Білімділер мен білгірлер сайысы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, №216 Қ. Сәтбаев атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бағдат Орымбас Ақжігітқызы Қазақстан тарихы  5 сынып Тақырыбы: Білімділер мен білгірлер сайысы Мақсаты:..

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, №216 Қ. Сәтбаев атындағы
мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бағдат Орымбас Ақжігітқызы

Қазақстан тарихы  5 сынып
Тақырыбы: Білімділер мен білгірлер сайысы
Мақсаты: А) Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдығын арттыру.
Ә) Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту. Өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге, ауызекі сөйлеуді дамыту.
Б) Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. 1.Ән «Қазақстан- елім менің»
Мұғалім сөзі: «Білімділер мен білгірлер сайысы» атты қабілетті балалардың танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл ойын Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналады. а)Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру. ә)Ойынға қатысушы оқушылармен таныстыру. б)Әділ қазылар тобымен таныстыру. в)Ойын шартымен таныстыру.
І тур.Өзін-өзі таныстыру.Әр топ өзін-өзі, болашақтағы мақсатын таныстырады.(5-сынып оқушылары екі топқа бөлініп жарысады.)
ІІ тур. «Көкпар» (шартты сұраққа тез, толық жауап беру керек.)

1.Әнұранның әнін жазған кім?                            1.Әнұранның сөзін жазған кім?
2.Тарих атасы кім?                                                2.Тарих сөзін алғаш қолданғандар?
3.Шығыстағы тарих атасы кім?                           3.Қазақстан тарихы неше кезеңге  бөлінеді?
4.Нумизматика нені зерттейді?                            4.Герольдина қандай ғылым?
5.Антропология нені зерттейді?                          5.Этнография нені зерттейтін ғылым?
6.Ең алғаш алфавитті  қанша жыл бұрын           6.Иероглиф дегеніміз не?
ойлап тапқан?
7.Х ғасырдан бастап ислам діні келуіне             7.Алтын киім жерленген обасынан табыл
байланысты пайда болған жазу?                            ған күміс тостақтан қанша таңбалы жазу
табылған?
8.Еуропада ХҮ ғасырда кітап басып                   8.Археология термині қай ғасырдан бастап
басып шығаруды ойлап тапқан неміс                     қолданыла бастады?
шебері кім?

9.Ономастика нені зерттейтін ғылым?                9.Дүние жүзінде қанша этнос бар?

10.  «Хижра » сөзі араб тілінен аударғанда        10.Ежелгі түріктер неге табынған?
қандай мағына береді?

ІІІ тур. Тарихи сынақхат
Қазақстан Республикасында  2004 жылы ……….  облыс,   …….. -ға жуық  қала,…..-дей қала тектес кент, ……….  -ден астам аудан болды.

ІҮ тур.Кесте толтыру.

р/с    Алғашқы адамдар    Табылған жері
1

Гоминид

2    Австролопитек

3
Тік жүретін адам
А)питекантроп
Б)синантроп
4
Неандерталь
5
Кроманьондық

Тас дәуірі

р/с    Тас дәуірінің кезеңдері    уақыты    Құралдары мен жетімтіктері
1

Ежелгі тас дәуірі
(палеолит)
2

Орта тас ғасыры
(мезолит)
3

Жаңа тас ғасыры
(неолит)

Үтур.Уақытына қарай ретімен қой.

І.Тас дәуірлері: 1.                 Мезолит                     І.Қола дәуірінің кезеңдері;
1.                     Атасу кезеңі
2                  .Неолит                                      2.                     Нұра кезеңі
3.                  Полеолит                                  3.                     Беғазы-Дәндібай

ҮІ тур.Хронологиялық жұмыс.

Ғұн империясы.                                                                      Ғұн империясы.
1.  Б.з.б. 71 жыл                                                                       1.   Б.з.б.   55 жыл
2.  376 жылы                                                                            2.  434 жылы
3.  451 жылы                                                                            3.   453 жылы

