"Арманы асқақ оқушы" байқауы

№ 9 орта мектептің оқушысы Достан Сымбат

Атырау облысы  Қызылқоға ауданы  Сағыз  селосы  № 9  орта мектептің оқушысы Достан Сымбат  сыныбындағы озат оқушысы, тума талантты жас ақын. Достан Сымбат. сыныбында өзінің ерекше қабілетімен, белсенділігімен, жауапкершілігімен көзге түседі. Болашақта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғысы келетін Сымбаттың жетістіктерінеде тоқталып өтуді жөн көрдім.

Ол қазақ тілі пәнінен 2011-2013 оқу жылында  аудандық олимпиадада  2-орын   иеленді. Сымбат өте талантты оқушы екенін білеміз. Ол аудандық жас ақындар мүшәйрасында жүлделі орындарды иеленіп жүр. Бос уақытында өлең шығарумен жұмыстанады. Оның өлеңдері аудандық басылымдарда жарық көрді. Сымбаттың ойы ұшқыр, тілі шешен  және сезімтал, өз пікірін еркін айта  алады.  Дарынды оқушылармен жұмыстық жүйемде Сымбатпен жеке жұмыстар жасап отырамын. “Жас актер” , “Дебат” үйірмелерінің және “Жас Ұлан”  ұйымының   мүшесі, Осындай тума таланты бар Сымбаттың болашағынан зор үміт күтемін. Болашақта алар асуы биік, әлі талай облыстық, республикалық сайыстардың жүлдегері атанары сөзсіз.

2012 жылы аудандық «Жас ақындар мүшайрасында» Тұңғыш Елбасына арналған мүшайрада Бас жүлде иеленген. Аудандық “Мұқағали оқуы” байқауының  жүлдегері. Аудандық “Тәуелсіздік жырлайды” атты мүшәйрада дипломмен, 3-орынмен марапатталған.Аудандық ғылыми пәндер олимпиадасында қазақ тілі пәнінен 2-орын иегері. Республикалық 45 .minut.kz газетінің 11 мамыр,2012 жыл, №2 — санының  17- бетіне енген. Аудандық “Қызылқоға” газетінде өлеңдері  жарық көрген. Жетекшісі  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Аяғанова Мейрамгүл Шаруханқызы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.