AI және Мамандықтар

Автор: АРШАТ ОРАЗ https://www.facebook.com/arshatorazov

Жасанды интеллект нарықтың архитектурасын өзгертіп жатыр. Бүгінгі мектеп бітіруші үшін ең басты қауіп – 4 жылын ертең AI алмастыратын мамандыққа жұмсап алу. AI қай салаларда қысқарту жасайды?
Мамандық таңдауда қателеспеу үшін Холланд әдісіне (RIASEC) негізделген арнайы профориентация тестін ұсынамын.

Бұл бағыттарда алгоритмдер адамнан жылдам әрі дәл жұмыс істей бастады:

– Орта буын қаржылық талдаушылар мен бухгалтерлер

– Заңгер-көмекшілер

– Техникалық редакторлар мен Junior бағдарламашылар

Қай салаларға 4 жыл оқудың қажеті жоқ?

Бұл мамандықтарда дипломнан гөрі практикалық дағды мен портфолио маңызды. Оларды қысқа мерзімді курстар мен өз бетінше іздену арқылы тезірек меңгеруге болады:

– Аударма ісі: Синхронды аудармадан бөлек бағыттар толық автоматтандырылуда.

– Журналистика: Контент жасау мен ақпарат өңдеуде AI негізгі құралға айналды.

– Құқық және Экономика: Стандартты құжаттармен және деректермен жұмыс істеу үшін ұзақ академиялық білімнің тиімділігі төмендеп келеді.

– Графикалық дизайн, UI/UX және Маркетинг.

Болашақты қалай дұрыс таңдау керек?

Мамандық таңдауда қателеспеу үшін Холланд әдісіне (RIASEC) негізделген арнайы профориентация тестін ұсынамын.

Тест нәтижесінде бала не алады?

– Өз мінезі мен қабілетіне ең жақын салалардың тізімін көреді.

– Сол мамандықтар бойынша еліміздегі тиісті университеттерді табады.

– AI ассистентпен сұрақ-жауап жасап, таңдаған кәсібі туралы кез келген ақпаратты нақтылай алады.

Тест сілтемесі: prof.jiti.kz

Сілтемені оқушылар мен мұғалімдер чаттарында бөліссеңіздер қуанамын. Нәтижелерін алдағы уақытта жазып тұрамын,
Автор:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше