Музыка

музыка

       Жұлдызбаева  Римма  Абубакировна

Қызылорда облысы  Қармақшы  ауданы  Төретам кенті

   № 80  мектеп-гимназиясының   ән-әуез пәнінің мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы:   Білімді жан-жақты тексеру

(қайталау сабақ)

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушылардың тоқсан бойына өтілген тақырыптар   бойынша не біліп, не ұққандығын  ойын арқылы пысықтап кайталау.

ә) тәрбиелік:     Халқымыздың әдет-ғұрпын сақтауға,адамгершілікке,  тапқырлыққа, ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу.

б) дамытушылық:  Балалардың ой-өрісін кеңейту, музыкалық есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың типі: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: сөздік-түсіндірмелі,сұрау әдісі

Сабақтың тәсілі: жеке, топ, ұжым

Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Көрнекілігі: баян, домбыра бес сызық, жан-жануарлар мен құстар суреті салынған маскалары, магнитті тақта, минидиск, бағалау түрлері.

Қолданылған әдебиеттер:   музыка  оқулығы, хретоматия.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, психологиялық сәт.

Ал ,қанекей, балалар,                        Домбыраның  тілімен,

Қолға парақ, қалам ал.                       Қос ішектің үнімен.

Әсем әнге салайық,                            Бүгінгі сабақ ерекше,

Бойға үн боп таралар.                        Ақын, сазгер жырымен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Суырыпсалма өнері.

2.И.Нүсіпбаевтың «Жарқын жүзді ұстазым» әнін әуенімен орындау.

3.Шығармашылық тапсырмалар.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

Енді  балалар, сендердің суырыпсалма ақын екендеріңді дәлелдеу үшін мына тапсырманы орындап жіберейік.

1.Ауызымда алмұрт, тұрады ол ……………………………..

2.Тербетілер  бесік,  сәби толар өсіп………………………………….

3.Қаламды  маған ұстаттың,  жарқын жүзді.………………………………..

Дауыс  жаттығуын  жасау.

Ән айту:  И.Нүсіпбаевтың             «Жарқын жүзді ұстазым»

ІҮ.  Білімді  жан-жақсы  тексеру.

Ой-қозғау.     «Кім  не  үйренді?»

—  Балалар, тоқсан  бойын  қандай  тақырыптар  өттік?

—  Олай  болса,  балалар  үш  топқа  бөлінейік.

Балаларды   үш  топқа  бөліп,  маскалары   кигізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтардың    ұпайлары  беріледі.

Ү. Бекіту

-Балалар, біз  осы  тапсырмаларды  орындаған кезде  сендер  өздеріңнің  әдемі  әнші,

Тамаша   тақпақшы  және  өте тапқыр  екендеріңді  көрсете  алдыңдар. Енді  өз білімізді

әрі  қарай  тексеру  үшін     «Адасқан  ноталар»  ойынын  ойнап  жіберейік.

 

І.   Күй   дегеніміз  не?

ІІ.  Текеге  қатысты күй  мен әнді  ата.

ІІІ.   Күй  нешеге  бөлінеді?

ІҮ.  Суырыпсалма  дегеніміз  не?

Ү.  Бидай  туралы  қандай  әнді  білесің?

ҮІ.  Ақан  серінің  әнін ата.

ҮІІ.  Қандай  суырыпсалма  ақынды  білесің?

Сергіту  сәті:  « Әнші   балапан»  ойынын  ойнату.

ҮІ. Қорытындылау:

А-дан басталатын әндер мен күйлерді ата.

А
А
А

 

 

ҮІІ. Бағалау.( сыйлық  тапсыру)

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.

Тоқсан бойына өтілген тақырыптарды  қайталау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.