Интеллектуалды ойын
Зияткерлік сайыс: ХХІ ғасыр көшбасшысы.
Мақсаты: оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: сұрақтар жазылған кестелер, ұран, сандар, тақырыбы, ұлы адамдардың сөздері.
Ойын барысы:
- Таныстыру.
-
Сарапшылар мүшесін сайлау.
-
Жеңімпазды анықтауға сарапшыларға сөз беру.
Сәлем,достар,аман ба?
Мына бейбіт заманда
Қуантамын өзіңді
Білімдіден қалам ба?!
Құрметті оқушылар,ұстаздар,ата-аналар!Бүгін сіздер үздік оқушылар арасында
өтетін «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайыстың куәгері болғалы отырсыздар. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ақыл –тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім- кен қанша алсаң азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,-деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай,білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
(Байқауға қатысушылар ортаға шығады.)
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде
Өзіндік менің үнім бар,- дегендей білімпаз жастар өздерін таныстырып шықсын.
(Сайыскерлер өздері туралы айтады.)
Шын жүйріктер сыналады жарыста.
Сарапшылар бағалайды сіздерді
Жеңіс-мәре жақын ба,әлде алыс па?-демекші сарапшылар алқасымен
таныстырайық.
(Сарапшылар алқасын таныстыру.)
1.
2.
3.
Сайыс 4 бөлімнен тұрады. 1. Бәйге.
- Полиглот.
Ғажайып алаң.
Жорға
Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шындарға биік қоңғайсың демекпіз. Ал жас қырандар 1- кезең «Бәйге».
1 кезең «Бәйге»
Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
- Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 10 сұрақ тест түрінде беріледі.
Тетікті бірінші болып басқан оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 5 ұпайдан есептеледі.
3.Бұл айналымда аз ұпай жинаған екі оқушы ойыннан шығарады.
- 1 метрде неше сантиметр бар? а/100 см ә/ 10 см б/ 1000 см
- Ø Тіктөртбұрыштыңауданын қалай табамыз? а/ені мен ұзындығын көбейтеміз ә/ ені мен ұзындығын қосамыз
б/ ені мен ұзындығын қосып, 2-ге көбейтеміз
- Ø Қай жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды? а/1991 жылы ә/ 1995 жылы б/ 1999 жылы
- Ø Астана қай өзеннің жағасында орналасқан? а/Есіл өзені ә/ Ертіс өзені б/ Жайық өзені
- Ø Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты? а/ Тоқтар Аубакиров ә/ Талғат Мұсабаев б/ Юрий Гагарин
- Ø Заттың қимылын білдіретін сөз табы а/ Етістік ә/ Зат есім б/ Сан есім
- Ø ҮІІ қысқы олимпиада қай қалада өтті? а/Қарағанды, Жезқазған ә/Астана, Алматы б/ Ақтау, Атырау
- Ø Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу тойы? а/ шілдехана ә/ бесік тойы б/ тілашар
- Ø Тас көмірдің ең сапалы түрі. а/шымтезек ә/антрацтит б/ қоңыр көмір
- Ø Жұмыртқасын “садақа” ретінде ұясынан шығарып тастайтын құс
а/көкек ә/ қарлығаш б/ торғай
Сарапшылар ұпайы аз екі оқушыны ойыннан шығарады.
«Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілдің құрметте»- деп Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.
2 кезең «Полиглот»
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.
Жұмбақтар беріледі сол жұмбақтардың шешуін үш тілде айту.
1.Білімнен мол сый – осы,
Балғындардың ұясы. / мектеп-школа-
2.Өзі сондай аппақ
Жесең оны тәтті –ақ. /қант-сахар-
- Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай да шу. /түлкі-лиса-
4.Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. /аю-медведь-
5.Айдалада ақ отау,
Аузы – мұрны жоқ отау. /жұмыртқа-яйцо-
6.Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді. /қар-снег-
Сарапшылар ұпайы аз екі оқушыны ойыннан шығарады.
3 кезең «Ғажайып алаң»
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын
1.Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады.
- Әр тақырып 20,30,40 санды ұяшықтарға бөлінген.
Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.
Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақтар күрделене түседі.
Математика:
10-Тіктөртбұрыштың көлемін қалай табамыз? /енін, ұзындығын және биіктігін көбейтеміз/
20-Ағасы 12 жаста, ал қарындасының жасы 2 есе кіші. Қарындасы неше жаста?/6 жаста/
30-Жазықтықтағы бейнесі дөңгелек болатын көлемді фигура. /Шеңбер/
Қазақ тілі:
10-Жұрнақ дегеніміз не? / түбір сөзден жаңа сөз жасайды/
20-Түбір сөз дегеніміз не? /
30-–ма,-ме; -ба,-бе;па,-пе –ненің жұрнақтары? /болымсыз етістік/
Әдебиеттік оқу:
10-“Кел,балалар, оқылық!”өлеңінің авторы кім? /Ы. Алтынсарин/
20-“Шынын да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен?”-қай әңгімеден үзінді? /Жусанның иісі/
30-Әдеби шығармада кейіпкердің өзіне-өзі қарата айтылған, ішкі сырын білдіретін ой-қалай аталады? /Монолог/
Дүниетану:
10-Пайдалы қазбалар шоғырланған жер қалай аталады? /террикондар/
20-Жер бетінің ерекше биік тұстарын не дейді? /тау/
30-“Неведа-Семей” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі кім? /Олжас Сүлейменов/
Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асыл тасып, асықпа,қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап , зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
4 кезең «Жорға»
Ең қиыны жарыстың “Жорға” келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
«Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс. Әр сұраққа бір ұпайдан беріледі.
1-оқушы:
- Жылдан құр қалған жануар. /түйе/
- 2. Өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі./сабақ, тамыр/
- ҚР-ның мемлекеттік тілі./қазақ тілі/
- Басты байлық./денсаулық/
- 12 ай./1 жыл/
- Абайдың әжесі./Зере/
- Көру мүшесі./көз/
- Х+2=10 бұл не?/теңдеу/
- Зат есімнің көпше түріне мысал келтір./аналар, кітаптар т.б./
- Күйді орындаушы адам./күйші/
2-оқушы:
- Жылбасы не? /тышқан/
- Жердің бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты./топырақ/
- 3. ҚР-ның ұлтаралық тілі./орыс тілі/
- Адам денесінің тірегі. /қаңқа/
- Ақ алтын. /күріш/
- Орман дәрігері./тоқылдақ/
- 8+2=10 бұл не?/қосынды/
- Зат есімнің жекеше түріне мысал келтір./ана, кітап т.б./
- Сурет салушы адам./суретші/
- 7 күн./апта/
Жеңімпазды анықтау үшін сарапшыларға сөз береміз.
Жеңісің құтты болсын,
Болашақта да тек алдыда көріне бер! Марапаттау.
-Бүгінгі көріп тамашалаған «ХХІ- ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.
Ойын аяқталды!!!!
