«Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбындағы кеш – сайысы
Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Арал қаласы, № 262 мектеп – гимназия мектебінің мұғалімі
Сексенбаева Әсемгүл Серікқалиқызы
Мақсаты: Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтің сүйікті кейіпкері туралы пікірлерін, көзқарастарын және көркем әдебиетті талдай алу қабілеттерін жетілдіру.
Көрнекілігі: Б.Соқпақбаевтың портреті, слайдтар, «Менің атым – Қожа» кітабы
Жүргізуші: Саламатсыздар ма оқушылар және ұстаздар! Кітап сүйер қауым!
Бүгінгі өткізгелі отырған «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбындағы кеш – сайысына қош келдіңіздер.
Иә, балалар, Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаев тірі болғанда биыл 81 жасқа толар еді. «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді» демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым Қожа», «Ба-лалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгіме, хикаялар қалдырды.
Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы әрбір шығармасында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды сурет-терін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген. Б. Соқпақбаевтың әңгіме, по-весть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан ал-шақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады…
Бердібек Соқпақбаевтың сүйікті кейіпкері туралы жазылған ақын – жазушылардың да пікірлері аз емес. Олай болса, біреуін тыңдар болсақ, Халық жазушысы Сафуан Шаймерденов «Бердібек өз көзімен көрген нәрсесін ғана жазатын, қағазды бекерден бекер шимайламайтын еді ғой. Жазады – түбін түсіріп барып, бір – ақ тоқтайды. Бұл Бердібек шырайы. Бердібекке ғана тән нәрсе. Нақтылы жазу, ұтымды жазу Бердібектің үлгісі деп тартынбай – ақ айтуға болады. Шындықтың алдында бас иетін не нәрсе бар? Осындай шырай Бердібек қаламынан шыққан шығармалардың баршасына тән. Оның туындыларының електен өткен дүниедей болып мөлдіреп тұратыны сондықтан. Оның шығармалары оқырман жүрегіне қона кететін, ұзақ жасайтын қасиет – қадірі де осында!» деген екен.
Жүргізуші: Оқушылар, сайысты әр сыныптың монологы мен көрінісін көрсетіп суреттерін әділ қазы алқаларының алдына қоясыздар.
Мына атылған сыныптан бастайық.
Сыныбы Монолог Көрініс Сыныбы Монолог Көрініс
5 «А» 17 тарау 19 тарау 6 «А» 19 тарау 17 тарау
5 «Б» 19 тарау 17 тарау 6 «Б» 17 тарау 19 тарау
5 «В» 17 тарау 19 тарау 6 «В» 19 тарау 17 тарау
Жүргізуші: Ал, балалар, сендердің оқығандарыңды, ұшқыр, жылдам ойлай алатындарыңды көру үшін сайысқа қатысушылар арасында Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бойынша «Ең зейінді оқырман» сайысынан мынадай сұрақтар қояйын. Шығарма кейіпкерлерін дұрыс тани аласыңдар ма?
1. Шығарманың авторы Б.Соқпақбаев туралы не білесіздер?
2. «Ал басты кейіпкерлеріңіздің атын Қожа қоюыңыздың себебі не ? – деген сұраққа Бердібек атамыз қалай деп жауап берді? «Әкесі баласының атын кім қоям десе де өз еркінде емес пе, өзіне ұнаған есімін қояды». Шығарма да жазушының баласы тәрізді. Дегенмен, басты кейіпкердің атын Қожа қоюымның тағы бір себебі: біздің мектепте Қожа атты бала болды. Оны да «қара Қожа» дейтінбіз. Шығарма жазу барысында мектептес досымның осы есімі көкейден кетпей, тілге оралды да тұрды. Бірақ ол өте жуас, қой аузынан шөп алмас момын бала болатұғын. Неге екенін сол баланың атын басты, әрі тентек кейіпкерге бергенді жөн көрдім», – деп жауап беріпті.
3. Бердібек Соқпақбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе селосы)
4. Бердібек атамыз қандай университте оқып, қай жылы бітірген? (Қазақтың Абай атын-дағы педагогикалық институтын бітірген 1949)
5. Ең алғаш қай жерде, қай жылдан бастап мұғалім болды? (Нарынқол ауданында)
6. «Менің атым Қожа» кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, қай тілдерге аударылып, қай жылы шыөты? (1957ж орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды)
7. «Қазакфильм» студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға қай жылы шығарды? 1963 жылы
8. «Менің атым Қожа» киносының режиссёрі? Абдулла Қарсақбаев
9. «Менің атым Қожа» фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға ар-налған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде арнайы сыйлыққа ие болды қай жылы? (1967)
10. Ендеше бірінші сұрағым, біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас)
11. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа)
12. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін. Отыр. (Майқанова)
13. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. ( Сәйбек қарт)
14. Шығармадағы «Түбінде адам болатын бала» деген кімнің сөзі, осы сөзді қалай түсінесің? (Майқанова)
15. Қожаның өміріндегідей оқиғалар сіздердің өмірлеріңізде болды ма?
