Музыка

Қобыз

Абильдина Лаззат Шокеновна, Жезді аралас орта

мектеп-интернатының музыка пәнінің мұғалімі

Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы Жезді кенті.

Сабақтың тақырыбы: Қобыз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қобыз жайында мағлұмат беру, қобыздың құрылымымен таныстыру. «Ақтайлақ» әнін үйрету.

Сабақтың міндеті: Есту, есте сақтау қабілетін арттыру. Ән айту дағдыларын

сақтауға үйрету.

Көрнекілігі: Қобыз, домбыра, баян, слайд.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Жаңа сабақ

3. Кіріспе бөлім

а) аңыз

ә) Ән «Қобыз»

4. Негізгі бөлім

а) Музыкалық сауаттылық

ә) Қобыз үні

5. Ән үйрету

а) Дауыс жетілдіру(а-а-а,о-о-о)

ә) Ән «Ақтайлақ»

6. Логикалық ойын

7. Қорытынды

8. Үй тапсырмасы

9. Бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеп сабаққа дайындау.

2. Жаңа сабақ. – Балалар, біз қандай қазақтың ұлттық аспаптарын білеміз?

(Оқушылардың жауабы тыңдалады.)

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар, өте жақсы. Біздің бүгінгі мақсатымыз –

осы аспаптардың ішіндегі қобыз аспабы туралы мағлұмат алып, оның құрылымымен танысу.

Жан дүниеңді тербетеді толқытып,

Бұл аспаптың естігенде саз үнін.

Қорқыт бабам тіл бітірген, қай аспап?

Бұл, әрине, қасиетті қобызым.

3. Кіріспе бөлім. Оқушылар, қобыз аспабының шығу тарихымен танысайық.

Бізге бұл аспапты жеткізген – Қорқыт атамыз.

Қорқыт атамыз VIII-IX ғасырларда өмір сүрген. Қорқыт атамыз бала кезінен

бастап аспаптардың бәрін де керемет ойнаған. Алайда, ол оған көңілі толмай,

адам мен жануарлардың үнін табиғаттағы құбыластарды жеткізетін бір аспап

жасағысы келеді. Он ойланып, жүз толғанады. Қарағай ағашын кесіп әкеліп,

одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай не істеу керек екенін

білмей қиналады. Содан бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс

көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт жасап жатқан қобызың

алты жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар түйенің терісінен

жасалған шанақ, ортеке мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан

тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылардың барлығы болса, аспабың

сайрағалы тұр, » — деп кеңс береді. Қорқыт ұйқысынан ояна сала, осы

айтылғандардың бәрін жасайды.

Балалар, мына аңызда айтылғандай Қорқыт атамыз қобызды қолына алғанда

сайрап қоя береді. Қазір мен сендерге осы қобыз жайлы мына әнді

«домбыра» аспабында айтып беремін. Бұл әннің аты «Қобыз» деп аталады.

Әнді тыңдамас бұрын, қолымызды алдымызға салып, кеудемізді көтеріп

отырамыз. (Мұғалімнің орындауында ән тыңдалады.)

4.Негізгі бөлім.

а)Музыкалық сауаттылық.Қобыз аспабы ағаштан ойылып жасалады. Қобыздың жаңа түрі және ескі түрі бар. Қобыз – қазақтың ескі музыкалық аспабы. Ысқышпен ысып ойналады.

ә)Қобыз үні. Оқушылар, қазір бізге Әсем мұғалім қобыз аспабында ойнап береді. (Мұғалім домбыра аспабында ойнайды.) Ал, енді оқушылар, қараңыздар, осы екі аспаптың бір-бірінен айырмашылығы бар ма? (Оқушылардың жауабы тыңдалады.)Әрине, бар. Қобыз аспабының үні мұңды, зарлы болып ойналады.

Қобыз аспабы 4 құлақты, екі шекті, мойны, тиегі, түймесі бар, беті қуыс болып келеді. Домбырадан айырмашылығы – қобызды ойнағанда ысқышпен ойнайды. Ал домбырада қолмен ойналады.

 

5. Ән үйрету

а) Дауыс жетілдіру

Балалар, біз ән айтпас бұрын, ән айтуға дауысымызды жетілдіріп аламыз. Ал енді қолымызды тіземізге қойып, арқамызды орындыққа сүйеп, басымызды көтеріп отырамыз. Енді, біз, мына дыбыстарды айтамыз: а-а-а,о-о-о. Аузымызды ашып, дөңгелетіп айтамыз. Демімізді ішімізге тартып, сыртқа шығарамыз. Жаңа әнді үйренбес бұрын үйге берілген әннің 2 шумағын айтамыз.

ә) Ән «Ақтайлақ».Балалар, енді біз, бүгін «Ақтайлақ » әнін үйренеміз. Музыкасы: Ә.Еспаевтікі.

Оқушылар, қане кім айтады,қай жануардың төлін айтамыз? Әрине, түйе жануарының 1 жасқа келген төлін тайлақ деп атаймыз. Ән көңілді, ойнақы, сергек орындалады. Бұл жерде балалар, «А,О,Ұ» дыбыстарын жинақы, «Р» дыбысын анық айтамыз. Оқушыларға әннің 1-ші шумағын қайырмасымен үйретемін. 1-ші шумағын екі-екі жолдан қатар-қатарға бөліп айтқызу.

6.Логикалық ойын.

Оқушылар, қазір мына жерде бізге сандар берілген. Осы сандарды өсу ретімен қойсаңыздар, бір әннің аты шығады.

Т

47

Й

66

Қ

90

Л

78

Қ

35

А

53

А

27

А

89

Жауабы: ән: «Ақтайлақ»

7.Қорытынды

Балалар, бүгін біз қандай аспаппен таныстық?

Бұл аспапқа тіл бітірген қай бабам?

Қобыз аспабын неден жасайды?

Қобыз аспабының басқа аспаптан ерекшелігі бар ма?(Оқушылардың жауабы тыңдалады).

8. Үй тапсырмасы

Ән: Ақтайлақ жаттау

9.Бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.