"Арманы асқақ оқушы" байқауы

«Арманы асқақ оқушы» конкурсына қатысушы Айбарқызы Несібелі

Мектебіміздің қоғамдық істерінде, іс-шараларда белсенділігімен көзге түсіп жүрген Айбарқызы Несібелі  Маңғыстау  облысы, Маңғыстау  ауданы, Шетпе кентіндегі Б. Жұмалиев  орта мектебінің  7-в сынып оқушысы,  озат оқушы.
Айбарқызы Несібелі  – сыныптың ұйымдастырушысы, мектептің мақтанышы,  шығармашылықпен жұмыс жасай білетін шәкіртіміз. Ақпараттық жаңа технологиямен жұмыс жасай білетін жан-жақты ізденімпаз оқушы. Мектептің қоғамдық жұмыстарына және оларды ұйымдастыруға үлкен белсенділікпен қатысады. Ұстаздармен тез тіл табысып, олармен бірігіп жұмыс жасап келеді. Несібелінің  өлең айтатын ерекше өнері де бар, мектеп абыройын республика көлемінде қорғады. Сонымен қатар мектептегі барлық шараларда өз өнерін паш етіп  келеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.