"Арманы асқақ оқушы" байқауы

6 «б» сынып оқушысы, «Жас ұлан» ұйымының мүшесі Сағидоллаұлы Дәурен

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосындағы №9орта мектептің 6 «б» сынып оқушысы мектептің Озат оқушысы, «Жас ұлан» ұйымының мүшесі Сағидоллаұлы Дәуренмен сұхбаттасқан едім. Онда Дәрен болашақта кім боласыз деген сұраққа былай деп жап берді. Мен ойланбастан айтамын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болуды армандаймын деді болашақ ұзтаз жолын қуған оқушымыз Қашқынбай Дәурен.  Республикалық “Кенгуру” және “Ақ бота” интеллектуальдық марафондарға қатынасып жүлделі орындар иеленген.

Мектебіміздің зейнеткер ұстазы, ақын аға Ізімберген Тұрғантай шығармаларынан “Ізімберген Тұрғантай шығармаларындағы ұлтжандылық бағыт” тақырыбында  ғылыми жоба қорғап, аудандық 1-орын иеленген.Селолық, мектепішілік түрлі байқаулардың жүлдегері. Дәуреннің “Қызылқоға” газетінде “Асқақ менің жыр – әнім”  атты өлеңі  жарық көрген. Аудандық деңгейде Қашқынбай Дәурен  селолық мекемеаралық сахналық қойылым сайысында  жерлесіміз Т.Жаңаевтың “Соңғы жеті шақырым” атты әңгімесін сахналау кезінде басты кейіпкер Нияздың образын сомдап  I орын иеленген,  ғылыми пәндер олимпиадасында 2-орын иеленген.

Болашағынан жақсы үміт күтірер жас ұстаз болуды армандайтын Дәуренге алдағы уақыттарда жақсы жетістіктерден көрінуіне тілектеспін. Осындай мұғалім болуға ықпал еткен ұстазыма мың алғыс дейді болашақ ұстаз болғысы келетін Сағидоллаұлы Дәурен сөзін осылайша қорытып.