ҮІІ тур.Тест жұмысы

1. Жазба тарихтың негізін салушы:
А) Алаша хан        Ә) Геродот        Б) Рашид-ад Дин        В) әл-Фараби
2. Қазақстан тарихы қанша кезеңге бөлінеді?
А) төрт            Ә) екі         Б) үш                В) алты
3. Төменде аталғандардың қайсысы жазба деректерге жатады?
А) заңдар            Ә)  эпос        Б)  жұмбақ            В) киім-кешек
4. Ежелгі түріктер қандай жазуды пайдаланған?
А) ұйғыр жазуы        Ә) сына жазуы    Б) иероглиф        В)пиктография
5. Халықтың тұрмыс-тіршілігін, рухани мәдениетін, шежіресін зерттейтін ғылым саласы:
А) археология    Ә) этнография    Б) антропология        В)топонимика
6. Күнге табынудан қазақ жерінде қандай ескерткіштер қалған?
А) пирамида        Ә) «мұртты қорған»    Б) обалар        В) кесенелер
7. Қазақстан Республикасы Каспий теңізі арқылы қай мемлекеттермен шектеседі?
А) Ресесй Федерациясымен        Ә) Әзірбайжанмен
Б) Қырғызстанмен            В)Түркменстанмен
8. Түркі халықтарының рухани орталығы болып қай қала саналады?
А) Түркістан        Ә)  Ақтау        Б)  Алматы            В) Қарағанды
9. 1924-1928 жылдары Қазақстанның астанасы міндетін атқарған қала:
А) Орынбор        Ә) Қызылорда    Б) Алматы            В) Ақмола
10. Мемлекеттің аумағы мен астанасы, шекарасы көрсетілген карта қалай аталады?
А) тарихи            Ә) физикалық    Б)  географиялық        В) саяси
11. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар қай уақытта пайда болды?
А) 1 млн жыл бұрын    Ә) 40 мың жыл бұрын
Б) 2 млн жыл бұрын    В) 5 мың жыл бұрын
12. Ежелгі адамдардың тұрағы Қазақстанның қай аумағынан табылды?
А) Жоңғар Алатауы    Ә) Қаратау маңы        Б) Торғайдан    В) Үстірттен
13. Адамзат тарихындағы өте ұзаққа созылған кезең
А) тас дәуірі        Ә) қола дәуірі        Б) темір дәуірі    В) энеолит
14. Қола қандай металдардың қоспасынан дайындалды?
А) қорғасын мен қалайы    Ә)мыс пен темір
Б) қалайы мен мыс        В) қалайы мен темір
15. Андрон тайпалары қыш ыдыстарының негізгі орнаменті…
А) аң стилі                Ә) адамдар өмірінен көріністер
Б) әскери көріністер        В) геометриялық өрнектер
16. Бзб 530 жылғы шайқаста парсы билеушісі Кирді жеңген сақ патшасы кім?
а) Спаргапис        Ә) Томирис        Б) Тарғытай      В) Колоксай
17. «Алтын киімді адам» қай қорғаннан табылды?
А) Берелден        Ә) Қаратаудан    Б) Есік қорғанынан    В) «Мұртты» обадан
18. «Жер жайындағы кітаптың » авторы:
А) әл-Идриси        Ә) әл-Хорезми    Б) ибн-Хаукал        В) әл-Фараби
19. Көне замандардан бері жинақталған аса құнды жазба құжаттар, қолжазбалар сақталатын орын:
А) мұрағат         Ә) мұражай        Б) баспахана        В) кітапхана
20. Ыстықкөлді алғаш рет топографиялық картаға түсірген кім?
А) Ш.Уәлиханов        Ә) Ә.Марғұлан    Б) К.Ақышев       В) Ә. Марғұлан
ҮІІІ тур. Жанкүйерлер сайысы.
А)Өнер сайысы.(Отан туралы ән, көркемсөз, ұлттық би)
Ә)Әр топтың жанкүйерлері бір-біріне сұрақтар қояды. (бір сұраққа бір ұпайдан беріледі)
ІХ тур. «Шешендік»
1.Мен Президет болсам не істер едім?
2.Мен денсаулық министірі болсам не істер едім?
3.Шетелдіктерге сен Қазақстанды қалай таныстырар едің?
Қортынды. Әдіқазылар алқасына сөз беру.
Марапаттау.
Оқушы еңбегін бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Об авторе

Простой конструктор сайтов WordPress: Универсальные демо-версии для блогов, новостей, электронной коммерции и многого другого — импорт одним щелчком, никакого кодирования! 1000+ готовых шаблонов для потрясающих сайтов газет, журналов, блогов и публикаций.

BlockSpare - Новости, журналы и блоги Приложения для редактора блоков (Gutenberg)

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше