшін, шамадан тыс мақсат пен міндет қоюдың қажеті жоқ.

  • Барлық нәрсені біртіндеп жасаған жөн. Сабаққа алдын-ала, біртіндеп, тыныштықты сақтап дайындала баста.
  • Егер ойды жинақтау қиын болса, бұл сабақтың маңыздылығы туралы ойла.
  • Ішкі қатаюдан, шаршағаннан арылу үшін жаттығуды күнделікті орында.
  • Көзің шаршаса не істейсің?
  • Cабаққа дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзің шаршаса, онда ағзаң шаршайды.Мұндайда үй тапсырмасын орындауға күшің жетпейді.

Сондықтан, көзіңнің демалуына жағдай жасап,төмендегі жаттығуды орындау керек:

Қорғану
Компьютердің мониторы мен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде 50 см болуы қажет.Компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартылуы керек. Оған қоса күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын (влажная уборка) жүргізгеніңіз тіптен жақсы болады.
Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз. Міндетті түрде үзіліс қажет. Ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут, ал балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек.

Компьютермен жұмыс кезіндегі көзге пайдалы жаттығулар

  1. Мониторды дұрыс орналастыру Эксперттердің айтуынша ең алдымен мониторды көзге қолайлы етіп орналастырып алу өте маңызды. Монитор мен көз арасындағы арақашықтық 50 сантиметрден жақын болмауы керек. Одан өзге экран жарығын өзіңізге қолайлы етіп реттеп алыңыз. Қолайлы шрифт пен майда емес жазулар көзді шаршатпайды. Мұны да естен шығармаған жөн.
  2. Бөлмедегі жарық Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істегенде бөлмені жылы күйде жарықтандырыңыз, монитор шам жарығынан түсетін сәулемен шағылыспайтындай болсын.

  3. Назарыңызды басқа жаққа аудару Адам компьютерде ұзақ уақыт отырғанда оның назары белгілі бір нүктеге бағытталады. Бұл дәл сол уақытта байқалмағанымен уақыт өте көзіңізді шаршатады. Жұмыс уақытында жиі-жиі басыңызды бұрып айналаға қарауға тырысыңыз. Тым болмаса 1-2 секунд терезеге қарап қойыңыз.

  4. Көз жаттығуы Әр 1,5-2 сағат сайын кемінде 5 минутқа үзіліс жасаңыз. Бұл уақытта көз жаттығуын жасау артықтық етпейді: басыңызды қозғалтпай көзіңізді оңға, солға, жоғарыға, төменге бұрыңыз. Содан соң көзіңізбен шексіздік белгісін сызып шығыңыз. Бұл жаттығуларды көзіңізді жұмып орындасаңыз да болады. Мамандар жаттығуды жұмысты бастамас бұрын, содан кейін әр екі сағатта орындап тұруға кеңес береді.

  5. Сұқ саусағыңызды мұрныңызға тигізіңіз. Саусағыңыздың ұшына қарай отырып, қолыңызды алға қарай созыңыз. Қолыңызды асықпай қайта мұрныңызға тигізіңіз. Бұл жаттығуды орындау барысында назарыңызды саусақ ұшынан басқа бағытқа аудармаңыз. Бұл жаттығуды, кемінде, 6 рет қайталаңыз.

  6. Алыста орналасқан бір нүктені тауып алыңыз. Бұл терезе алдында тұрған гүл немесе қарама-қарсы тұрған үйдің терезесі болуы мүмкін. Нүктені таңдап алғаннан кейін сұқ саусағыңызды 10 см алға қарай созыңыз. Енді сол саусақтың ұшына қараңыз да, назарыңызды өзіңіз таңдап алған алыстағы нүктеге аударыңыз. Осы әрекетті, кем дегенде, 10 рет қайталаңыз.

Карантин кезінде күн режимін қатаң сақтау керек: ерте тұрып ояну, пайдалы ас, күн жоспарын құру, пән мұғалімдер берген тапсырмаларды орындау, ерте ұйқтау.

Өзіңе деген сенімділікті арттыр: әрбір жетістіктер үшін өзіңізді мадақтаңыз, өз мүмкіндіктерізге назар аударыңыз, көбірек әрекет ету, жақындардың арасында қолдау табыңыз, негативті ойлардан аулақ болыңыз. Күніне бір-екі минут бөліп, өте жағымды нәрсеге көңіл бөліңіз. Күн сайын дене шынықтыруға кемінде 15 минут уақыт бөлуді ұмытпаңыз.

