Қазақ тілі

Нәтиже сабақ

Ақтөбе қаласы "Сымбат" жеке мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
еңбек өтілі 20жыл,жоғары санатты ұстаз
Утежанова Риза  Максимовна

Сабақ жоспары Пәні : Қазақ тілі Класы: 9«Б» класс (орыс класы үшін )
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ.
Қолөнер: киіз үй және ұлттық киім
Талғаулы салалас сөйлем.
Сабақтың түрі: Модульдік оқыту, қорытынды бөлім.
Әдіс- тәсілдері: іздендіру, сұрақ-жауап қайталау, топтық, саралап оқыту, модульдік технология.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Оқулық, ақпаратты құралдар мен  қондырғылар. Суреттер, тест тапсырмалары
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, мәдениеттану.
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың модуль бойынша алған лексикалық және грамматикалық білімдеріне қорытынды жасау.  Қолөнер, талғаулықты салалас құрмалас сөйлем тақырыбы бойынша білімдерін тексеру.

Дамытушылық: Оқушы білімін анықтау, саралау,толықтыру. Әр

түрлі тапсырмалар арқылы талдау, сөйлеу, ойлау

дағдысын арттыру.

Тәрбиелік: Халқымыздың ұлттық мәдениетін, танымын,

қолөнерін үйренуге, білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Сабақты бастауға қолайлы жағдай туғызу.

2. Дайындық кезеңі: Балалар, біз «Қолөнер: киіз үй және ұлттық киімдер», ал грамматикадан талғаулы салалас құрмалас сөйлем тақрыбында білім алдық. . Бүгін қорытынды бөлім-нәтиже сабақ.( слайд,сабақ тақырыбы)

3. Сабақ картасы( слайд, сызба)

Өз біліміңді көрсете біл! Жалқауланба, өз пікіріңді жасқанбай айт. Сен барлығын білесің.Іске сәт!

  1. Сен дайынсың ба? ( Модуль бойынша қосымша ақпараттар)

  2. Бақылау сұрақтары.(оқулық бойынша)

  3. Грамматикалық тест.

  4. « Көкпар» ойыны ( жұптық жұмыс)

  5. Өзіндік жұмыс(әңгіме жазу)

  6. Сөз түйіні.

  7. Қорытынды( бағалау)

 

Қосымша ақпараттар: Киелі киіз үйіміз. Қолөнер-зор өнер.Ұлттық киім. Қазақ халқының кәсібі( слайд, суреттер)

10 мин.Бағалау1-7 ұпай.

Бақылау сұрақтары 7 мин. Бағалау 1- 5 ұпай

Тест 5 мин. Бағалау 1-10 ұпай.

« Көкпар» ойыны. 5 мин. Бағалау 1-5 ұпай.

Әңгіме жазу ( слайд,сурет) 5 мин. Бағалау 1-7 ұпай.

Сөз түйіні.( қанатты сөздер) 5 мин.

Қорытынды (бағалау) 5 мин .

30-35 ұпай. Мен барлығын білемін

25-30 ұпай. Мен меңгердім.

20-25 ұпай. Маған әлі қайталау керек.

 

Үй тапсырмасы : Жазба жұмысына дайындық.

 

Қосымша ақпараттар: Киелі киіз үйіміз

  1. Қасиетті қарашаңырақ тарихынан

« Атамыз Алаш; керегеміз ағаш» немесе «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп аталы сөз айтып қалдырған ата-баба, аналарымыздың негізгі баспанасы киіз үй болғаны әркімге аян. Киіз үй тек қазақ халқының ғана емес бүкіл түркі тіпті оған көршілес елдердің де түрақ-мекені болғаны анық . Солай бола тұрса да оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға оның мән- манызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екені әркез мақтанышпен айтылып жүр.

Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қарашаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені, киіз үй оның тұрағы, құтты мекен-жай, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағалады. Әрине киіз үйді әркім біледі,оны бағалайды да. Шынында да арғы, бергі тарихымыз бен мәдиниетімізді зерделей қарасақ киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Оған қарап отырсақ бірнеше жүздеген, мындаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы, тұрмыс мәдениеті, талғамы еш халықтан кем емес екен. Бұдан бұрынғы да, соңғы да ғұламалар айтып кеткендей осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлемінен, есептеу жүйесінен,экономикалық біліктігі,мәдениет пен өнердегі талғамы-жалпы алғанда өмір тәжірбиесіндегі іске бейімділігі анғарылады.Ал,XII-XIII ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын орда, Ақ орда, Көк орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Ш.Уалиханов айтқан.

Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнері сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек артық емес.

Басқа елдердегідей емес бұл ағаш, киіз, ши, теріден ғана (ішінара металл (күміс)) құрастырылады әрі көшпелі(жылжымалы) құрылыс түріне жатады. Дала ойшылары мен тұрғындарының тапқырлық мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, халықаралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған.

Қазақ даласында өмір сүрген атақты хандар, билер, байлар орда тігіп салтанатты өмір сүрген. Соның ішінде Көкшетаудағы Абылайдың ақ ордасы,Шыңғыс төренің 24 қанат ордасы, Жетісудағы Тезек төренің ордасы, Ырғыздағы Самырат байдың үйі, Ақмоладағы паң Нұрмағанбеттің үйі сияқты елге аңыз болған үйлер көп болған. Киіз үй үшін қазақ азаматтары байлығын аямаған және сол арқылы қазақ дәулеті мен мәдениетін таныта білген. XX ғасырда қазақ мәдениетінің баға жетпес мұрасы киіз үйдің құны мен маңызы төмендеді.

Қолөнер-зор өнер

«Шебердің қолы алтын». Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі — оның қол өнері. Ағаштан, темірден түйін түйген, жүннен көз жауын алғандай бұйым жасаған, асыл тастан, алтыннан «сымға тартқан күмістей» сән тағымдарын соққан, сүйек пен мүйізді, шиді қиынынан қиыстырған халық шеберлерінің ісі қалай мақтауға да тұратын өнер туындысы.

Қол өнер – халықтың өз қолымен жасайтын ұлттық мәдениет және өнер туындысы.

Дәуіт- пайғамбар, ұсталар мен шеберлердің пірі.

Ұста— темірден заттар жасайтын шебер.

Зергер — асыл тас, алтын, күмістен бұйымдар, тағымдар жасайтын үлкен өнер иесі, шебер.

Тігінші — киім тігетін шебер.

Үйші — киіз үй сүйектерін жасайтын шебер.

Етікші- аяқ киімдер тігетін шебер.

Өрімші- қайыстан ат әбзелдерін жасайтын шебер.

Ерші- ер шабытын, шеберлер тілімен айтқанда ер қосатын адам.

Ағаш шебері — ағаш заттарын жасайтын шебер.

Бәдізші — тасқа өнер салатын, заттар жасайтын шебер.

Тоқымашы- тоқыма бұйымдарын жасайтын шебер.

Қазақтың зергерлік өнері- тамырын тереңнен алатын дәстүрлі мәдениеттің көрікті және көрнекті саласы.Зергерлердің аса көп жасайтыны- әйелдердің әшекей бұйымдары: алқа, шолпы, сырға, білезік, жүзік, түйме, тұмар, шаш бау, белдік, қапсырма

Ең әдемі киім-ұлтыңның киімі.

«Ең әдемі киім-ұлтыңның киімі» деген ұлы адамдар.Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Казақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халықымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол- біздің ұлттық мәдениетіміз.

Кигенде ажар ашатын арудың жүзіне сән берген, мың сан оюмен өрнектелген киім- әрі тәрбие, ұлттың киімі қазақтың үні, тілі секілді.

