Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, №216 Қ. Сәтбаев атындағы
мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бағдат Орымбас Ақжігітқызы
Сабақтың тақырыбы: Ұлы жібек жолы 7 сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес,халықаралық қатынастар мен мәдениет таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету.
Білімділік: ҚР – ның әлемдегі орнын терең білуге,ой-пікірін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру,жүйелі ойлау қабылетін дамыту,өз бетінше қортынды жасау, бағыт-бағдар беру.
Тәрбиелік: Оқушылардың ұлттық намысын оятуға,адамгершілік сана-сезімін қалыптастыруға,туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан республикасының картасы,кестелер.Ұлы Жібек жолының картасы мен қосымша әдебиеттер.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс,пікір алысу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа қатысу даярлығын,оқу құралдарын түгелдеу.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Сынып екі топқа бөлінеді.Топтың басшылары болады:1-топ «Білгірлер»,2-топ «Алғырлар».Екі топ бір-біріне Ұлы Жібек жолы туралы тест сұрақтарын қояды.
«Білгірлер» тобының қоятын сұрақтары:
1.Ұлы Жібек жолының пайда болуы? 2.Бұл жолды кімдер пайдаланды? 3.Жібек жолының басы басталатын аймақ? 4.Жібек мата түрлерін таратуға қай тайпалар себеп болды? 5.Батыс және Шығыс арасын жалғастыруға не себеп болған? 6.ҮІІ ғасырда қағанат екіге бөлінді.оның астанасын ата? 7.Жібек жолының Қазақстан арқылы жүрген қалаларын ата? 8.Жібек жолының халқаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі? 9.Ұлы Жібек жолындағы ірі қалаларды ата? 10.Қытайдың форфордан жасалған ыдыстары Қазақстандағы қай қалалардан табылған?
«Алғырлар» тобының тест сұрақтары.
1.Ұлы Жібек жолында сауданың дамуы? 2.Жібек жолы дегеніміздің өзін қалай ұғынамыз? 3.Жібек сауда жолында «Ұлы» сөзінің қосылу себебі? 4.Жібек өндіруді дамытып,Қытай мен бәсекеге түскен ел? 5.ҮІ –ІІІ ғ ғ көшпенді және жартылай көшпенді сақ тайпалары мекендеген,олардың қорғандары қай мемлекетте табылған? 6.ҮІІ ғ басында осы өңірлермен өткен шахарлардың атын ата? 7.Оңтүстік және Солдтүстік арасындағы сауда керуен жолдарын картадан көрсет? 8.Ұлы Жібек жолы арқылы сатылған ең қымбат тауарлар қандай? 9.Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы қандай? 10.Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасырды ата?
Картамен жұмыс.Екі топтан екі оқушы шығып картамен жұмыс істейді. 1.Ұлы Жібек жолы Шығыстағы Қытайдың қай өзенінен бастау алады? 2.Ұлы Жібек жолының негізгі тармақтарын көрсет? 3.Испиджаб қазіргі қай мемлекеттен басталады? 4.Ұлы Жібек жолы қай мемлекеттен басталады? 5.Ыстықкөл қай мемлекетте орналасқан ? 6.Ұлы Жібек жолының Науакент,Суяб қалалары қай мемлекетте орналасқан?
Маңызды даталарды слайд арқылы интерактивті тақтадан көрсету
Жылдар,ғасырлар
Оқиғалар
Б.з.б. ІІ ғасырдың соңында
Ұлы жібек жолы қалыптасты
ҮІІ ғасырда
Осы өңірлермен өткен Қазақстан бойынша алсақ Суяб,Тараз және Испиджаб болып жалғасып кете береді
ХІҮ-ХҮ ғасырларда
Ұлы Жібек жолы Ұлы географиялық ашулардың ,яғни теңіз жолдарының ашылуына байланысты өз маңызын жойды
Х-ХІІ ғасырларда
Жібек жолының бір тармағы бүкіл Іле аңғарын оңтүстіктен -батысқа ,солтүстіктен -шығысқа қарата өрнектеп жатты
Бекіту сұрақтары:Тест тапсырмалары.Бағалау
Үйге тапсырма.1.Ұлы Жібек жолы картасымен жұмыс. 2.Дәптерге маңызды даталармен оқиғаларды түсіру.3.Оқулықтағы §14 оқу.