Күнделік арнап, соған күніне өзіңе 5 алғыс жазып отыру: Ол күні керемет нәтиже болмаса да жазу керек, кем дегенде 5! Таза ауада серуендедім, кітаптың 1 бөлімін оқыдым, біреуді күлдірдім, ерте тұрдым, ата-анама көмектестім. Себебі: бұл өзін-өзі бағалау мәселесі. Әрқайсымызға өзімізге алғыс айту маңызды, өйткені өзімізге деген ризашылық сөздері бізді іштей жылытады. Біздегі жағымды эмоциялар қиындықтарды жеңуге көмектеседі, шабыттандырады және дамытады.

Біз өзімізге ризашылық білідіре отырып, біз өзімізді жақсы сезіне бастаймыз. Біздің мүмкіндіктеріміз көбейеді және өзіміз содан қуаттанамыз. Сонда біздің өзіндік бағалауымыз дамиды, өзіміздің бағамызды жоғарылатамыз.

Онлайн кино көріңіз: комедия Полианна, Я-легенда. Мына көрген фильмнен кейін «Мен бұл фильмнен нені үйрендім» деген сұрақты ата-анаңмен талқылаңыздар. Осы фильмдер тек өз жолыңды өзің өзгерте алатыныңа, ал оған өз мақсатыңа қарай қадам баса білуіңе нық сенімді болуың керек екенін дәлелдейді.

Онлайн кітап оқыңыз: Джон Кехо «Подсознание может все», Дейл Карнеги «Как завоевывать друзей и оказывать влияние на людей», «Кішкентай ханзада», «Махаббат қызық мол жылдар», «Көшпенділер». Бұл кітаптарды берер тәрбиесі мол образдарға толы, оқырмандардың көңілінен шығатын керемет туынды деп есептеймін.

Сүйікті әуеніңізді тыңдаңыз: классикалық музыка тыңдаңыздар. Мысалы: классикалық музыка-адам жанының емі. Мұны рухани тұрғыда ғалымдар да дәлелдеген. Соның ішінде классикалық музыкалар нағыз дәрі. https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/47175/

Тамақ дайындауды үйрен: пицца, құймақ.

Мысалы: денсаулық күтуге, тамақтану гигиенасын сақтауға қатысты білімдерін тереңдете түсуге болады. Ежелгі грек данышпаны Сократтың өзі де: «Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, қайта өмір сүру үшін ішеміз»,- деген екен.

Тақта ойындарын ойна: шахмат, тоғызқұмалақ. Мысалы: шахмат ақыл-ой спорт түрі. Көптеген адамдар шахматты табиғатынан жоғары интеллектке ие адамдарға арналған ойын деп есептейді. Бұл шын мәнінде шындық. Шахмат ойнау арқылы ойлау қабілетіңізді айтарлықтай жақсарта алсыз. Зерттеу бойынша шахматтың мидың екі жарты шарын белсендіретінін, шығармашылықты, концентрайияны, сыни ойлауды және оқу дағдыларын жетілдіретінін көрсетті.

Шет тілдерін үйрен: ағылшын тілі, түрік тілі. Мысалы: түріктің сериалын көріп, түрікше сөйлеуге құлшынысыңыз оянса, күніге 3 сөз жаттап отырыңыз. Бір жылдан кейін сөздік қоры 1000 нен аса сөз пайда болады. Яғни, ойыңызды жеткізе алатын боласыз.

Ата-анаңа көмектес: Сіз үй-ішін уақтылы жинап, тазалап тұруға бағытталған ойыңызды, мақсатыңызды, байланысыңызды да үнемі реттеп отырғаныңыз абзал. Жұмыс үстеліңізді реттеңіз, гүлге су құйыңыз, таза ауада тыныстаңыз, ескі альбомды ақтарыңыз т.б.

Логикалық тапсырмаларды орында: сіріңкемен жұмыс, Айырмашылығы бар ма? Кім байқағыш? Қазіргі уақытта негізгі талаптарының бірі – білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған, тәуелсіз ойлай алатын, кез келген нәрсені екі жақты қарастыратын, істің мән-жайын дұрыс шеше білулері.

Спортпен айналысу: қимыл қозғалысқа бет бұрыңыз. Жаңадан шыққан «Street Workout» деген спортты білесіңдерма? Ағылшын тілінен аударғанда көшеде жаттығу дегенді білдіреді. Көшедегі, аулалардағы турникте т.б. осы секілді спорт құралдарында орындайтын жаттығулары бар жалпыхалықтық жаттығулары бар спорт түрі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.