Без рубрики

Дене тәрбиесі сабағының жоспары 7 кластар үшін

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№ 70 мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Сарбалаев Шаймерден
Оқу бөлімі:  Спорттық ойындар (баскетбол)
Тақырыбы:  Допты қозғалыста екі қадам жасап торға лақтыру
Мақсаты:  1) Оқушыларға допты екі қадам жасап лақтыруды үйрету
2) Қарама-қарсы келе жатқан әріптесіне кеудеден екі қолмен доп беруді пысықтау.
3) Ойын техникасын қозғалыс ойындары арқылы жетілдіру
М І Н Д Е Т І:   1) Біліміділік:  Өмірлік маңызы бар қозғалыс пен дағдыларды қалыптастыру.
2) Сауықтандыру: Оқушылардың баскетбол жаттығулары арқылы денсаулығын нығайту.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа, өзара кемектесуге, ұжымдық бірлікке, отансүйгіштікке баулу.
САБАҚТЫҢ ТИПІ:  Ойын әдіс-тәсілдерін игерту.
САБАҚТЫҢ ТҮРІ:  Жарыс сабақ
ҚОЛДАНАТЫН ӘДІСТЕР: Лектеу, алмастыру, кезектестіру.
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Баскетбол доптары, жалаушалар.
Өткізілетін күні:   __________________
Өткізілетін орны:  Мектептің спорт залы.
Сабақ бөліктері
р/с
Сабақтың мазмұны
Жаттығу мөлшері
Әдістемелік нұсқаулар
КІРІСПЕ –
ДАЙЫН-ДЫҚ БӨЛІМІ
15 МИНУТ
1
Сапқа тұру, мәлімет, сәлемдесу, сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.
2/
Оқушылардың көңіл күйіне спорттық киіміне назар аудару
2
Саптағы жаттығулар: «Оңға!», «Солға!», «Артқа!» бұрылу
1/
Оқушыларға берілген тапсырмалар мен жаттығуларды дәл және дұрыс жасауларын ескерту
3
Жүру, екі қолды көтеріп аяқтың ұшымен, қолды желкеге ұстап өкшемен, қолды белге ұстап аяқтың ішкі жағымен, қолды алға ұстап аяқтың сыртымен жүру
1/
4
Баяу жүгіру, тізені көтеріп, аяқты артқа тастап, екі қолды белге ұстап оң және сол қапталмен жүгіру, жүгіріп келе жатып баскетбол торына екі қадам жасап секіру.
3/
Жүгіру жаттығулары кезінде оқушылардың қатардан шығып кетпеуін қадағалау.
5
Отырған қалыпта жүрелеп жүру, оң және сол қапталға секіріп жүру, алға қол аяқпен секіріп жүру.
3/
Жаттығуды белгіленген жерге дейін орындалуын түсіндіру
6
Жалпы дамыту жаттығулары:
5/
Жаттығу өз бетінше жасалады
 䦋㌌㏒㧀좈໱琰茞ᓀ㵂Ü
1) Саусақтарды айқастырып шеңбер айналдыра қозғалыс жасау, ашып-жұму.
7-8 рет
2) Оң және сол қолды көтерген қалыпта алма-кезек екі есепке сермеу.
7-8 рет
Қолдың шынтақтан бүгілмеуін нақтылау
3) Екі қолды шынтақтан бүгіп кеуде тұсына ұстаған қалыптан бүгіп-жазу.
7-8 рет
Жаттығу екі есепке жасалады
4) Екі қолды бірдей иыққа ұстап, 4 рет алға, 4 рет артқа айналдыру.
7-8 рет
5) Екі қолды қапталға созып, 4 рет алға, 4 рет артқа айналдыру.
7-8 рет
6) Әр қадам сайын алға еңкею
5-6 рет
Аяқтың тізеден бүгілмеуін ескерту
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 25 МИНУТ
7
Допты қозғалыста екі қадам жасап торға лақтыру.
-Допты оқушы өзіне ыңғайлы қолымен жүргізгені дұрыс. Айып алаңына кірген бойда допты қолға алып, «екі қадам» тәсілін жасайды. Оңқайлар үшін алғашқы қадам оң аяқпен, солақайлар үшін сол аяқпен жасалады. Алғашқы қадам келесі қадамнан сәл ұзындау болуы керек. Екінші қадамнан кейін оқушы жоғары секірген қалыпта допты торға лақтырады.
5-6/
Жаттығуды алаңнын екі жағына жасату.
Басты назар «екі қадам» әдісін жасаған кезде төмен қарамай, басты жоғары көтеріп допты лақтыратын нүктеге қарауларын түсіндіру.
Жаттығу солақайлар үшін алаңның сол жағынан жасалынады.
8
Қарама-қарсы келе жатқан әріптесіне кейдеден екі қолмен доп беру.
— Оқушы допты  кеуде тұсында екі қолмен саусақтарының арасын ашып ұстайды. Қол шынтақтан бүгулі. Шынтақ оқушының денесіне сәл тиіп тұруы керек. Допты қолдан шығарар кезде ойыншы салмағын алдыңғы аяғына ауыстырады. Қолдың саусақтары алға және сәл сыртқа ашылады.
-Әріптесінен допты қабылдар кезде, допты алақанменемес саусақпен қағып алу керек. Ол үшін қолды алға созып, саусақтарының арасын ашқан қалыпта допты қарсы алады. Доп қолға тиген тарту керек. Сол кезде доптың ұшу жылдамдығы азаяды.
5-6/
Қозғалыста келе жатып допты әріптесіне берер кезде оқушының дене тұрысы дұрыс болуын ескерту және ойын алаңының мүмкіндігін назардан тыс қалдырмау керектігін түсіндіру.
Жаттығуды қыздар мен ұлдар бөлек жасайды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 25 МИНУТ
9
Баскетбол ойынының әдістерінен құрылған қозғалыс ойындары.

1). Мұғалімнің белгісінен кейін әр топтың алғашқы тұрған ойыншылары допты мәреден айналып жүргізіп келіп, келесі әріптесіне тапсырады. 2). Белгі берілгеннен кейін оқушылар мәреге дейін қойылған кдергілерден допты жүргізіп оралуы керек. 3) Белгі бойынша оқушылар допты белгіленген жерге дейін жүргізіп барады да, алдын-ала дайындалып тұрған өз командалас әріптесіне допты кеудеден беріп, қабылдап алып өз тобына қарай жүргізіп қайтады. 4) Жарысқа белгі берілгеннен кейін оқушы допты торға жүргізіп келіп «екі қадаммен» лақтырады. 5) Жылдамдықсыз орындалатын «екі қадам» жарысы. Әр топтың оқушылары алма-кезек «екі қадам» жасап допты торға лақтырады.

12-13/
Допты жүргізген кезде оқушылардың «жүгіріп» кетпеуін қадағалау.

Кедергілерден айналғанда допты кедергіден алыстау қолымен жүргізулерін түсіндіру. Допты әріптесіне беру және қабылдау тек қна үйретілген әдіспен орындалуын ескерту. Торға түскен допты есепке алу

Қорытынды бөлім
10
Сапқа тұру, оқушыларды бағалау, сабақты қорытындылап, үйге тапсырма беру.
5/
Оқушыларды алда болар сабаққа дайындау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.