Без рубрики

Ислам діні салауатты өмір салтының кепілі спорт пен дене шынықтыру жөнінде не дейді?

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, О.Жәутіков атындағы
Республикалық арнайы  мамандырылған  дарынды балаларға
арналған  физика-математикалық  орта мектеп  интернатының
әскери-спорттық кафедрасының меңгерушісі дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі Игісінов Асхат Серғалиұлы

Ислам діні салауатты өмір салтының кепілі
спорт пен дене шынықтыру жөнінде не дейді?

      Қазіргі өмірдің шарықтан дамыған кезінде, ғылыми-техника жетістіктері адамдарды ауыр жұмыстан, қарапайым үй тіршілігіндегі қимыл-қозғалыстан шөп шабу, отын жару , жер қашау сияқты қол үздіріп отыр.Күнделікті өмірде транспорттың көбеюі, лифтінің пайда болуы және теледидар алдында ұзақ уақыт қозғалыссыз отыру да организмге зиянды әсер етеді.Адамның аз қимылдауы-бұлшық еттердің дәрменсіз қалуы, қан айналысының нашарлауы, ішкі ағзалар қызметі төмендеп, зат алмасуы бұзылды деген сөз. Осындай зардап тартпса үшін, адамдар жаттығулар жиынтығын кеңінен қолдануы керек. Қимыл-қозғалыстың денсаулыққа пайдасы ықылым заманынан белгілі. Соның бір кепілі-намазға жүгіну. Алланың ұйғаруымен оқылған намаздың адал жолға бастайтын, пайдасы мен тағылым-тәрбиесі шексіз. Ислам діні өз қоғамын қуатты да айтылды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42-ші жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Әбу һурайра жеткізген хадис шәріпте хазірісті пайғамбарымыз Мухамеммед (с.ғ.с.) осы мәселеге байланысты: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмкін Аллаға , әлсіз мүсіннен жақынырақ және  сүйіктірек»,-деген (Ислам Мүсілім). Басқа да бір хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.). « Расында, сенің Раббында сенен ақысы бар, және сенің денеңнің сеннен ақысы бар, және сенің әйеліңнің сенен ақысы бар, және сенің қонағыңның сенен ақысы бар, сол үшін сен ақысы барлардың ақысына жауап бер»,-дейді (Әл-Бұхари, имам Мүсілім). Демек, спорт-ағзамыздың ақысы. Ол денемізді шынықтыру арқылы өтелмек.
Жалпы, спорт — денемізді күшейтіп, ағзадағы зиянды қалдық заттардың сырқа шығуына және артық салмақты жоюда май жасушаларының еруіне септігін тигізетіні белгілі. Бойымызды тазалап, қан айналымымызды жақсарту, біздің ойлау қабілетімізбен санамызға оң әсер береді. Ислам діні саулықты, салауатты өмір сүруді, тән мен жан жаңалығын уағыздаса, намаз соны тікелей іске асыратын тәсілдің бірі. Енді сол намаз оқудың денеге тигізетін  пайдасын медициналық тұрғыдан алғандағы бірнеше түрін атап өтейік:
1. Күніне 5 рет оқылатын намаздарға қимыл-қозғалыс байыпты, ретті,  жүректі қажытпай, адамның көңіл-күйін көтеріңкі ұстауға ықпал жасайды.
2. Күніне 80 рет жайнамазға басын (маңдайын) тигізген адамның ми тамырлары кеңіп, арнасынан аққан қанның көлемі көбейеді. Сол арқылы миға қоректік заттар мен оттегі көптеп келеді.  Мұндай адамның көкірегі ояу, ақыл-ойы таза, күш қуаты мол болады.
3. Үнемі иіліп, көтеріліп тұрудан көздің ішіндегі қан айналымы жақсарып, оны ұстап тұрған бұлшық еттер шыңдалады.
4. Намаз –жақсы ұйқының көзі. Адам бойына жиналған зиянды заттар еңкейіп, маңдайын жайнамазға бірнеше рет тигізген кезде, жерге тағзым еткен шақта, жоғалып кетеді. Сондықтан дене сергіп, бойға қуат, ойға азық жиналады.
Дене шынықтыру адам баласының тәнін ғана дамытып қоймай, рухани жақтан да тәрбиелейді.
Өз нәпсісін жеңіге, өз денесін өзіне бағындыруға жәрдемдеседі. Шейх Али Ат-Пантауи өз кітабында спорт туралы ойын былай жеткізеді:
Дене шынықтырумен айналысуларың керек. Өйткені, ол — қуат. Дене қуаты, ой ұшқырлығы, иман қуаты ер жігіттің көркемдігі. Спорт нәпсінің құлдығынан сақтайтын ең жақсы жол. Спорт — Алланың қойған парыздары мен білім үйренуден кейінгі ең абзал әрекет. Уақытын босқа өткізетін адам жалығады, жаны шаршайды.Мұндайда оның жаны темірдің тотығуындай тот басады. Сол үшін бұл проблеманың шешімін спорттан, сергек қимыл әрекеттерден, халал қатынастардан табу қажет. Рұқсат шеңберіндегі спорт түрімен айналысу адамның серігіп жан-тәнінің тынығуына жол ашады. Өміріміздің бос уақыттары спортпен толықтырылғаны құба-құп.
Сонымен қатар, спорт адамға кішіпейіл, кешірімді болуға сәттіліктер мен жеңісті қарапайым қабылдап, тәкәппарланбауды үйретеді.Осыған қоса, басқа түскен қайғылар мен жеңілдіктерге қарсы сабырлыққа бейімдейді. Сол арқылы, қандай жағдай болмасын, адам үмітсіздік тұрманында адаспай сыртқы әлемнен оқшаулыққа түспей, өз қателігін ешкімнен көрмей салауатты өмір сүруді насихаттайды. Ислам дінінде спорттық ойындар үш топқа бөлінеді. Олар шұғылданудың абзал түрі, рұқсат етілген түрі және рұқсат етілген тиым салынған түрі.
Шұғылданудың абзал түрі — ерлер үшін ең жақсы спорттық ойындар, олар: мергендік, жүзу және ат спорты. Өйткені бұл әскери дайындыққа бір табан жақын спорттық ойындар. Әділетті халифалардан болған Омар Әл-Хаттаб: «өз балаларыңа садақтан оқ атуды, суда жүзуді және атқа мінуді үйретіңдер»,-деген хадисті жеткізген. Имам Мүсілімнен келген бір хадисте, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мергендік турасында үш рет қайталап мына сөздерді айтыпты: «Расында, күш — садақ атуда». Ат спорты жайлы Алла елшісі (с.ғ.с):, «Адам баласы атты соңғы күнге дейін тастамас, өйткені сол арқылы ол бұл дүниеде де олжасы бар, ақыретте де сыйылығы бар» (Әл-Бұхари; Имам Мүсілім).
Екінші топтағы рұқсат етілген ойындар қатарына жүгіруден жарыс, жорға жүріс, кедергілерден секіру, т.с.с. күш сынау ойындары. Сонымен қатар, күрес те рұқсат етілгендердің санында. Өйткені пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Руканамен күресіп, оны жеңген. (Абу Дауд; Әл-Байхақи Абдур-Раззақ; Ат-Тирмизи). Сондықтан, қазақша, еркін күрес секілді спорт түрлері рұқсат етілгендерге жатады. Осы айтқандарға қоса, қылышпен, жебе-найза немесе таяқпен айқасу жарыстарын ұйымдастыруға болады. «Алла қылышы» атағына ие болған хозреті Хамит Иби Әл-Уамид айтты: «Муғта түбіндегі шайқастарда менің қолымда тоғыз қылыш сынды, сонда қолымды иемендік қалқаннан басқа ештеңе қалмаған еді.» деп еске алады (Имам Әл-Бухари).
Бұл ойындар тізбегіне ауыр атлетиканы да қосуға болады. Иби Абидин: «Шынығу үшін ауыр тастарды көтеру рұқсат»,-деген (Радд Әл-Мұхтар  Т.9.494 б.)
Аталмыш тізбекті жалғастырсақ: қайықпен автомобиль велосипед, шаңғы, планермен жарысу, коньки тебу, парашютпен секіру, футбол, баскетбол, волейбол, регби, бейсбол, т.с.с. түрлі ойындарда біздің денсаулығымызға өте пайдалы. Аңшылықты да адамды сергітетін демалыс түрі және спортқа жатқызуға болады.
Ислам дінінде харам етіліп, тыйым салынған спорттық ойындарға адамды ауыр жарақаттап, миын зақымдайтын бірін-бірі ұрып соғатын ойындар жатады. Сол секілді нарда ойыны төрт мазһаб бойынша харам етілген. Оған дәлел ретінде мынадай хадис бар: «Кімде-кім нарда ойнаса, ол адам қолын шошқаның еті мен қанына малғанмен тең (Мүсілім; Мәлік; Ахмад).
Сонымен қатар, ақша тіккен бәйгелер мен жарыстар харамға жатады. Алайда ақшаны үшінші жақ (мемлекет, ұйым, не жеке тұлға) тіксе, онда ол ойын рұқсат шеңберіне кіреді. Бірақ ғалымдардың көпшілігі сыйақы тігуді тек белгілі бір ойын түрлеріне ғана болатын пікірді қолдаған. Сыйақы тігу жарысқа қатысушыларды күштірек машықтануға және денесін шымыр да қуатты қылуға ынталандырады. Елімізде спортпен шұғылданушы бауырларымыз көбейіп, халқымыздың еңсесін көтеріп, көк байрағын биік желбірететін спортшыларымызға Алла Тағала жеңісті нәсіп етуін тілейік.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.