16. Сыныбыңда Қожаға ұқсайтын бала бар ма, несімен ұқсайды?
17. Шығармадан қандай үлгі аласың?
Жүргізуші: Ал ендеше әділқазыларға сөз кезегін беремиз.
Жүргізуші: Балалар біздің екінші анамыздай болып кеткен сынып жетекшіміздің ерен еңбегін ескермей кеткеніміз орынсыз болар. Әрине бала болған соң біздің де ерке шора қылықтарымыз мектеп табалдырығында кездесіп жатады. Біз сізді жас маман ретінде қабылдап, сізге мынадай сұрақ даярлаған едік.
• Сынып жетекші қызметіңізде кездейсоқ шешуін таба алмай қиналған сәттеріңіз болды ма?
• Бала жүрегіне жол тауып, сөйлесуде кімдердің тәжірибесін, педагогикасын іске асырудасыз?
Жүргізуші: Ал, қымбатты оқырман қауым, қымбатты қонақтар, ендігі сөз кезегін осы жерде отырған әр баланың көңілінде сізге деген ризашылық бары сөзсіз. Ендеше осы сайысты қорытындылап, бізге деген бір ауыз лебізізін білдіру үшін әділқазыларға сөзді береміз.
Ортамызға келіп, ой бөліскендеріңе көп – көп рахмет!
№ 262 мектеп – гимназия
Кеш – сайыс
2011 жыл
Ән: МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА
Сұлтан: Кеттік Қожа.
Қожа: Қайда?
Сұлтан: Қожа жүр екеуміз аңға шығып қайтайық.
/ екеуі шаршап келе жатады/
Қожа: Сұлтан я аң алған жоқпыз, алдымыздан шыққан қояннан да айрылып қалдың.
Сұлтан: Қожа ана өзен жағасындағы бір топ қазды көрдің бе? Мына қаздардың біреуін жалпасынан түсірейін бе? А
Қожа: Қой, пәлесіне қаламыз..
/ басып қалады. Қаздың бірі құлап түседі. Қаз өледі./
Қожа: О, құдай атсын! Пәле болды ғой. Енді қайттік?
Сұлтан: Ешкім көрген жоқ. Жүр күркеге апарып пісіріп жейміз.
/қазды алып, соқтырып отырып, күркеге келеді/
Қожа: Сұлтан мына қызықты қара, күркеміздің іші тағы да әптеп – тәптеп тастапты. Азық – түлігімізді салып, аузын буып, тығып кеткен дорбамыз пәре – пәресі шығып, жыртылып жатыр. Бірдеңе нанымызды жеп, картобымызды шашып кетіпті.
Сұлтан: Бұл мен білсем, түлкі сұмпайының істеп жүргені.
/Қарны ашқан балдар, ас істеп ішудің қамына кірісті/
Сұлтан: / бұрқылдатып қаздың жүнін жұла бастайды/
Қожа: шөпшек теріп, от жаға бастайды.
Қожа: Қаз семіз екен. / Сұлтан сирағын ұстап, үйітіп отыр/
/ Сол сәтте Ахмет шал келеді/
Ахмет шал: Ау, балалар, бұларың не?
Сұлтан: жай мына бір қаз атып алып едік, пісіріп жейік деп отырмыз.
Ахмет шал: Қайдан атып алдыңдар?
Сұлтан: /аспанға қарап/ Ұшып бара жатқанда атып алдық.
Ахмет шал: Қой, сендер қаз атып алсаңдар, мынау жабайы қаз емес, үлкен ғой тегі.
Сұлтан:Әдейі үлкенін таңдап аттық.
/Шал балалардың шашылып жатқан ыдыс – аяқ, киім – кешегімізге, аузы үңірейген күркемізге қарап, одан бетер шүбәлана түседі/
Ахмет шал: Сендер өздерің осы араны жайлап алған түрлерің бар ғой?
Қожа: Бұл біздің балық аулайтын жеріміз.
Ахмет шал: Тұсаулы жирен ат көздеріңе түсті ме?
Қожа: Жоқ, байқамадық.
Ахмет шал: Сұмпайылар, әлдекімді сорлатқан екенсіңдер. Мыналарың атып алған жабайы қаз емес. Қаз атып алу сендерге қайдан келсін. Егер қазым жоғалды деген пенде болса, мен сендердің сазайларыңды бергіземін.
/ екеуі ыдыс – аяқтарын артынып – тартынып қас қарая қайтады/
Қожа: Сұлтан бұл біздің қарақшылық өміріміздің бірінші және ең соңғы күні болсын.
Бала махабаты
Әділқазыларға
Сыныбы Монолог Көрініс Сыныбы Монолог Көрініс
5 «А» 9 тарау 18 тарау 6 «А» 9 тарау 27 тарау
5 «Б» 18 тарау 27 тарау 6 «Б» 18 тарау 9 тарау
5 «В» 27тарау 9 тарау 6 «В» 27тарау 18 тарау
