"Арманы асқақ оқушы" байқауы

«Арманы асқақ оқушы» байқауына. Жамбулов Тұрымхан Тайманұлы әнші

Жамбулов Тұрымхан  Батыс Қазақстан Облысы, Сырым ауданы, Көздіғара  ауылының Жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебінің 7 сынып оқушысы. Ата-анасының тұңғышы Тұрымхан мектебіміздің мақтаулы оқушыларының бірі, ұл балаға лайықты қадір-қасиетімен өсіп келе жатырған жеткіншек.

Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Оның қанаттанына әкесі мен анасы мен ұстазының қосқан үлесі зор. Ол өз өнерін алғаш мектеп қабырғасындағы тәрбиелік шаралар мен түрлі ән байқауларына қатынасып шыңдады. Оның дауысы ашық, ән айтқанда әнің мәні мен мағынасын түсініп, бар ынта-жігерімен, жаннын салып орындайды.

Тұрымхан 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Егемен елдің ертеңіміз» атты аудандық балалалар шығармашылығы- балдаурен ән байқауынан алғыс хатпен марапатталды, ал, 2012 жылы Батыс Қазақстан Облысы, Сырым аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен  жалпы білім беретін мектептердің арасында өткен аудандық Махамбет оқулары байқауында «Ұлы арман» номинациясы бойынша Махамбет, Фаризаның әндерін орындап  ІІІ орын жеңіп, дипломмен марапатталды. Мектебіміздің жезтаңдай әншісі көптеген аудандық мерекелік концерттерге де қонақ ретінде шақырылып отырады.

Осы жылдың желтоқсан айында Көкшетау қаласындағы Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына демалуға жолдама алды. Бұл жолдама кез-келген балаға беріле бермейді. Тек аудандық, Облыстық, Республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен лауреаттарына арналған демалыс лагері. Қазіргі сәтте Тұрымхан  сол жерде өз білімі мен өнерін көрсетіп, демалып жатыр.

Тұрымханның бойында арман-мақсаттары өте көп, солардың бірі халқымыздың маңдайына біткен дара, талантты әншісі-халық әртісі  Р.Рымбаева ал,  қазіргі қазақ эстрадасының өкілі Медеу Арынбаев сияқты еліміздің бетке ұстар өнер шеберлеріне ұқсағысы келеді.

Жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Жұмағали Мақсат Жұмабайұлы аталған мектептің өнерге жақын, әнге ерекше ынтасы мен талант, талаптары бар шәкірттерін тәрбиелеп жатыр. Болашақта ауыл-аймағы ерте таныған жүйріктің өскенін ел көрсе екен дейміз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.