Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы № 9 орта мектептің оқушысы Достан Сымбат сыныбындағы озат оқушысы, тума талантты жас ақын. Достан Сымбат. сыныбында өзінің ерекше қабілетімен, белсенділігімен, жауапкершілігімен көзге түседі. Болашақта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғысы келетін Сымбаттың жетістіктерінеде тоқталып өтуді жөн көрдім.
Ол қазақ тілі пәнінен 2011-2013 оқу жылында аудандық олимпиадада 2-орын иеленді. Сымбат өте талантты оқушы екенін білеміз. Ол аудандық жас ақындар мүшәйрасында жүлделі орындарды иеленіп жүр. Бос уақытында өлең шығарумен жұмыстанады. Оның өлеңдері аудандық басылымдарда жарық көрді. Сымбаттың ойы ұшқыр, тілі шешен және сезімтал, өз пікірін еркін айта алады. Дарынды оқушылармен жұмыстық жүйемде Сымбатпен жеке жұмыстар жасап отырамын. “Жас актер” , “Дебат” үйірмелерінің және “Жас Ұлан” ұйымының мүшесі, Осындай тума таланты бар Сымбаттың болашағынан зор үміт күтемін. Болашақта алар асуы биік, әлі талай облыстық, республикалық сайыстардың жүлдегері атанары сөзсіз.
2012 жылы аудандық «Жас ақындар мүшайрасында» Тұңғыш Елбасына арналған мүшайрада Бас жүлде иеленген. Аудандық “Мұқағали оқуы” байқауының жүлдегері. Аудандық “Тәуелсіздік жырлайды” атты мүшәйрада дипломмен, 3-орынмен марапатталған.Аудандық ғылыми пәндер олимпиадасында қазақ тілі пәнінен 2-орын иегері. Республикалық 45 .minut.kz газетінің 11 мамыр,2012 жыл, №2 – санының 17- бетіне енген. Аудандық “Қызылқоға” газетінде өлеңдері жарық көрген. Жетекшісі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Аяғанова Мейрамгүл Шаруханқызы
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосындағы №9орта мектептің 6 «б» сынып оқушысы мектептің Озат оқушысы, «Жас ұлан» ұйымының мүшесі Сағидоллаұлы Дәуренмен сұхбаттасқан едім. Онда Дәрен болашақта кім боласыз деген сұраққа былай деп жап берді. Мен ойланбастан айтамын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болуды армандаймын деді болашақ ұзтаз жолын қуған оқушымыз Қашқынбай Дәурен. Республикалық “Кенгуру” және “Ақ бота” интеллектуальдық марафондарға қатынасып жүлделі орындар иеленген.
10 «б» сынып оқушысы – Өтеген Айдана Амантайқызы мектептегі оқушылардың арасынан өзінің өнерімен, өзін-өзі таныту, өз арманын жүзеге асыру жолында бар жігерімен, талабымен көзге түсіп, мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық көлемдегі шараларға қатысып көзге түсіп жүрген оқушы. Өзінің арманының деңгейін үнемі салмақтай алатын, қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен қасиетін саралай отырып ілгері дамытуға жұмыстанып жүр. Ол «Өнерлі балғын – 2007» өнер байқауының бас жүлдесін, аудандық «Өзін – өзі тану» пәні олимпиадасы жүлдегері, республикалық РУОЦ «Балдәурен» біріншілігінің ІІ орын иегері, «Золотое руно», «Русский медвежонок», «Кенгуру – 2006» шараларына қатысушы, талабы, арманы асқақ оқушы.
Жамбулов Тұрымхан Батыс Қазақстан Облысы, Сырым ауданы, Көздіғара ауылының Жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебінің 7 сынып оқушысы. Ата-анасының тұңғышы Тұрымхан мектебіміздің мақтаулы оқушыларының бірі, ұл балаға лайықты қадір-қасиетімен өсіп келе жатырған жеткіншек.
Мырзашева Гүлсім Атырау облысы, Қызылоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі,мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ҚР Білім беру ісінің үздігі. Республикалық «Зерттеуші» орталығының «Үздік педагог-зерттеуші» ғылыми әдістемелік жұмыстыр конкурсының ІІІ орын иегері, «Білім берудің этнопедагогикалық негіздері: теория және тәжірибе» атты Халықаралық конференция материалдар жинағына баяндамасы енген. «45 минут КZ» сайтында еңбектері жарияланып,сертификат алған. Атырау облыстық мұғалімдер энциклопедиясына есімі енгізілген.
Баянқұл Алтынай. 10-сынып оқушысы, әнші. Республикалық «Күз мереке» жасөспірімдер мен балалар шығармашылық ән-би байқауының «Эстрадалық вокал» номинациясының ІІІ орын жүлдегері. Алматы 2011 ж.