"Арманы асқақ оқушы" байқауы

Жасан Әсемгүл. 10-сынып оқушысы

Жасан Әсемгүл 10-сынып оқушысы облыстық Ж.Нәжімеденов шығармашылығын насихаттауға арналған «Менің топырағым» атты сайыстың көркемсөз оқу бөлімі бойынша ІІ орын иегері. Атырау 2011 ж. Жасан Әсемгүл: болашақта журналист болғысы келетінін айтты. Мектепішілік барлық пәндерден өте жақсы оқитын озат оқушымыз. Әсемгүлдің сөйлеу мәнері қалыптасқан және дауыс дикциясы өте жақсы жағымды көрінеді. Мектептің «Дебат» клубының жетекшісі болып қоғамдық жұмыс атқарып келеді. Әсемгүл тележүргізуші болуды армандайды екен болашағынан жақсы үміт күтірер оқушы. Өзінің жеке еңбектері мен шығармашылығы ауыл, аудан, облыс деңгейінде көрініп, баспасөз беттеріне жарияланып келеді. Өзінің осындай журналистік жолды таңдауыма себепші болған ұстазым қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мырзашева Гүлсім апайым деді жас журналист өз сұхбаттында.

Мырзашева Гүлсім Атырау облысы, Қызылоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі,мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ҚР Білім беру ісінің үздігі. Республикалық «Зерттеуші» орталығының «Үздік педагог-зерттеуші» ғылыми әдістемелік жұмыстыр конкурсының ІІІ орын иегері, «Білім берудің этнопедагогикалық негіздері: теория және тәжірибе» атты Халықаралық конференция материалдар жинағына баяндамасы енген. «45 минут КZ» сайтында еңбектері жарияланып,сертификат алған. Атырау облыстық мұғалімдер энциклопедиясына есімі енгізілген.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.