"Арманы асқақ оқушы" байқауы

Елтай Ботагөз. 10-сынып оқушысы, әнші

Жиенбет Зайдолла Әбілұлы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта
мектепте директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, жоғары санатты музыка
пәнінің мұғалімі, ҚР Білім беру ісінің үздігі.
Республикалық «Зерттеуші» орталығының «Үздік педагог-зерттеуші» ғылыми-әдістемелік
жұмыстар конкурсының І орын жеңімпазы, «Білім берудің этнопедагогикалық негіздері: теория және тәжірибе» атты Халықаралық конференция материалдар жинағына
баяндамасы енген.

Республикалық «Күз мереке» жасөспірімдер мен балалар шығармашылық ән-би байқауына сіңірген еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталған, Қазақстан халық әртісі, белгілі композитор Әсет Бейсеуовтің балалар және жасөспірімдер арасында өткен
«Әсеттің әсем әндері-ай!» атты Республикалық байқауында жас ұрпақты өнерге баулып, рухани байлығымызға қосқан үлесі үшін ұйымдастырушылар атынан Алғыс хатпен
марапатталған. Атырау облыстық мұғалімдер энциклопедиясына есімі енген.

Елтай Ботагөз жетекшісі саз пәнінің мұғалімі Жиенбет Зайдолла ағайымен бірге
Елтай Ботагөз 10-сынып оқушысы, әнші. Қазақтың халық әртісі, белгілі композитор Әсет Бейсеуовтің балалар және жасөспірімдер арасындағы «Әсеттің әсем әндері-ай!» атты Республикалық байқауының «Эстрадалық вокал» номинациясының ІІІ орын жүлдегері. Алматы 2012 ж.

Біз, мектебіміздің 10-сынып оқушысы Елтай Ботагөзбен сұхбаттасқан едік. Өмірін де елгезек жан көрінуге тырысатын жас әнші өзіндік ойын ашық айта білді. Ботагөздің бойына әншілік қабілет әкесінің жағынан дарығандығын айтты. Болашақта қазақ халқының жезтаңдай әншісі боламын деп бастаған жас әншінің алдағы жетістіктеріне ақ жол тілей отырып. Болашақта сіз кім болғыңыз келеді деп сұрадық. Онда, ол болашақта әнші болуды армандаймын егер сол арманым орындалып жатса алдымен ата-анама, содан соң жетекшім Зайдолла ағайыма ризашылығымді білдіремін. Мен, қазірде бақытты сезінемін дейді Ботагөз, себебі жетекшім мені алғаш рет Республикалық байқауға жіберуде мен қатты қобалжып, қорқынышта болды. Кейін Республикалық байқауға шықтым, байқауға жан-жақтан жиналған жезтаңдай әншілер көп болды. Мен ешқорқпауға тырысып, жетекшімнің үмітін ақтауым қажет деп шештім. Жетекшіме риза екенін білдіріп, мың рет басымды иемін деді өз сөзінде оқушымыз Ботагөз. Арманы Республикадағы ең жақсы музыкалық, соның ішінде әншілік өнерге даярлайтын оқу орнына түсу екенін айтып кетті. Болашағың жарқын болғай жас әнші Ботагөз!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.