Ашық сабақ
Тақырыбы:Сүйінбай Аронұлы.
«Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі
Пәні: әдебиет
Сыныбы: 6 «А»
Пән мұғалімі: Икишева Асель Амангельдиновна Жезді аралас орта мектеп-интернаты.
Мақсаты: Сүйінбай Аронұлы өмірі жайлы мағлұмат бере отырып, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдану нәтижесінде адамның жақсы мен жаман қасиеттерін ажырата білу арқылы оқушыларды оқу үдерісіне тарту..
Міндеті: 1.Өлеңнің негізгі идеяларына сәйкес рефлективті ойлауын арттыру
2. Оқушыларды тиімді түрде жүйелі бағалау
3.Б ілім алу үдерісі бойынша басқа балаларға ықпал ету
Оқушы саны: 20
Сынып бөлмесі: 32
Стратегия: Блум таксаномиясы, 10сұрақ, 9ромб, Де Бононың қалпақтары.
Қолданылатын модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
Бөлімі |
Жоспардың мазмұны |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
Күтілетін нәтиже |
||||||||
Кіріспе |
Сыныпты қарсы алу |
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастырамын, сәлемдесемін. Сыныпты өнер, тіл, адамгершілік, еңбек, төрт түлік, ана туралы мақалдарды тақырыбына сай бөлу арқылы топтастырамын.
. |
Назарларын сабаққа аударады, Шеңбер құрып орналасып, сәлемдеседі, топ құрып, оған ат қояды. І топ- Ақыл ІІ топ- Білім ІІІ топ- Өнер ІҮ топ- Жігер Ү топ- Қайрат ҮІ топ- Қуат |
Тақырыпқа сай үлестірме қағаздар |
Көңіл- күй көтеріліп, қызығушылық оянады. |
||||||||
Тұсауке сер |
Ынтасын арттырып, өзара қарым- қатынас орнату |
Білу.
Ой қозғау. 9-ромб тәсілі Оқушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін 9 ромб тәсілі арқылы сұрақ беріледі. Сұрақтың жауабын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). 1.Д.Бабатайұлы жайлы тоқтал. 2. Ақын арманының риторикалық сұрау арқылы берілуінен нені байқауға болады? 3. «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің құрылымы, көркемдік ерекшелігі жайлы не айтар едіңдер? 4.Ақтанға айтқан ақынның ақ тілек батасынан ел қатарына қосылған ер жігітке тән қандай сипатты байқауға болады? 5. Риторикалық сұрау түрінде жазылған қандай өлеңдерді білесіңдер? 6. Ақын өз сөзін бір Ақтанға арнау арқылы кімдер жайлы ой қозғайды? 7Адам бойында қандай қасиет басым болу керек. Тану 8. Адам бойындағы қасиеттер жайлы тағы кім жырлаған? 9.«Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі нені қозғайды, идеясын анықта. Жаңа тақырып түсіндіру. Оқушыларды жұптастырып, бір біріне тілек айтқызамын, келесіде оқушылардың орнын өзгерту арқылы басқа жұп құрып тілек айтқызамын. Осымен қатыстыра отырып, жаңа сабаққа енемін. С.Аронұлы өмірінен мағлұмат бере отырып, .«Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңімен таныстырамын. |
Сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын сараптайды. Берілген сұрақ жауаптарын әр тор көзіне әкеліп орналастырады.
Диалогтік оқыту тәсілі арқылы бір- біріне жақсы тілек айтады. Адам бойындағы ұлы қасиеттерді анықтайды.
Топтық жұмыс арқылы С.Аронұлы жайлы мәліметпен танысып, «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін оқиды. |
Кесте Иллюстративті материалдар
Интербелсенді тақтадан ақын өмірі жайлы мәлімет (хранологиялық кесте) Оқулық С.Аронұлының шығармалар жинағы |
Д. Бабатайұлы жайлы және «О,Ақтан жас» өлеңімен толық танысады.
С.Аронұлы жайлы біледі, өлеңнің идеялық мәнін аша алады. |
||||||||
Негізгі |
Жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата алуға ықпал ету |
Түсіну. Арасындағы айырмашылығы … Неге? Мына сөйлемді жауап үшін пайдаланыңыз: ... … болып табылады, ал …. — ….. Өздік жұмыс Жақсы қасиеттерді қолданып, досыңа мінездеме жазғызамын. Талдау Топтарға жақсы мен жаман адамның кластерін жасату. Жақсы адамда өлеңде айтылғаннан басқа қандай қасиеттер болуы мүмкін деп ойлайсыңдар? Жағдаят.
Айжан сабаққа бірнеше күн келмеді. Мұғалім досы Гүлімнен сұрады. Гүлім сабақтан кейін Айжанға барып, оның етігінің жыртылғанын естіді. Өзінің қолындағы жөндетуден алып келе жатқан етігін беріп кетті.
Жинақтау Өлеңде жақсы қасиеттерді қандай теңеулермен берген? Жаман адамды неге балтаның ұңғасына теңейді? |
Берілген тапсырмамен әр оқушы жеке жұмыс жасайды.
Сыныптағы жақын досына мінездеме жазады
Топ болып кластер жасайды. Жақсы Жаман
Топ болып жағдаятты талдайды.
Жұптық жұмыс.
|
Үлестірме қағаздар
Иллюстративті материалдар
|
Таным белсенділігі артады
Сөздік қоры дамиды.
Жұптар арасында ынтымақтастық қалыптасады.
Жақсы, жаман қасиеттерді саралай алады. Адамгершілік қасиеті артады. |
||||||||
Қорытынды |
Рефлексия жазу, бағалау Алған білімдерін пысықтау. |
Бекіту Де Бононың қалпақтары Сабақтан алған, түйгендерін саралату. Топ болып жұмыс жасайды.
Рефлексия Ойды толықтыру
Бағалау Әр оқушыға қызыл, сары, жасыл түсті белгілер беріледі. Әркім сабақта белсенділік танытты деген тобындағы оқушы жанына апарыпіледі. Әр топқа бір- бірін түрлі көңіл- күйдегі смайликпен баға бергізу(парталарына қояды) Үйге тапсырма беру Адамның қасиеттері жайлы шағын әңгіме жазып келу |
Әр оқушы сабақтан алған әсері жайлы рефлексия жазу
Өзара бір- бірін бағалау
Топтар бір- бірін бағалау
Шағын әңгіме жазып келу |
Де Бононың қалпақтары
Стикерлер |
Топтар бір- бірінің еңбегін саралайды. фармативті бағалайды,
Қаншалықты деңгейде түсінгендерін байқайды. |