математика 3 сынып

Тақырыбы: Тік төртбұрыштың /шаршының/ периметрін табудың әр түрлі тәсілі.

Мақсаты: 1. Оқушыларға тік төртбұрыштың /шаршының/ периметрін әр түрлі жолмен табуға үйрету.

2. Оқушылардың математикалық білімі арқылы интелектісін дамыту, есептеу машықтарын жетілдіру, өздіктерінен жұмыс істеу, жеке  жұмыста шапшаңдылық танытуға машықтандыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Қазақтың ұлы ақыны Абай туралы мағлұмат беріп, оның шығармаларымен таныстыру.

Көрнекі құрал-жабдықтар: слайд, сызба, геометриялық фигуралар, Абай туралы буклет.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:

Сабақ барысы:

  1. 1.     Ұйымдастыру кезеңі.
  2. 2.     Үй  тапсырмасы.

 Психологиялық дайындық:/Абай жұмбағы/

Сыналар, ей, жігіттер, келді жерің,

Сәулең болса, бермен кел, талапты ерің.

Жан құмары дүниеде немен екен,

Соны білсең, әрнені білгендерің.

Шешуі: білмекке құмарлық. Бүгінгі сабақты мұқият тыңдап Абай атамыз айтқандай білуге құмартып отырайық.

-Бүгінгі математика сабағында балалар, біз Абай ата туралы білетіндерімізді еске түсіріп жіберейік! /оқушылар сөйлейді/

-Абайдың қара сөздері мен жұмбақтары бар.

Жұмбақ жасыру:

Алла мықты жаратқан сегіз батыр,

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,

Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.

Шешуі:

Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз,

Таба алмасам, ақылды болар неміз.

Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пенен жұп,

Жақсылық пен жамандық-болды сегіз.

-Балалар, Абай атамыз жасырған «сегіз батырды»  білдік. Олай, болса, бүгінгі математика сабағында солардың тапсырмасын орындайық.

Қыстың тапсырмасы:

Оқулықпен жұмыс: №1,2  тапсырма.

Тік төртбұрыштың периметрін тап.

 

Сұрақ-жауап:

-Балала, қазір жылдың қай мезгілі?

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Тік төртбұрыштың, шаршының неше қабырғасы бар?

-Дұрыс. Абай атамыз жылдың төрт мезгіліне арнап өлеңдер жазды. Соны есімізге түсірейік.

-Жақсы, балалар. 4 мезгілді қоссақ 1 жыл шығады. 4 қабырғаны қоссақ не шығады?

-Периметр.

Неліктен осы тік төртбұрыштың периметрін былай табуға болады:

(3 см + 1 см)*2?

Тік төртбұрыштың периметрін былайша табуға болады:

1-тәсіл: оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы;

2-тәсіл: оның тең емес қабырғаларының ұзындықтарын қосып, алынған қосындының мәнін 2-ге көбейту арқылы.

Шаршының периметрін тап.Бұл шаршының периметрін былайша табуға бола ма: 1см*4 ?

Шаршының   периметрін былайша табуға болады:

1-тәсіл: оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосуі;

2-тәсіл: оның бір қабырғасының ұзындығын 4-ке көбейту.

Жаздың тапсырмасы: Практикалық жұмыс.

Тік төртбұрыштың, шаршының периметрін қосу амалы арқылы, содан соң көбейту амалы арқылы табу.

15 см                                        3 см

3 см                             3 см

 

15 см+ 3 см)*2=36 см                            3 см+ 3 см+3см+3см=12см

15 см+ 3 см+15 см+3см=36 см                3 см*4=12 см

Р=36 см                                                   Р=12 см

Күннің тапсырмасы: / топтық жұмыс/

Есеп шығару:

18 а.а.-6 т                                                   1 к.-2 ш.қант

1т.-?а.а.                                                           20 к.-? ш. қант

Ш: 18:6=3                                                   Ш: 20:2=10

Ж:3 асхана аспабы                                         Ж: 10шағым қант

Түннің тапсырмасы:/ өз бетімен жұмыс/

Кестелерді толтыру:

 

а

4

6

10

30

 

а

2

4

3

6

а*2

 

 

 

 

12:а

 

 

 

 

Тақтың тапсырмасы:/ тақтамен жұмыс/

Есепте:

100-(35:7)+5=100               200-(56:8)8=144           600:6+910=190

8100-70:7=790                  650-(510)2=550          500:50+204=90

Сергіту сәті:

Көжегім тұршы,

Бетіңді жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Киміңді киші,

Мектепке жүрші.

Партаға отыршы,

Сабағыңды оқышы.

 Жұптың тапсырмасы:/ тақтамен жұмыс/

Қалдықпен бөлуді орында және тексер:

15:2=7 /қалд.1/  7*2+1=15   1<2        25:3=8 /қалд.1/     17:2=8 /қалд.1/

29:4=7 /қалд.1/                                       22:3=7 /қалд.1/     33:4=8 /қалд.1/

Жақсылықтың тапсырмасын аламыз: /ауызша/

5 см және 4 см; 7 см және 1 см; 3 см және 6 см болатын тік төртбұрыштың периметрін табу.

(5 см+4см)*2=18 см        Р=18 см

 

Қабырғасының ұзындығы 3 дм болатын шаршының периметрін тап.

3 дм*4=12 дм          Р=12 дм

 

Қабырғаларының ұзындықтары 3см, 4 см, 5 см болатын үшбұрыштың периметрін тап.

3см+4 см+5 см=12 см        Р=12 см

 

-Балалар, біздер жамандықтың тапсырмасын алмаймыз. Ешкімге жамандық жасамаймыз. Абай атамыз жырлаған табиғатымызды аялаймыз, қорғаймыз. Сондықтан үй тапсырмасын аламыз.

Үй тапсырмасы:

№8-есеп шығару,№9-амалдарды орындау.

Қорытынды:

-Бүгін не үйрендік?

-Абай кім?

Венн диаграммасын құру:

 

    аудармашы                                                                  классик ақын

 

 

 

әдебиетші                                                                                      философ

 

 

сазгер

білім

-Сабақ ұнады ма? Несімен?

Оқушыларды бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше