"Арманы асқақ оқушы" байқауы

«Арманы асқақ оқушы» байқауына қатысушы Хамзаева Бұлғын

Шығыс Қазақстан облысы  Үржар ауданы Үржар ауылы КММ
«Крупская атындағы орта мектеп-балабақша» 
бастауыш сынып мұғалімі Хасенова Мадина Муратовна

 

«Арманы асқақ оқушы» байқауына қатысушы
Хамзаева Бұлғын

Арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс – ұшсам дейді, бала – өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – жүректі болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіме үлгі болсам дейді.

Мен өзімнің сыныбымның, яғни 2 «А» сыныбы оқушыларының әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар, ынталы балалар.Сіздерге мен осы оқушыларымның бірі Хамзаева Бұлғын жайлы айтқым келіп отыр.

Бұл ғасыр — білім ғасыры екені бәрімізге айқын. Еліміздің дамуы үшін, Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Бұлғын 1-сыныпты үздік аяқтап, мақтау қағазымен марапатталса, биылғы оқу жылында да өзінің жан-жақтылығын көрсетіп, үздік бағаға оқып жүр.Бұлғынның барлық сабаққа қызығушылығы жоғары.Әңгімелерді мазмұндауда, өлеңді мәнерлеп оқуда, өз ойың дәлелдеуде нақты мысал келтіріп, көркем сөздерді (мақал-мәтелдерді) қолданып сөйлегенде іштей риза боламын.
Бұлғынның бала болса да, арманы асқақ, бағыты айқын.Мақсатыма жетем, арманымды орындаймын деген Бұлғынның арманы- терең білім алып, білікті дәрігер болғым келеді.Отыным-елім тек биік белестерден көрінсе және сол үшін өз үлесімді де қоссам дейді.

Мектепшілік «Үздік күнделік» байқауында да Бұлғынның күнделігі ұқыптылығымен, тазалығымен үздік күнделік болып танылды.Бұлғын тек білім шыңына ғана өрлеуде емес, «Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер»,- дегендей өнер жағынын да дарыған бала.Оған дәлел, мектепшілік «Алтын күз» жеміс-жидектер көрмесінде «Жеміс-жидекке толы себет» жасап, мақтау қағазымен марапатталды.Сыныптан тыс тәрбие сағаттарында мың бұрала билеп көзге түсе білді.Мектепшілік патриоттық әндер байқауынан да қалмай, «Отан» өлеңін мәнерлеп оқып, «Туған жер» әнін орындауда жанын салды.
Өнегелі жанның өнеріне қолдаушы табылар демекші, Бұлғынның қай жағынан болмасын арманына, еңбегіне қолдау көрсетіп, бағыт беріп отыратын, әрине, ол ата-анасы.
Болашақта ізгі – ілтипатты, тура сөзді,жайсаң мінезді Бұлғынға асқақ арманыңды арқалап, биікке самға демекшімін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.