"Арманы асқақ оқушы" байқауы

Баянқұл Алтынай 10-сынып оқушысы, әнші

Баянқұл Алтынай. 10-сынып оқушысы, әнші. Республикалық «Күз мереке» жасөспірімдер мен балалар шығармашылық ән-би байқауының «Эстрадалық вокал» номинациясының ІІІ орын жүлдегері. Алматы 2011 ж.
Біз мектебіміздің жезтаңдай әншісі, халық әндерін орындаушы оқушымыз Баянқұл Алтынаймен сұхбаттасқан едік.  Болашақ мамандығым әнші болу деп бастады өз әнгімесін Алтынай. Болашағынан жоғары үміт ұялатар жас әншіміздің арманы асқақтай берсін дейміз. Алтынай мектептің оқушылар кеңесіне мүшелік ете жүріп, белсенді қоғамдық жұмысқада өз жауапкершілігімен қарайтынын байқауға болады. Алтынай әнші болуды 7 сыныптан бастаған екен. Әншілік оған анасы жағынан яғни нағашылар жағынан бойына дарыса керекті деді анасы. Өзінің осындай жақсы жетістікке жетуіне ықпал еткен жетекшісі саз пәнінің мұғалімі Жиенбет Зайдолла ағайын мақтан тұтып,, әрдайым ұстазыма шексіз рахметімді айтқым келеді деп өз сөзін аяқтады. Болашақта Халықаралық байқауларға қатынасып, жүлделі орын аларына сенімді жас әншімізге сәт сапар, нұрлы қадам тілейміз.

Жиенбет Зайдолла Әбілұлы.  Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектепте директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, жоғары санатты музыка пәнінің мұғалімі, ҚР Білім беру ісінің үздігі.

Республикалық «Зерттеуші» орталығының «Үздік педагог-зерттеуші» ғылыми-әдістемелік жұмыстар конкурсының І орын жеңімпазы, «Білім берудің этнопедагогикалық негіздері: теория және тәжірибе» атты Халықаралық конференция материалдар жинағына баяндамасы енген. Республикалық «Күз мереке» жасөспірімдер мен балалар шығармашылық ән-би байқауына сіңірген еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталған, Қазақстан халық әртісі, белгілі композитор Әсет Бейсеуовтің балалар және жасөспірімдер арасында өткен «Әсеттің әсем әндері-ай!» атты Республикалық байқауында жас ұрпақты өнерге баулып, рухани байлығымызға қосқан үлесі үшін ұйымдастырушылар атынан Алғыс хатпен марапатталған. Атырау облыстық мұғалімдер энциклопедиясына есімі енген.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.