«Лаула,лаула, Желтоқсан алауы!» атты әдеби-сазды кеші

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласы, № 262 мектеп – гимназия мектебінің мұғалімі Сексенбаева Әсемгүл Серікқалиқызы (Күй әуені күмбірлеп тұр) Нұркен: Кеш жарық қадірменді көрермендер!..

Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Арал қаласы, № 262 мектеп – гимназия мектебінің мұғалімі
Сексенбаева Әсемгүл Серікқалиқызы

(Күй әуені күмбірлеп тұр)
Нұркен: Кеш жарық қадірменді көрермендер!
Мейрамкүл: Қадірменді  қонақтар, аяулы ұстаздар мен оқушылар. Тәуелсіздік мерекесіне  ұйымдастырылған  акцияның «Лаула,лаула, Желтоқсан алауы!» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер.
Нұркен: Қазақстан республикасының мемлекеттік Әнұраны айтылсын.
Мейрамкүл:     Кез емес жаугершілік «аттан» атты,
Алаңның исеруі емес салтанатты,
Қытымыр қыстық басы сол бір айда
Желтоқсан әлемі әлемді жалт қаратты.
Нұркен:
Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар
Жүректе жылы үміт пен ізгі ар
Ақ құстай  бейбіт орманы самғап
Алаңға шықты жігіттер, қыздар.

Мейрамкүл:  Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986-ның қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
«Түбін білмеген-тексіз» дейтұғын қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па?
Нұркен:  Осыдан 19 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды.
Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рұсқұлбеков, Ербол Сапатаев, Ләззат Асанова және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.

Нұркен:  Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Мейрамкүл:    1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтылуы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырларына, тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан 1 минут үнсіз тұрып, еске алуды сұранамыз.    Рахмет.

Нұркен:               Желтоқсан-сен еркіндіктің ұраны,
Желтоқсан-сен азаттықтың жыр-әні.
Ұмытпайды сені мәңгі ұланың,
Болашағы  тәуелсіз елдің ұрпағы.

Мейрамкүл:            Бұл тарих шындықтарды електейді,
Десең дағы керексіз, керек мейлі.
«Желтоқсан» деген сөзді естігенде
Көз алдыңда сол күндер елестейді.

«Желтоқсан желі» әні орындалады. Сөзі: Асылбеков А.әнін жазған Тінәлиев Ә

Мәнерлеп оқу: Қаниева Асылзат «Сол бір жылғы Желтоқсан»

Мейрамкүл:
Естен кетпес аяусыз ұрғандары,
Қазаққа неше айла құрғандары.
Қайрат сында елімнің ұл-қыздары
Желтоқсанның кезінде құрбандары.

Көрініс / 10 «В» сынып

Мейрамкүл:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
Уақытымның талабында дөп келсе де ұраның.
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.
«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыпталдың, ұланым!

Нұркен.    Сол бір суығы ерте  түскен қыс  кездерінде, тоқырау тажалының ызғарында  аяусыз тапталған ар — намыстың ышқынған дауысы  құлағымызда әлі де шыңылдап тұрғандай.

Мейрамкүл.
Кім көріпті озаман да ,бұ заман ,
Найзағайды  көк аязға құлаған
Кеуделерді үрей –бөрі  ұлыды.
Болсайшы аман , мына ғалам, дін аман!

Ән: « Желтоқсан тағылымы» Мұхтар Шаханов

Мейрамкүл: Ерлеріміз арқасында  Қазақстан  егеменді  ел  болып, дүние жүзіне танылуда. Біздің  отанымыз Егеменді тәуелсіз  Қазақстан республикасы. Тарих  бізге  тәуелсіздікті  Тарту  етті. Енді біздің парызымыз— ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз  мемлекетімізді  өркениетті елдер  қатарына  қосу, мәдениетің  биік  шыңына  көтерілу.
Нүркен:
Қуан халқым!Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұнды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін халқым тойлайық.
Мәнерлеп оқу: Нұрмағанбетова Жарқынай «Тәуелсіздік таңы атты»

Мейрамкүл:
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар Президенті.

Нұркен:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығандай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Құт-береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты құс арғымақ
Екі жақтан көмкерген.

Мейрамкүл:
Мен сүйемін жерім менен елімді,
Көкейімнен жыр арнасы төгілді.
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағыма мен арнаймын сөзімді.
Мәнерлеп оқу:
Марапаттау
Тәуелсіздік- баға жетпес бағымыз,
Қымбаттан да, ең қымбатты барымыз.
Тәуелсіздік – білектегі әліміз,
Тәуелсіздік жүректегі әніміз.

Ән: Қазақ елі Құдайбергенова Мейрамкүл
Құрметті жиналған  қонақтар.Сіздерді   тағы да   тәуелсіздігіміздің  торқалы тойымен  құттықтай отырып , мемлекетімізге   жарқын  болашақ, барлығыңызға  саулық тілейміз.
Айымыз оңыздан тусын  деген  ниетпен  бүгінгі «Лаула,лаула, желтоқсанның алауы » атты кешіміздің қорытынды сөз кезегі Аудандық оқушылар үйі директорының орынбасары Садықбаева Гүлнар апайға беріледі.

Ән: Атамекен әні  орындалады  / барлығы/

  1. Аватар пользователя Фатима
    Фатима

    Өте жақсы екен! Керек болып тұр еді! Сіздерге көп-көп рахмет!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Об авторе

Простой конструктор сайтов WordPress: Универсальные демо-версии для блогов, новостей, электронной коммерции и многого другого — импорт одним щелчком, никакого кодирования! 1000+ готовых шаблонов для потрясающих сайтов газет, журналов, блогов и публикаций.

BlockSpare - Новости, журналы и блоги Приложения для редактора блоков (Gutenberg)

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше