Жаңа сабақтар

Кусаинова Торгын Ергазиевна

Алматы облысы, Панфилов ауданы Кішішыған ауылы

«Шамшырақ» балабақшасы МҚКҚК

Тәрбиеші Кусаинова Торгын Ергазиевна

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: «Білімділер еліне саяхат»

Мақсаты: Білім әлемі туралы түсінік беру. «1Қыркүйек-Білім күні»екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп , балабақша табалдырығын аттаған балаларды құтықтау.

Сурет көрсету арқылы балалардың білімге деген құштарлықтарын арттырып, қиялдарын дамыту.Ұжымды немесе топта достық,сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Әдіс –тәсілдері:Түсіндіру, сұрақ жауап, әңгімелеу, ұжымдық жұмыс, Воскогович әдістемесі элементтері.

Сөздік жұмыс:Мектеп, балабақша.

Көптілдік компонент: Мектеп-школа,балабақша-детский сад.

Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру,

сезімді ояту

Шаттық шеңберіне дөңгелене тұрады.

Бүгін-мереке.Бүгінгі мерекелік көңіл-күймен бір-бірімізге жақсы тілектерімізді айтып,қуаныш сыйлайық.

-Аспанымыз ашық болсын

-Күніміз жарқырай берсін

-Ата-анамыз аман болсын

-Балабақшамыз көркейе берсін,т.б.

Бәрі бірге қайталайды.

-Армысың асыл күн,армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос,міне,менің қолым.

Ізденістер,

ұйымдастыру

-Балалар бір-біріңнің алақандарынды ұстап тұрып,нені сезіндіңдер?

«Білім» еліне саяхатқа шығамыз.Оқу қызметі барысында бірнеше аялдама болады,әр аялдамада тапсырмалар беремін.

1.»Әдебиет әлемінде» аялдамасы.

Бұл аялдамада өлең тақпақтар,жұмбақ,жаңылпаштар,ертегілер,қызықты әңгімелер жайлы қысқаша мағұлматберіледі.

-Қандай өлең немесе ертегі білесіңдер?

2. «Математика әлемі» аялдамасында математикалық ұғымдармен,таңбалармен,геометриялық пішіндермен танысады.

Геометриялық фигуралардың суретін көрсетеді.

Есеп шығарады.Мысалы:Ағаш бұтағында 3 торғай қонып отыр.Бір торғай ұшып кетті.Бұтақта неше торғай қалды?

-Балалар «Білім елі ұнады ма?

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Сергіту сәті.

Күзде ағаш жапырақтары сарғаяды,жел соғады,ағаштар тербеледі,жапырақтар жерге қалықтап түседі,аспанды бұлт торлайды,жаңбыр жауады,біз қуанамыз.

Ойын.

Күз мезгілін суреттеу

-Жылулық,қуаныш т.б.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалардың жауаптары

Үшбұрыш,төртбұрыш.

Жауабы 2 торғай

Ұнады

Күз

Балалар іс-қимылдарды көрсетеді.

Қорытындылау,

Өзін-өзі бағалау

1.Балабақшада не үйрендіңдер?

2.Балалар мектепке не үшін барады?

3.Мектепте оқитын баланы кім деп атайды?

«Білім-сарқылмас қазына»дейді.

Өмірде тек білімді ғана емес,қайырымды,мейірімді болу керек.

Білімді,тәрбиелі адам Отанының өсім-өркендеуіне үлесін қосады.

1.Сабақ оқуды,өлең айту,сурет салуды үйрендік

2.Білім алу үшін

3.Оқушы

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Балабақшада қандай білімдерді меңгере алатынын

Көрсете алады: Ұжымдық жұмысты ынтымақтастықты орындау,нәтижелі жұмыс көрсету.

Түсінігі: Білімді, тәрбиелі болу.

1 — Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні

Ертеңгіліктің тақырыбы: Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта

Жүргізуші: Құрметті ата — аналар балалар! Сіздерді 1 — Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін.
Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана — қуана қарсы алады. Ендеше бүгінгі осы мерекеге арналған ертеңгілігімізді бастайық. Ортада «Еркетай» тобын қарсы алайық. Балалармен әңгімелесіп. Біреу есік қағады. Бұл кім болды екен? Қонақ кіреді, ол — ұсқынсыз үйрек. Бәрімен амандасып, төрге жайғасады.

Тақпақтар

Меруерт
Қазақ осы қарасың ба ақсын ба?
Қоңырсың ба? Жатырқауды білмейтін.

Асылжан
Қазақстан төрінде күн нұрын төксін
Жерінде жұпар иісті гүлі сепсін!

Мерей
Алтын дәмді даламыз бай болсын
Ақ күмістей қаламыз көп болсын!

Рамазан
Бұзылмасын сәніміз
Барлық ұлттар бірлесіп
Қазақстан жерінде
Жасасын той мереке

Милана

Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таң.

Айзада
Достық шырағымыз
Достық ұранымыз

Дінмухамед
Достық — туымыз
Достық — әніміз
Санжар Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз

Жантөре
Жалауымда —
Нұрлы күн
Нұрын шашып тұр бүгін
Паш етеді ол
Халқымның
Ынтымағын, бірлігін!

Айару
Достық үлгі санаған
Бір үйде біз тұрамыз
Қалған ата — бабадан
Бірлік асыл мұрамыз

Ән
Әрқашан күн сөнбесін өлеңі

  1. Күн әдемі, көк әлемі,
    Бұл суреті жас баланың.
    Ақ қағазға салған өзі,
    Жазылған бар сөзі.

Қайырмасы:

Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.

Солнечный круг, небо вокруг —
Это рисунок мальчишки.
Нарисовал он на листке
И подписал в уголке:

Припев (қайырмасы):

Пусть всегда будет солнце!
Пусть всегда будет небо!
Пусть всегда будет мама!
Пусть всегда буду я!

Ойын «Пияз жинау» мақсаты: пиязды шапшаң жинап, белсенділік таныту, үлкендерге көмек беруге тәрбиелеу.

Би «Достық»

Райымбек

Ақпыз, қарамыз, сарымыз
Татумыз біз бәріміз
Достық жәйлі ән салып
Шырқатайық қане біз

Аружан

Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі

Мейрамбек

Жан біткендей жас тауға,

Шуақ ойнап арайлы.

Күн күлімдеп аспанда,

Мамыр әні тарайды.

Айша

Қазақ елі қашаннанда жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан,

Бірнеше ұлт өмір сүріп келеді.

Ырысұлан

Жайдары жаз түрге еніп,

Жадыратты жанымды.

Жер дүние тербеліп,

Дала, қала құлпырды.

Адия

Ортақ жұтар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз.

Достық туған анамыз,

Жердің қызы, ұлымыз.

Айсұлтан

Мамырдың бірі, достықтың күні,

Ән салып, билеген халықтың үні.

Тұтасып, тойлаған ұлттар,

Керемет мереке мамырдың бірі.

Нұрислам

Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Монгол, ұйғыр, дүнгендер,

Армиян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин,

Терезесі тең жатыр.

Мирас

Бір шаңырақ астында

Тату тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Аршат

Күте тұғын асыға әр күнін біз,

Арналатын ең тәтті ән- жырымыз.

Мерекелі мерейлі айдың басы,

Құтты болсын бірінші мамырымыз!

Ұсқынсыз үйрек: рахмет сендерге, балалар, мен достық неге не үшін керек екеніне түсіндім, сендердің осындай үлкен махаббаттарыңнан мен әдемі сүйкімді үйрекке айналдым.
Анасы ортаға шығып шаңыраққа лента байлайды да, жүректі ұстап тұрып «жүректен жүрекке» деп өз шаңырағына тілек айтады.
Жүргізуші: Осымен 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Кусаинова Торгын Ергазиевна

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.