« Дүрия көйлек киінген, қыпша белін қынай күміс белбеу түйінген, кәмшат бөрік астында қара қас айдай иілген, ажарына арудың көрген адам сүйінген.Зер қосыла өрілген, қос бұрымы төгілген, сылдырмақ, , шолпы тағынған, білезік , сырға, сақина жалтылдап күнге шағылған, басында үкі үлпілдеп, омырау толы танакөз, қазақтың қызы қаракөз, сен неткен сұлу ең»

Үкілі домбыра өңгерген, құндыз бөрік, қияқ мұрт ер жүзіне өн берген, мәуіт шапан жамылған, қайырма жаға ақ жейде, өңірге ою салынған, астына мінген сәйгүлік, көкпар көрсе қағынған , ата салттан аспаған, аталы сөзге тоқтаған,әрі батыр,әрі мәрт, халықтың сәні, үміті, қазақтын сері жігіті ,сен неткен кең едің!

Он екі түйе, он жылқы….

Жер бетіндегі ең малсақ халық-біздің қазақ халқы. Мінсе- көлігі, ішсе сусыны, жесе тамағы, кисе-киімі, тұтынса бұйымы осы малдан табылған ата-бабаларымыз ғасырлар бойы мал бағып, өсіріп өмір сүрді. Тұрмыс-тіршілігін де, мәдениетін де осы төрт түлікке сәйкес жасады. Содан соң түйе- салтанат, жылқы –мақтан, сиыр-қанағат,қой- қазына деген қанатты сөзді де тауып айтқан.Бұл сол түліктерге берген шын мәнінде әділ баға. Енді осы малға деген ынта-ықыласын оған арнаған сөздік, тіл өрнектерінен де айқын көруге болады.Олар міне төмендегідей

Жылқы –малдың патшасы

Құлын,жабағы, тай, құнан, құнажын, байтал, дөнен,айғыр,сәурік, бие,ат.

Түйе- түлік төресі

Бота,тайлақ, буыршын, бура, інген, атан.

Сиыр атаулары

Бұзау, баспақ, тана, қашар, құнажын, дөнежін, өгіз, бұқа, сиыр.

Қой атаулары

Қозы,көрпеш, марқа,бағлан,

тоқты, ісек, қошқар, саулық.

Ешкі атаулары

Лақ, бөрте, туша, шыбыш, ешкі, теке.

 

Тест сұрақтары

  1. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

В) Жорғаң қатты болса, төске сал, ісің ақ болса, көпке сал.

С) Жер таусыз болмайды, ел іші даусыз болмайды.

  1. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады.

В) Жаманменен дос болсаң , сыртыңнан жүрер өсектеп.

С) Байқағам жоқ, сондықтан кінәлі емен.

  1. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің ерекшелігі неде?

А) Жай сөйлемдері жалғаулықсыз байланысады.

В) Бірақ, дегенмен жалғаулықтары арқылы байланысады.

С) «Әйтпесе» жалғаулығы арқылы байланысады.

  1. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Біресе бір адым озып кетеді, біресе кейін қалып қояды.

В) Ерінген қалар ұятқа, ізденген жетер мұратқа

С) Не жұмыстың көзін тап, не қисықтың тезін тап.

  1. Талғаулы салаластың жалғаулық шылауларын табыңыз.

А) Әрі, және, да.

В) Сондықтан, сол себепті , өйткені.

С) Не, я, я болмаса.

  1. Жай сөйлемдеріндегі ойдың тек біреуіндегісі ғана жүзеге асатынын білдіретін салаластың түрі қайсы?

А) ыңғайлас

В) қарсылықты

С) талғаулы

  1. Талғаулы жалғаулықты табыңыз.

А) әлде

В) біресе

С) бірақ

  1. Талғаулы салаласты табыңыз.

А) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

В) Мұнда ертерек кел, болмаса ініңді жібер.

С) Жол ұзақ, сондықтан демалуымыз керек.

9. Қай салалас сөйлем екенін табыңыз.

Мені жұмсаған жоқ , өзім кеттім .

А) Ыңғайлас

В) Қарсылықты

С) Талғаулы

10.Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.Қазақ халқының үй жиһаздарын ағаштан ойып жасаған немесе малдың, аңның сүйектерін күйдіріп жасаған.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.