Ақтөбе қаласы "Сымбат" жеке мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
еңбек өтілі 20жыл,жоғары санатты ұстаз
Утежанова Риза Максимовна
Сабақ жоспары
Тақырыбы: М. Мақатаевтың қазақ поэзиясының орны.
«Қазақ поэзиясының Хантәңірі»
Мақсаты: 1. Поэзияда өзіндік із қалдырған ақиық ақын М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық еңбегімен таныстыра отырып, шығармаларының тақырыптарына шолу;
2.Оқушылардың өлеңге деген ынтасын арттыру, мәнерлеп оқу шеберлігін, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру;
3. Отанды сүюге, адамгершілікке, табиғатты аялауға, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгеру. Поэзия сабағы.
Сабақ көрнекілігі: Слайдтар. Ақынның өлеңдер жинағы, Қазақ әдебиеті оқулығы, 9-класс.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
Сабаққа психологиялық дайындық ретінде М.Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» әнін тыңдау.
Балалар, бұл әннің авторы кім деп ойлайсыңдар? Бұл әнді кім орындайды?
Поэзия аспанында ән болып қалықтап, халықтың жүрегінен орын алған ақиық ақын, халықтың сүйіктісі— М. Мақатаев.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» деп алдық.. 1-сл.
Хантәңірі- ең биік, мұзбалақ таудың шыңы.
Сабақ мақсатымен таныстыру. 2-сл.
3-сл. Мұқағали суреті «Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев.
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» Расында да, Мұқағали өлеңдері бәріміздің сүйіп оқитын жырларымыз болды.
Ақын өмірі мен шығармашылығынан 5-кластан бері таныспыз.Сіздерге алдын-ала Мұқағали өмірі мен шығармаларын қайталауға және оның өлеңдерін жаттап келуге тапсырма берілген еді.
Тақтаға назар аударайық.. 1.Мұқағали әлеміне шолу. 4-сл.
Сұрақтар бойынша жауап беру.
.
-
М.Мақатаевтың туған жылы, күні 1931жыл, 9 ақпан. «Менің анкетам» өлеңді жатқа оқу.
-
Ақынның туған жері Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауданында дүниеге келді. «Қарасаз» өлеңін жатқа оқу.
-
Мұқағалидың отбасы туралы не білесіңдер? Әкесі-Сүлеймен, шешесі-Нағима, Атасы-Мақатай, әжесі-Тиын. Әйелі- Лашын Әзімжанова.Мұқағали –отбасының тұңғышы. 5-сл.
-
Ақынның үш бақыты не? Өлең қалай аталады? Үзінді айтып беріңіз. Біріншісі-халқы,, екінші бақыты-тілі, үшіншісі-Отаны.
-
Ақынның қандай поэмасын білесіңдер? Үзінді айтыңыз. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
-
«Бір өлеңі-бір елдің мұрасындай»
6-сл. «Мені сөзге, жырға үйір еткен, халық сүюге тәрбиелеген-әжем» дейді ақын.
-
Мұқағали Мақатаев-драматург, сатирик, публицист, жазушы, журналист.
-
Мұқағали жинақтары:
“Армысыңдар достар”, “Қарлығашым келдің бе?”,”Мавр”, “Дариға жүрек”,”Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”,”Өмір дастан”, “Өмір-өзен”, “Жылап қайттым өмірдің базарынан”, т.б.Ақын поэзиясына ең алғаш баға берген ақын Ә. Тәжібаев болатын. «Ғажайып даналықтың бір көзі-Мұқағали поэзиясы.
Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам түрлі пікір пайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек». 7-сл.
«Жүрегінің түбіне кір жасырмай», қалың қазақпен ағынан жарыла сырласқан ақын Мұқағали жырлары Өмір-өзенді: қуаныш пен қайғыны, сағыныш пен мұңды, ерлік пен өрлікті шынайы да көркем кестелейді. Мұқағали шығармашылығының тақырыптары
Адамның іші жан дүниесі, елі, туған жері, махаббат, өмір туралы шығармалары.
Ақын поэзиясы адамның ішкі дүниесін, оның нәзік сезімдерін, күштілігін шынайы суреттейді. « Автограф» өлеңі. Өлеңді оқушыларға оқыту. Бұл өлеңде ақынның жан дүниесін сезіп қана қоймай, оның өр, намысты ақын екенін көреміз.Өлеңде батыр Махамбеттің өршіл рухына, ерлігіне тінті боламыз.Өзінің сыры да, жыры да-бәрі осы.Махамбетке табына отырып, оны үлгі тұтып, ширығады, Махамбеттің сөздерінен қуат алады.
Келесі бір тақырыбы- поэзия, қара өлеңнің қасиетін тұңғыш Мұқағалидай түсінген адам жоқ. Сондай-ақ, «Поэзия менімен егіз бе едің?» өлеңінен өлеңнің құдіреті. «Қара өлең» мәнерлеп оқу.
Қара үзінді тыңдасақ, поэзия құдіретін өзіншк түсініп, ақын мен поэзияны біртұтас бейнеге айналдырады.
Мұқағали ұлы Абай өлеңдерінен нәр алған, Абай үніне қосып, Абай өнегесін үлгі тұтады.» Мен дағы өлең жазбаймын», Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.
Ақын поэзиясы тазалыққа, махаббатқа толы. Ар тазалығы, жан тазалығын шынайы сезіммен жазады. Адам жүрегінде қуаныш сезімі билейді
. . «Махаббат диалогы» үнтаспадан тыңдау
Мұқағали өмірге құштар еді, өмірге ғашық еді. Өз жырларында «өмір дегенің бір күндік үнтаспадан тыңдау. сәуле екен ғой…» деп өмірден түңілмейді. «Өмір»өлеңін жатқа оқу.
«Мен соғысқа бармадым» Ұлы Отан соғысы тақырыбы ақынға таңсық емес. Бұл тақырыпта жазылған бірнеше өлеңдері бар.
Өзге ақындар сияяяқты М. Мақатаев та елін Отанын, туған жерін сүйді.Терең оймен, халқын сүйе білген Мұқағали бірнеше жырлар жазды. «Қазақстан» өлеңі.
Қорытынды бөлім:
Ақынның досы,ақын Ф. Оңғарысынова: «Мұқағали поэзиясы-таңғы шықтай мөлдір, сырлы,мұңды поэзия» Бүгінде ғасыр ақыны атанып, халықтың ыстық ықыласына бөленіп, құдіретті ақынға айналды. «Табиғат» өлеңі.8-сл.
Ақынның қай туындысы болмасын, өз еліне, жеріне деген шексіз махаббаттан туған. Жырларын ұрпағына аманат етеді.М. Мақатаев жырлары ұрпағының рухани игілігіне айналды.
Бекіту:
М.Мақатаев өлеңдерінің тақырыптары қандай?
Сен үшін Мұқағали- қандай ақын? Мұқағали поэзиясын бағалаңыз.Мысалы, ғажайып ақын. Халқының жүрегінен орын алған.
Үйге тапсырма: «Поэзия , менімен егіз бе едің?» өлеңін жаттау;
«Жауһар жырдың иесі» ойтолғау жазу.
Бағалау.