Ақтөбе қаласы "Сымбат" жеке мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
еңбек өтілі 20жыл,жоғары санатты ұстаз
Утежанова Риза Максимовна
5 «Б» сынып (орыс класы үшін ) Қазақ тілі
Сабақ тақырыбы:Жаттығулар жұмысы
Мақсаты:
Білімділік: Жануарлар әлемі туралы сөздер мен сөз тіркестерін білу, есімдікті, септік, тәуелдік жалғауларын пысықтау;
Дамытушылық: Оқушылардың белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілін )дамыту,қарапайым білік пен дағдыны қалыптастыру;
Тәрбиелік: Жабайы және үй жануарларына қамқорлық жасауға және қайырымдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; Тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақ түрі: модульдік оқыту, сөйлесу бөлімі.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу , сұрақ – жауап, іздендіру, дәлелдеу,
Көрнекілік материал: суреттер, карточкалар, тірек- сызба, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, ән- күй, бейнелеу өнері, дүниетану.
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру.
І. Мұғалім сөзі. Сәлемдесу
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Балалар, біз өткен сабағымызда жануарлар әлемі, хайуанаттар, олардың мінезі, мекені туралы және есімдік туралы өткен едік.
Тілдесім. Жедел сұрақтар (5мин.)
1)Жануарлар сөзінің синонимдері қандай? Аңдар, жануарлар, хайуанаттар
1-слайд Тірек-сызба бойынша еске түсіру
2)Жануарлардың қандай түрі бар?( Үй және жабайы жануарлар )
3) Үй жануарларының түрлері (төрт түлік мал, ит, мысық, үй құстары)
4)Жабайы жануарлар қайда тіршілік етеді? (таулы, орманды, жазық жерлерде,далада, қырда )
5) Қазақстанда балықтың қанша түрі, құстың қанша түрі бар?
Айтылым. Оқушылардың жануарлар туралы дайындығы (10мин.)
Жануарлар туралы сөйлеу;
Жазылым (10мин.)
2-слайд Қайсысы қай мекенде?
Балық суда,
Бұлан нуда.
Қой қорада,
Қасқыр апанда.
Тышқан інінде,
Аю үңгірде.
Аққу көлде,
Түйе шөлде.
Тапсырма: Зат есімдердің жалғауларын айыр.
3-слайд
Оқылым. Малды шақыру 7мин.
Шөре-шөре, лағым!
Шөпшеңдеме, шұнағым!
Пұшайт-пұшайт, қошақан!
Келші болмай қашаған!
Құрау-құрау, құлыншақ!Жем беремін шырын сап.
Тай-құнаннан бұрын шап!
Көс-көс! Сүт ем, боташым!
Рақатқа батасың.
Аухау-аухау, бұзауым!
Болмас қашып, ұзауың.
Сергіту ойыны "Жануарларды білесің бе?"
— Балалар, мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын, "үй жануарын" естігенде қол шапалақтау керек, ал жабайы жануарды естігенде қолымызды жоғары көтеріп ,екі рет шапалақтау керек.
Мысалы: жолбарыс,әтеш, түйе, жылқы, бұлан,ешкі, үкі, лақ, кірпі, қоян, ит, тиін,сұңқар, тауық,мысық, күркетауық. , т,б.
Тілдесім.
«Алдаркөсе қоржыны» Балалар қоржыннан суретті қағаздар алып шығады. Тапсырмаларды ауызша орында. 5 мин.
1.Түйе не істейді? (Боздайды, боталайды.)
2.Жылқы не істейді? (кісінейді, құлындайды)
Жылқының сүтінен не әзірлейді? (шұбат )
Малдың етінен қандай тамақтар дайындайды? (қазы, бесбармақ, қуырдақ)
Теріден не тігеді? (қолғап, етік ,киім)
Жүннен не жасайды? (киіз, алаша, көрпе, пима, кілем)
Қой-ешкінің төлдерін ата(қозы-лақ)
Үй құстарын ата. (қаз, үйрек,тауық, әтеш, күркетауық)
Оқылым
Мәтіндерді оқы, есімдіктерді теріп жаз. 7мин.
-
Бұл –піл. Ол Африкада тіршілік етеді. Бұлар Африка және Үндістан пілі деп екі түрге бөлінеді. Піл нан, қант, бор жейді, су ішеді. Оны аулауға тыйым салынған.
-
Бұл-жолбарыс. Ол-өте күшті аң. Ол Қиыр Шығыста мекендейді. Жолбарыс басқа аңдармен қоректенеді.
-
Бұл-түлкі. Қазақстанда түлкінің әр түрі бар.Ол— өте қу, айлакер. Оның терісі өте бағалы. Ол тауық,құстармен қоректенеді.
-
Бұл-қоян. Қоянның түсі ақ. Қыста ақ, жазда сұр болады. Оның құлағы ұзын, қорқақ аң. Қазақстанның барлық орманды жерлерінде болады. Ол қыста ағаш бұтақтарымен қоректенеді.
Талдау 5мин.
Төмендегі сөздерді септе.
Жылқы, ит, түйе
Сөздерді тәуелде.
Лақ, қоян, бұғы
Қорытынды. Слайд.
Жануарлардың мінезі қандай? 5мин.
Түлкі-қу, қасқыр-озбыр, арыстан-күшті, қоян-қорқақ, қой-момын, түйе- төзімді, бұлбұл-әнші, ит-ақылды, сұңқар- сақ, қырағы.
Мұғалім жануарларды, олардың мінездерін айтады.
Бағалау.2мин.
Үйге тапсырма
«Арыстан мен түлкі» ертегісін оқу. Нәтиже сабаққа дайындалу
.