Без рубрики

Абай Құнанбайұлы. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы.

«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі

Пәні: әдебиет Сыныбы: 6 «А»

Пән мұғалімі: Икишева Асель Амангельдиновна

Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы,Жезді аралас орта мектеп-интернаты

Мақсаты: Абай Құнанбайұлы жайлы мағлұматты толықтыра отырып, . «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңінің тәрбиелік мәнін ашу арқылы ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру және төрт түлік малды қадірлеп қастерлеуге, қамқорлық жасауға, эстетикалық тәрбие беру арқылы бейнелеу өнері секілді көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру;

Міндеті: 1.Ынтымақтастық атмосферасын құру

2. Оқушылардың өзін және өзгені бағалай білуіне ықпал ету.

3. Сыни ойлауын арттыру.

Оқушы саны: 20

Сынып бөлмесі: 32

Стратегия: Блум таксаномиясы,Lesson study әдісі, Блиц- кездесу, толықтыру әдісі.

Қолданылатын модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ақпараттық- коммуникативтік технологияларды қолдану, білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты. және дарынды балаларды оқыту

Бөлімі

Жоспардың мазмұны

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Күтілетін нәтиже

Кіріспе

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастырып, сәлемдесемін. Арнайы кесілген қағаз қиындыларынан сәйкестендіру арқылы жылқы малының суретін құрап шығартамын.

Сабақтың эпиграфы:

«Маған айтып берсеңіз, ұмытып қалармын, жазып көрсетсеңіз, есіме сақтармын, өзіме жасатсаңыз , үйреніп алармын»

Назарларын сабаққа аударып,

сәлемдеседі, Қағаз қиындыларынан сәйкестендіру арқылы жылқы малының суретін құрау арқылы топ құрып, оған ат қояды.

І топ- Сәйгүлік

ІІ топ- Құлагер

ІІІ топ- Тайбурыл

ІҮ топ- Құлыншақ

Ү топ- Маңмаңгер

Иллюстративті материалдар

Көңіл- күй көтеріліп, қызығушылық артады.

Тұсаукесер

Білу тану.

Зейіні арттыру

Ой қозғау

Қызығушылықты ояту.

Ұлы дана ақын Абай атамыздың «Қыс» өлеңін біз 5-сыныпта өткен болатынбыз.

( тақырыбы, авторы, қай ғасырда туылғаны туралы тоқталып өту )

«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін оқулықтан дауыс ырғағымен мәнерлеп оқытамын,

Өлеңнің тақырыбы, аттың сыны –

Ал жылқы малы жайлы не білеміз?

Өлеңдегі аттың сыны сөз өнері болғанда, суреттеудегі ат бейнесі өнердің қай түріне жатады?

Ғасырлар бойында мал өсірумен, көшпелі күйде тірлік еткен елдің ақыны аттың бағасын өзгеше түсінеді. Соның ішінде бәйге аттың орны мүлде бөлек. Ол қазақтың бағзы заманнан бергі ауызша әдебиетінде де сан алуан «қиял пырағы» болып жырланып келген. Абай өмір кешкен кезде де «ат – ер қанаты» жүйрік ат, әсіресе, қазақ білген жануардың ішіндегі адамға ең ыстығы, қадірлісі екендігі.

«Қыс» өлеңін естеріне түсіріп, ойларын айтады.

«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін оқулықтан мәнерлеп оқиды.

Топ болып жылқы малы жайлы топ болып пікір алмасады.

Интербелсенді тақтада 5-сыныпта өткен өлең шумағынан үзінді

«Әуес көріп жүгірген жас балалар…»

оқулық

интерактивті тақтадан жылқының сыртқы мүшелерін көрсету

интербелсенді тақтадан жылқының суретін көрсету

Ақын жайлы білімдерін пысықтайды.

Өлең мазмұнымен танысады.

Төрт түлікке деген сүйіспеншілігі артады.

Негізгі

Қабілеті артып, шығармашылыө қызығушылығы оянады.

Шығармашылық жұмыс

Жылқы малы, оның пайдасы жайлы өлең шығарту

Менің тұлпарым

Әр топқа өз қиялындағы аттың мүсінін сомдату, суретін салу

Блиц-кездесу

Әріптесіңіз екеуіңіз, біреуіңіз тақтаға, ал екіншіңіз қарама-қарсы жаққа қарап отырыңыз.

Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде келтірілген негізгі сөзді (дерді) түсіндіру үшін бар-жоғы 30 секунды бар –мұғалім түсіндіру үшін негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді.

Берілген тапсырмамен әр оқушы жеке жұмыс жасайды.

Тапсырмамен топ болып жұмыс жасайды.

Сіздің негізгі сөзіңіз

Жұптасу арқылы төрт түліктің пайдасы жайлы әңгімелеседі

Иллюстративті материалдар

Иллюстративті материалдар

Иллюстративті материалдар

Шығармашылық қабілеті артады.

бейнелеу өнері, көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігі артады.

Төрт түлік жайлы жаңа мәліметпен танысады.

Қорытынды

Тақырыпты бағалайды, қорытады.

Рефлексия

Бағалау

Әркім сабақта белсенділік танытты деген оқушы жанына апарыпіледі.

Алманы талдың бойына ілу арқылы өз- өзіне баға беру

Әр топқа бір- бірін түрлі көңіл- күйдегі смайликпен баға бергізу(парталарына қояды)

Үйге тапсырма беру

«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңінен үзінді жаттап келу

Рефлексия жазу

Өзара бір- бірін бағалау

Өзін- өзі бағалау

Өлеңнен үзінді жаттап келу

Иллюстративті материалдар

Өзіндік пікір қалыптасып, ой түйіндей алады

Өзіндік пікір қалыптасады..

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.