Без рубрики

Күнтізбелік- тақырыптық жоспар

Қызылорда облысы 

  Қармақшы ауданы

 Ақай ауылы

  №99 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиет

пәнініңмұғалімі .

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Маханбетова Бакыткул

 

Күнтізбелік- тақырыптық жоспар

 

Үйірме жетекшісі: Б. Маханбетова

Үйірменің атауы: «Мұқағалитану»   (оқушы компонентінің әдебиет пәні)

Сынып 7а,ә,б,в

 

Сағат саны: 136

Апталық: 4 сағат

 

Жоспардың құралған негізі: Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР МЖБС 2.3.4.01- 2010 Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы

 

Қосымша әдістемелік құралдар:

«Сөз өнер» З. Қабдолов

Жазушы 1992ж

Әдебиетті оқыту әдістемесі Қ. Бітібаева Алматы 1997ж

Мұқағали шығармаларының, Мұқағали шығармашылығын зерттеу еңбектерінің материалдары

 

Түсінік хат

Әдебиет- өнер, халықтың сана- сезімін, көркемдік ойлау қабілетін байытатын рухани мұра. Әдебиет өмірге көзқарасы, эстетикалық талғам мен рухани ізгі мұраттарды қалыптастырады. Ол- жеткіншектердің санасын адамгершілік ізгі мұраттарға бастайтын рухани қазына.

Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет пәнінен сыныптан тыс өтетін үйірме оқушылардың оқырмандық мәдениетін жетілдіруді, халықтық әдеби мұралар туралы жүйелі түсінік беруді және адамгершілік әсемдік, отансүйгіштік және іскерлік құндылықтарын шәкірт бойына сіңіруді көздейді.

Қазақтың ақиық ақыны М.Мұқағали мұрасын оқытып, үйрету өнерді өлеңді түсінетін қызығушылығы бар жас шәкірттерге рухани азық болады.

Бағдарлама жинау барысында әдебиеттанушы Жұмаш Мұхаметнұрлыұлының «Мұқағалитану» курсы бағдарламасы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдарының материалдары, «Аңыз адам» көркем- әдеби журналының материалдары, ақынның шығармалары пайдаланылды.

 

Мақсаты- сөз өнерін адамзаттық көркем тарихы ретіндегі мәдени мұра, ұлттық құндылық деп құрметтей алатын, әдеби шығармада бейнеленген құбылысты көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті дағдыларды меңгерген, оқырмандық талғам мәдениеті қалыптасқан , білім негіздерін өмірлік жағдайларда білетін елжанды азамат тәрбиелеу. Мұқағалидың азаматтық ақындық болмысын үлгі етуге шығармаларының идеялық мазмұнын түсінуге баулу.

 

Міндеттері:

—         оқушыларға төл әдебиеттің, ақын шығармаларының ұлттық сипатын, стильдік ерекшеліктерін, көркем туындының  идеялық- адамгершілік мәнін түсіндіру;

—         көркем шығарманы эмоционалды қабылдауға, бейнелі және зерделі ойлауға және ақындық көзқарасқа машықтандыру;

—         Мұқағали шығармашылығы арқылы оқұушылардың ішкі жан әлемін рухани- адамгершілік құндылықтарымен байытып, көркемдік талғамын кеңейту оқырмандық  мәдениетін қалыптастыру, Мұқағали мұрасын, басқа да көркем шығармаларды өз бетінше іздеп, қызығып оқуға дағдыландыру.

—         Оқушының өзіне сенімді түрде шығармашылық жұмыс істеуіне бағыт беріп, өз ойын еркін, шешен жеткізе білуге дағдыландыру.

—         Оқушының өзіне сенімді түрде шығармашылық  жұмыс істеуіне бағыт беріп, өз ойын еркін, шешен жеткізе алуға баулу;

—         Білім мен  тәрбиенің нәтижесін өз өмірлеріне қолдана алуға үйрету.

