Музыка

Армысың, музыка әлемі!

Абильдина Лаззат Шокеновна, Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы
Жезді аралас орта мектеп-интернатының музыка пәнінің мұғалімі

Мақсаты: оқушыларды тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру;

Көрнекілігі:құрал-жабдықтар, плакаттар, магнитафон;

Білімділігі: білім-біліктіліктерін дамыту;

Тәрбиелігі: тәртіптілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Әділ қазылар алқасын сайлап алу.

2.Оқушыларды екі топқа бөлу, топтың атын, ұранын, төсбелгісін қорғау.

І сайыс: «Топжарған» (таныстыру)

І топ: «ОПЕРА» Ұраны: Мұрагері атамның

Әнші бала атандық

Біз емес пе бүгінгі

Болашағы Отанның.

ІІ топ:«ОКТАВА» Ұраны: Сайысқа шық деп бүгін жар саламыз,

Қарсыласты құрметпен қарсы аламыз.

Төрлетіңдер, достарым, төрлетіңдер,

Октава тобы болып жар саламыз.

ІІ сайыс: «Сергітпе»До,ре,ми,фа,соль ля,си до. Осы ноталардан сөз құрау керек. Орысша сөздерден де қолдануға болады.

Мысалы: до – доп,дос;

ІІІ сайыс: «Ән көңілдің ажары» (үй тапсырмасы)

І топ: «ОПЕРА» : ән: «Ақ көгершін»

ІІ топ: «ОКТАВА»: ән: «Отан»

Ісайыс:Крисскросс «Музыкалы сурет» (Капитандар сайысы)

Д Қ С С Л З Қ С О Р А Қ Ы О С А

З А Я Б Ы Б Ы Р Ы Й Н Т Ғ Ң Ы

О Б Ы А С Ы З А Ы А Р А Б А З Й

М Б А Д Ы Ш Н

 

Команда капитандары дайындалып болғанша жақтаушылармен ойын ұйымдастырылады.Жақтаушылары суреттің дұрыс жауабын тауып, қазылар алқасына табыс етеді, бағаланады.

V сайыс: «Сиқырлы саз» (әннің тақырыбын табу)

1. Көңіл толқыны 5. Айгөлек

2. Сарыарқа 6. Атамекен

3. Қамажай 7. Қошақан

4. Ақ көгершін 8. Ертегілер

Тапқан команда 1 ұпайдан жинап отырады.

VІ сайыс: «Сөзжұмбақ»

1. — — — А — — — 5. Ш — — — — — — —

2. Д — — — — — — — 6. — — — С — — — — —

3. — — М — — — — 7. — — — — — — Ы

4. — — — — Г — — 8. — — Б — —

9. — — — — Е —

1. Асатаяқ – ертеден келе жатқан сілкімелі аспап.

2. Дауылпаз – соқпалы, ұрмалы аспап.

3. Домбыра – екі ішекті музыкалық аспап.

4. Жетіген – көп ішекті музыкалық аспап.

5. Шаңқобыз – тілшікті аспап

6. Сазсырнай – үрлеп ойнайтын аспап.

7. Сыбызғы – қурайдан, ағаштан жасалып, үрленетін аспап.

8. Қобыз – ысқышпен ойнайтын аспап.

9.Шертер – көп ішекті аспап.

VІІ сайыс: «Әнді тап»

«Отан»

Айдын көл,

үйрек – қаз жүзетін

Жастарың —

дарқан ел,туған жер

Жарқын жаз —

кең байтақ жасыл бел

Күміс су,

жалынды жауынгер

«Ұстазым менің»

Зердемді

сыбағасыз өтер едім

Өмірден

дүниенің сырын жайып

Ғажайып

қызықтырып жетеледің.

Қияға

сен ашпасаң не етер едім?

«Айгөлек»

Көлдей шалқып жас өмір

асып жатқан шағында

Кемерінен шалықтап

өсер бала болар ма

Ойын ойнап, ән салмай

кемеліне толар ма

Күміс күлкі көрмей ол

тасып жатқан шағында

Айгөлек-ау айгөлек

ел бөбегі,кел, бөбек

Айгөлек деп ән шырқа

Айдың жүзі дөңгелек

Айгөлек деп ән шырқа

Кел,бөбек,ел бөбек

 

VІІІ сайыс: «Марапаттау» Жеңген топ пен жеңілген топты марапаттау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.