Жетекшісі: Аяғанова Мейрамгүл Шаруханқызы
Жоғары санатты  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Аяғанова Мейрамгүлдің оқушыларды даярлауда жеткен жетістіктері туралы:
1.«Ең үздік кабинет-2007» 3-орын;
2.Аудандық «Жыл сынып жетекшісі-2009» 3-орын;
3.Мектепішілік «Жеңімпаз бірлестік-2010» 2-орын;
4.2010 жылы мектепішілік «Үздік идеялар»фестивалінің лауреаты;
5.2010 жылы аудандық әдістемелік орталықтың «Құрмет грамотасы» иегері;
6.Аудандық «Ғылыми –әдістемелік идеялар жәрмеңкесі-2010» Алғыс хатпен марапатталған.
7.2010 жылы үздік баяндамасы үшін облыстық білім беру басқарма бастығының «Алғыс хаты»беріліп,баяндамасы облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдар жинағына енген;
8.2010 жылы КСРО халық мұғалімі Қ.Айтқалиевтың 80 жылдық мерей тойына арналған семинарында ашық сабақ беріп, Алғыс хатпен марапатталған;
9.2010 жылы облыс  әкімінің сыйақысына  ұсынылған;
10.Оқушылары  мектепішілік,аудандық, Махамбет,Абай-Шәкәрім,Мұқағали оқуларының жеңімпаздары;
11.2010 жылы ХI Республикалық Абай,Шәкәрім оқуларында оқушысы Нұрқали Медет  «Сәулең болса кеудеңде»номинациясында арнайы  дипломмен марапатталған, сертификат иеленген;
12.2010 жылы ХI облыстық Абай,Шәкәрім оқуларында көп өлеңді жатқа оқудан оқушысы Шыңдыбаева Ақбидай III орынды иеленген;
13.2011 жылы облыстық ғылыми пәндер олимпиадасында оқушысы Шыңдыбаева Ақбидай III орынды иеленген;
14.2009 жылы оқушылары: Ж.Қарабаев ,А.Үмбетова  «Жас қыран» тобымен Атырау қаласында   «Нұр-Отан» ХДП -10 жылдығына орай өткен пікірсайыс турнирінде «Нұр-Отан» кубогін жеңіп алған;
15. Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және  қайта даярлайтын институттың «Ұша білген қанатқа дүние кең» атты шығармашыл мұғалімдер мен дарынды оқушылар жинағына оқушылары енген.
16.Тәрбие саласында 2010 жылы , пән бойынша 2011 жылы  іс-тәжірибесі аудан мектептеріне таралған;
17.Оқушыларының шығармалары селолық энциклопедияға енген;
18.Аудандық «Қызылқоға » газетіне өзінің де ,оқушыларының да мақала және шығармалары бірнеше рет жарық көрген;
19.2011-2012 жылдары сабақтары интернет желісіндегі ашық сабақтар WEB -сайтына енген және администраторынан «Анықтама» берілген;
20.17.02.2010 жылы «Тәрбиенің тиімді жолдарын пайдалана отырып,бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру» тақырыбында өткізілген аудандық семинарда «Үздік»  шара өткізгені үшін Алғыс хатпен марапатталған;
21.Облыстық 27.03.2010 жылы  «Қазақ әдебиеті пәнін оқытуда жеке тұлғаның интеллектуалдық деңгейін дамыту» атты оқу-семинарында «Оқушылар шығармашылығын дамытудағы әдебиеттің ролі»  баяндамасы үшін Алғыс хатпен марапатталған;
22. 20.08.2009 жылы,25.05.2009жылы,17.02.2010 жылы   аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен, мектепішілік 25.05.2009 ж-2010 жылдары  бірнеше дүркін алғыс  хат,дипломдармен марапатталған;  
23.Облыстық II  Ж.Нәжімеденовтің «Менің топырағым» атты байқауында сахналау шеберлігімен «Аманат» тобы III дәрежелі дипломмен марапатталды.
24.Аудандық ғылыми пәндер олимпиадасында 8-сынып оқушысы Достан Сымбат II дәрежелі дипломмен марапатталды;
25. 15.12.11 жылы ҚР-ның Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесінде аудандық білім бөлімі меңгерушісінің Алғыс хатымен марапатталды;
26. Аудандық әдістемелік орталығының 2011 жылғы  «Мұғалім ізденісі-сапалы білім» атты Г.Р.Бисенқұлованың щығармашыл жұмыстар жөніндегі жинағына енген;
27. Қыркүйек ,2011 жылы ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда жоғары жетістігі үшін мектеп директорының Мақтау қағазымен марапатталған;
28. «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын» атты мекемеаралық фестивалінде село әкімінің Алғыс хатымен марапатталған;
29. ХIII аудандық педагогикалық оқудан  I орын иеленген.
30.WWW. 45minul.кz интернет ресурсына :
1. «Наурыз-Думан»
2.»Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»
 3. «Мен бұл әлемде кіммін?»
4. «Ұлылармен үндесу»
5. «Оқушылар шығармашылығын дамытудағы әдебиеттің рөлі» баяндама  жіберіп, СЕРТИФИКАТ  иеленген.
31. Мектепішілік “Жеңімпаз бірлестік» байқауының III орын иегері;
32.2012 жылғы аудандық Мұқағали оқуының оқушысы Достан Сымбат III орын иегері;
33.Селолық  жазба  ақындар мүшәйрасында оқушысы Достан Сымбат жүлделі II орын иегері;
34. Селолық мекемеаралық сайыста жерлесіміз Тәжібай Жаңаевтың «Соңғы жеті шақырым» атты әңгімесін сахналауда I орын жеңімпазы атанды және Алғыс хатпен марапатталды;
35. 2012 жылы мектепішілік дипломмен марапатталды:
36 Оқушысы достан Сымбат 2012 жылы аудандық «жас ақындар мүшайрасында» Тұңғыш Елбасына арналған мүшайрада Бас жүлде иеленген.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.