 

 

р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Пайдаланылған әдебиеттер

Көрнекілігі

Үй тапсырмасы

І тоқсан

«Қайран, Қарасазым- ай»

1 Кіріспе сабақ. Бала Мұхамедқали Қарасаздың қойнауында ер жеткен 1 «Аңыз адам» журналы 2011ж №3 «Қайран Қарасазым- ай» өлеңін жаттау
2 «Қырқыншы жылдар» 1 М. Мақатаев шығармалары. І том. Алматы. «Жазушы»- 1991ж 131-1565 Ақын шығармаларының жинақтары Жаттау
3 «Хантәңірі» 1 Жаттау
4 «Мен – таулықпын» 1 Жаттау
5 Бала шақтан- болашаққа («Өмірдастаннан» 1-2 тарау) 2 М. Мақатаевтың І томдығы. 283-бет БАҚ материалдары Қосымша деректер жинау
6 «Ахай, далам» 1 Жаттау
7 «Поэзия, менімен егіз бе едің» 1 Ақын шығармаларының жинағы Жаттау
8 «Мұқағалитану» курсынан тоқсандық тест 1 «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 200/8ж №2 Ақын шығармаларын (бағдарламадан тыс) жаттау

ІІ тоқсан

«Жанымның бір бөлшегі…»

1 Кеңсайдың құшағында жатыр менің құлыным! 1 «Аңыз адам» журналы.2010ж №5 «Шеше, сен бақыттысың» өлеңін жаттау
2 Ұлы жолын ұстаздықтан бастаған 2 «Қазақ әдебиеті» журналы 2006ж№12 Ақын жарының күнделіктері Шығармашылық іздену
3 «Күрсінбеші» 1 «Жас алаш» 2001 №17 8 ай «Күрсінбеші» өлеңін жаттау
4 «Лашынға» 1 Ақын шығармаларының жинағы І том Әдеби басылымдар материалдары Жаттау
5 «Майгүлім» 1 Ой- додаға дайындалу
6 «Тұршы, әке, жетер енді жатқаның» 1 «Аңыз адам» журналы 2010ж №5 Түсініп оқу

ІІІ тоқсан.

«Үш бірдей бақытым бар алақанда»

1 «Қарлығашым, келдің бе? 1 М. Мақатаев «Жырлайды жүрек» 32 бет Ақын шығармаларының жинағы Өлеңді жаттау
2 «Қайырлы таң» 1 М. Мақатаев «Жырлайды жүрек» 26 бет Идеялық талдау
3 «Сарыжайлау» 1 М. Мақатаев «Жырлайды жүрек» 84 бет әнімен айту
4 «Отан» 1 М. Мақатаев «Жырлайды жүрек» 112 бет Орта мектеп әдебиет пәні оқулықтары Көркемдеп оқу
5 «Адасқан шағала» 1 М. Мақатаев «Жырлайды жүрек» 152 бет Түсінік айту
6 «Бәріне жауаптымын» 1 М. Мақатаев «Жырлайды жүрек» 152 бет Жаттау
7 «Халыққа хат» 1 «Жас алаш» 2011ж 28.07 Ақын шығармаларыныің жинағы Түсініп оқу
8 «Отан туралы» 1 М. Мақатаев «Жырлайды жүрек» 229 бет Шығарма жазу
9 «Кешіргін қала» 1 М. Мақатаев «Жырлайды жүрек» 240 бет Жаттау
10 «Сөз мерген» интеллектуалдық ойын 1 Шығармашылық іздену

ІҮ тоқсан

«Мәңгілік сәуле…..»

1 Ақындық- азаматтық үн (ақын шығармалары туралы шолу) 1 Қосымша деректер жинау
2 «Аққулар ұйықтағанда» 2 Талдау. Үзінді жаттау
3 Тіл ұстарту. (шығарма, эссе) 1
4 «Райымбек!Райымбек!» 2 Ақын шығармаларының жинағы ІІ том 2011ж Үзінді жаттау
5 «Тау- тұлға» (Б. Беделханұлы) Жас алаш 2011ж 28.07 Үзінді жаттау
6 «Рухың ата, көкте ме?» (Ақынға арнау сағаты) 1 «Ұлан» газеті 2008ж12.02 Арнау- шығармалардан жұмыс

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.