Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, №216 Қ. Сәтбаев атындағы
мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бағдат Орымбас Ақжігітқызы
Пәні: Орта ғасыр тарихы Сыныбы: 7
Сабақтық тақырыбы: Орта ғасырлардағы шаруалар
Сабақтың мақсаты:
А) орта ғасырлардағы шаруалардың әлеуметтік – экономикалық жағдайы туралы ой пікір, көзқарас қалыптастыру.
Ә)өз ойын еркін айтуға, тарихи оқиғаны талдай білуге үйрету.
Б) еңбекке, ұқыптылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: карта, слайд, кесте, карточка
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, баяндау, эссе.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. §10. Ерте орта ғасырлардағы феодалдар.
Сұрақтар:
1. Феодалдық саты қандай басшылықтарға бөлінеді?
2. Феодалдар шаруашылығы қалай дамыды?
3. Рыцарлардың басты міндеттері қандай болды?
4. Феодалдық замок қандай қызмет атқарады?
ІІІ. Жаңа сабақ
§11. Орта ғасырлардағы шаруалар
Жоспары:
1. Шаруалардың орта ғасырлық қоғамдағы орны.
2. Феодалдардың жікке бөлінуі.
3. Шаруалардың міндеткерлігі.
4. Шаруалардың тұрмысы.
5. Шаруалардың феодалдармен күресі.
1. Қызығушылықты ояту
Шаруа деген кім?
Олар қандай міндеткерліктерді атқарады?
Шаруалар қандай топқа жатады?
2. Мағынаны тану. Мәтінді жоспар бойынша 5 топқа бөліп оқуға беріп, әр топ тірек сызба арқылы түсінік айтады.
1- топ. Үш қауымдық топ теориясы
Жаны (жүрегі) дінбасылар (құдайға құлшылық етушілер)
Қолы зиялы мырзалар, ел басқарушы (соғысушылар)
Аяғы шаруалар (жұмыс істеушілер)
2 – топ. Феодалдық құрылыс кезіндегі шаруалар
Басыбайлы
Феодалдарға толық тәуелді, феодалдар ондай шаруаларды сатуға, айырбастауға, сыйлауға ерікті.
Басыбайлы шаруа қашып кетсе, қожасы оны тауып алып, өзіне қайтаратын. Бұлардың кейіннен құлдар да қосылды.
Францияда «сервтер» деп аталады.
Ерікті
Жеке басы ерікті шаруалар. Өз қарамағындағы мүліктерін, еңбек құрал жабдықтарын еркін жұмсай алады. Өз жер үлесін мұрагерлік жолмен балаларына қалдыруға құқылы.
Англияда «вилландар» деп атаған.
3 – топ. Шаруалардың міндеткерлігі.
1. Әскерді азық – түлікпен қамтамасыз етіп отыру.
2. Шаруашылығын жерін, отбасын қорғау үшін қуатты көрші феодалдың немесе монастырдың қамқорлығына жүгіну.
3. Жері жоқ шаруалар феодалдан алған жері үшін міндеткерлігі.
Міндеткерліктің басты түрі
Барщина (еңбекпен өтеу салығы) оброк
Қоғамдық жұмыстар
(тегіннен тегін көпір салу, жол жөндеуге қатысу, т.б.)
4-топ. Шаруалардың тұрмысы жайында суреттеу.
5-топ. Мырзалар шаруаларды, «жалқау», «топас», «дөрекі», «бұзық» деп айыптаса, шаруалар қожайындарын «сараң», «қатыгез», «тойымсыз» деп кінәлайды.
Ойтолғау кезеңі. Әрбір топ өз ойларын айтып болған соң, жалпы жаңа тақырып бойынша түсінгендерін қысқаша, жазбаша түрінде дәптерлеріне жазып, айтып береді.
IV. Сабақты бекіту:
1. Үш қуаымдық топ теориясының басты қағидасы қандай?
2. Шаруалар қандай топтарға жіктелді?
3. Шаруалар қандай міндеткерліктер атқарды?
4. Шаруалардың феодалдарға қарсы күресінің қандай түрлері болды?
V. Сабақты қорытындылау. Хрестоматия «Жеті партидтерден» үзінділер (43-44 бет) оқу.
VІ. Үйге тапсырма. §11 оқып келу. Мәтін бойынша тест сұрақтарын құрастыру.








