Без рубрики

Зерттеу жұмысы

Ғылыми зерттеудің тақырыбы: Қарқаралы — әсем табиғат, ескерткіштер мен аңызды жерлер мекені.

Зерттеудің мақсаты: Өзімнің кіндік қаным тамған жерім– Қарқаралы өңірінің әсем табиғатын, ескерткіштерін, аңызды жерлерін қалың қазақ халқына таныстырып, паш ету.

Зерттеудің міндеттері:

1. Зерттеудің тақырыбы бойынша Қарқаралының табиғаты мен ескерткіштері туралы әдебиеттердегі мәліметтерді талдау.

2. Қарқаралы ескерткіштерін қорғау және жойылып кетпеу салдарын сипаттау.

3. Қарқаралы табиғаты мен ескерткіштерінің сақталу маңызы, олардың қорғалу жолдарын ұсыну.

Зерттеудің нысаны: Қарқаралының табиғаты мен ескерткіштері.

Зерттеудің болжамы: Қарқаралының табиғаты мен ескерткіштерінің жойылып кету қаупін жорамалдау және Қарқаралы өңірінің әсем табиғатын, ескерткіштерін, аңызды жерлерін қалың қазақ халқына таныстыру.

Зерттеудің әдістері: Талдау, байқау, бақылау, ақпарат жинау, сұрау.

Берілген зерттеуімде  мынадай сұрақтарды қарастырамын:

І. Қарқаралы табиғатының әсемдігі.

ІІ. Қарқаралы өңіріндегі ескерткіштер.

ІІІ. Қарқаралы топырағының аңызды жерлері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеудің нәтижелері:

Менің туған өлкемнің әсем табиғаты, көне ескерткіштері, аңызды жерлері келер ұрпаққа сақталып жетсе, ол мен үшін үлкен бақыт. Өйткені біз табиғаты, мәдениеті, тарихы арқылы кез келген елді-мекенді танып біле аламыз. Осы мәдени жәдігерлердің бізге айтар сырлары, ашылмаған жұмбақтары, аңыз-әңгімелері өте мол. Оларды көзіміздің қарашығындай етіп сақтау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – ол біздің басты міндетіміз.

Кіріспе бөлім

          Қазіргі таңда табиғатқа және тарихи жерлерге айрықша мән беріліп, көңіл бөлуде. Мәдени зерденің бір саласы еліміздің  мәдени ескерткіштері мен аңызды жерлері қоғамдық пікірде айтылып, басты назарда болып отырғаны бәрімізге мәлім.

Осы тұрғыдан мен ой қозғап, өзімнің кіндік қаным тамған жерім– Қарқаралы өңірінің әсем табиғаты, ескерткіштері, аңызды жерлері жайында болмақ. Себебі елімізде осындай әсем табиғат, ескерткіш пен аңызды жерлер барын әркім біле бермейді ғой!

Туған өлкемнің әсем табиғатын тамашалап, ескерткіштерін көріп, аңызды жерлері туралы естіп,  сырын ашпақпын. Жазған жұмысымның негізгі бөлімі кішігірім  үш бөлімнен тұрмақ:

І. Қарқаралы табиғатының әсемдігі.

ІІ. Қарқаралы өңіріндегі ескерткіштер.

ІІІ. Қарқаралы топырағының аңызды жерлері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Қарқаралы табиғатының әсемдігі.

          Шежіресі қиялға шын батыратын, Қарқаралы өңірінің тылсым табиғаты – ертеден адам назарын өзіне тартып, қызықтырған өлке. Қарқаралы табиғаты – Қазақстанның Бурабай, Баянауыл сияқты, өздерінің сан алуан, ерекше өсімдігі мен жануарлар әлемімен, пейзаждарының әсемдігімен көпке танылған, айрықша табиғи кешендердің бірі. Білгір көңілге неше түрлі аңыз болып жеткен, атағы алысқа кеткен әйгілі Шайтанкөлдің ақын тілі мен суретші қаламынан тыс қалған күні кемде-кем. Табиғаттың таңғажайып жаратылысы Шайтанкөл мен Астаукөлдің келушілері мен көрушілері әлі де толастаған емес.

Қазіргі таңда демалушыларға Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат паркі қызмет етуде. Бұл парк Қазақстан Республикасының заңымен қорғалады. Ұлттық табиғи парктің жалпы ауданы – 90323 га, оның ішінде орманды жерлер – 40341 га. Орманды құрайтын негізгі ағаштар – қарағай, қайың, терек, тал, арша, жеміс-жидектерден қарақат, бүлдірген, саңырауқұлақтардың бірнеше түрлері өседі.  Ұлттық парк аумағында жабайы аңдар мен құстар көптеп кездеседі. Олардың кейбіреулері Қызыл кітапқа енгізілген. Парктің жанында тегін қызмет көрсететін табиғат мұражайы бар.

ІІ. Қарқаралы өңіріндегі ескерткіштер.

Қарқаралы өңірі өзінің әсем табиғатымен ғана емес, тарихи ескерткіштерімен, мәдени орындарымен көзге түседі. Айта кететін болсақ, «Құнанбай мешіті», кезінде Абай, Потанин тоқтаған үйлер, көпес Рязанцевтердің үйлері, «Орманшы үйі», Қызылкеніш сарайы, т.б. Қаланың орталық алаңында «Әскер даңқы» және «Қайғылы ана» ескерткіштері орнатылған. Қаланың төңірегінде демалушыларға арналған «Шахтер», «Барыс», «Тасбұлақ» демалыс үйлері, «Сосновый бор» санаторийі бар. Кеңес Одағының Батырлары Нүркен Әбдіров, Мартбек Мамыраев, ақын Қасым Аманжолов, халық әншілері Әміре Қашаубаев, Мәди Бәпиұлы, бірінші қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров осы өңірдің тумалары. Мәліксай зиратында Мәди Бәпиұлының бейіті бар.

ІІІ. Қарқаралы топырағының аңызды жерлері.

Қола дәуірінен басталған Беғазы-Дәндібай мәдениеті тыныстаған бұл топырақ қай дәуір, қай ғасырда да адамзат баласын таң қалдырып отырған Беғазы-Дәндібай мәдениеті өздерінің атауын Дәндібай мен Беғазы қорымдарының сипаттары бойынша алды. Дәндібай қорымын 1933 жылы М.П.Грязнов ашты. М.П.Грязнов Дәндібайдың 11 обасын қазды. Ол алғашқы, яғни эпонимді ескерткіш болды. Қазба барысында бұл обадан жебе, қола заттар, тас құралдар, қыш ыдыстар табылған. Ұзақ уақытқа дейін Дәндібай мәліметтері теңдесіз болып қала берді. Бірақ 1947 жылы Беғазы қорымының қазбалары басталды. Бұл қорымдағы ең көрнекті сәулет ескерткіштерінің бірі-кесенелер түріндегі ескерткіштер. Қорымнан қыш ыдыстар, тас пен мүйізден жасалған бұйымдар табылған. Бұл тас кесенелердің мерзімі – 3000 жыл. Өте маңызды нәтижелер Қызылкеніш сарайының қазба жұмыстары кезінде де алынды.

 

Қорытынды

            Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім — өзімнің кіндік қаным тамған жерім– Қарқаралы өңірінің әсем табиғатын, ескерткіштерін, аңызды жерлерін қалың қазақ халқына таныстырып, паш ету еді. Осы жұмысым арқылы алдыма қойған мақсатыма жеттім.

Қазақ даласына кең тараған Мәди Бәпиұлының:

“Атыңнан айналайын, Қарқаралы,

Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады”, —

деген егіз жол өлеңі арқылы әбден сіңісті болған Қарқаралы топырағы қалың қазақ үшін қашан да аяулы, қашан да ардақты, қасиетті болып қала бермек!

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Нұрғалиев Р.Н. «Қарағанды облысы энциклопедиясы»

2. Қойшыбаев Е. «Қазақстанның жер-су аттары сөздігі» Алматы 1985 ж.

3. Қарқаралы энциклопедиясы. Алматы 2004 ж.

4. Балдырған журналы. №3 2002 ж.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.