Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы Қазанғап атындағы саз мектебінің домбыра класының мұғалімі Ауашова Ақбөпе Түлкібайқызы Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы. Сабақтың мақсаты: Нұрғиса шығармаларын аспаптарда орындай..

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
Қазанғап атындағы саз мектебінің
домбыра класының мұғалімі
Ауашова Ақбөпе Түлкібайқызы

Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
Нұрғиса шығармаларын аспаптарда орындай білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Нұрғиса шығармашылығымен таныстыра отырып,музыкалық-теориялық білім беру.
Тәрбиелік: Нұрғиса Тілендиев шығармашылығын түсіндіре отырып,музыка өнерін құрметтеуге,қастерлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шығармаларды тыңдата отырып,есту қабілетімен,аспаптық музыкаға қызығушылығын арттыру..
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды қалыптастыру.
Оқыту әдісі: проблемалық оқыту,теория мен практиканың ұштастығы, тест.

Көрнекіліктер: бейнетаспа, аспаптар, слайд-шоу, үнтаспа, кітаптар, плакат.

Ұйымдастыру: Оқушылардың көңіл-күйі,сабаққа дайындығы сұралады.

Үй тапсырмасын тексеру: Динаның күйі «Той бастар»

Актуалдау:

Н.Тілендиев (1925-1998) қазақ топырағындағы ажелгі Қорқыт, Асанқайғы, Кетбұға, бертінгі – Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина,Тәттімбет секілді ұлы композиторлар, сазгерлердің музыкалық дәстүрін өткен ғасырда (ХХғ) тамаша дамытып, өз үлесін кейінгі ұрпаққа мәңгілік мұра ретінде қалдырған айрықша талант.

Жаңа сабақ: «Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы»

Нұрғиса Тілендиев 1925 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Іле ауданының Шіліккемер ауылында дүниеге келді. Дарынды компмзитор,дирижер және домбырашы.

Ол фольклорлық-этнографиялық « Отырар сазы» оркестрін құрып, көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды.

Н.Тілендиев-халыққа кеңінен танымал «Алатау», «Құстар қайтып барады», «Әже туралы ән», «Өз елім», «Әке туралы жыр», «Саржайлау», «Кел,еркем,Алатауыма», Абайдың сөзіне жазылған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» ән-романстарының, «Ата толғауы», «Көш керуен» көптеген күйлердің авторы. Оның оркестрге арналған «Махамбет», «Арнау», «Жеңіс салтанаты» сияқты көлемді поэмалары бар. Нұрғиса шығармашылығының негізгі бір қыры күйші композитор. «Аққу» күйі орындалғанда, бірде Нұрғисаның әкесі Тілендінікі де, енді бірде Нұрғисаның өзінікі деп екі есім аталады. Осылай жазылып та жүр. Енді ойланып көрейікші Нұрғисаның 5-6 жасында әкесі Тіленді дүние салады. Әкесінің орындаған «Аққу», «Терісқақпай»», «Арман» күйлері Нұрғисаның құлағында қалады. Бүгінгі орындалып жүрген «Аққу» күйі сол әке сарынының жылдар өте жетілдірілген нұсқасы. «Аққу» күйінің жетілдіріле түскенінен Нұрғиса қолының табы білінеді. Олай болса «Аққу» күйінің авторларының атын жеке-жеке атамай Нұрғиса Тілендінің күйі «Аққу» деп екеуін де бірдей атаған дұрыс па дейміз «Аққу» күйі Қыз Жібек фильмінде орындалады.

.Осы «Аққу» күйінен үзінді тыңдап көрелік.

Сол секілді Қыз Жібек фильміндегі Төлеген мен Бекежанның жекпе-жек көрінісін көзге елестетіңіздерші. Нұрғисаның өз орындауындағы серпінді күй сол заманға,нақ сол жерге арналғандай, жан жүректі толқытады.Немесе сүйген жары Дариғаға арнаған «Көңілді бикеш» күйі тыңдағанның құлағына жас келіннің аяқ алысын, аялы алақаны мен жақсылық ырысын,нәзік сезімін жүрекке ұялатады.Нұрғиса күйлеріндегі жүрдекті ырғақ жай ғана домбыра ішегін қағу емес, әрбір тактылық өлшеміндеқазақ болмысына тән өмір бейнесі суреттеледі.Ел шетіне жау тиген кездегі ақылшы Абыз атаның жөн сілтеуі, қол бастаған батырдыңат дүбірі ел бірлігі, бүкіл дала көрінісі, жеңіс салтанаты, қуанышы суреттеледі.Бірде Нұрғиса өзінің « Әлқисса» күйінде оркестр тоқтап пауза алып, жеке дара домбыраға көшетін жерінде негізгі күй ырғағын орындап отырды да әйгілі «Баламишкасына» түсіп кетті.Тап сол жерден ырғақпен,тап сол ноталық өлшеммен орындай келе, көрермендерін тамсандырып алды да, бәйгеге тіккен тұлпардай бір айналымнан соң, сыр білдірместен, күйге ақау түсірмей оп оңай «Әлқиссаға» қайта оралып,жымдастырған қалпы жалғап кетті.70 жасқа толған мерейтойы үстінде «Әлқиссаны» осылай орындады Нұрғиса.

Ендеше «Әлқисса» күйінен үзінді тыңдап көрелік.

Ұлы композитордың творчествосы ата-баба аруағына бас ию сияқты дәстүрлі таным элементтеріне толы. Алдыңғы буын даналығының баянды бағасын танып, таразылай білу, ұлтымыздың рухани саулығы мен берекелі тұрмысын тілеу — «Ата толғауы», «Мұрагер» күйлерінің көкейкесті мәселесі. Оның оркестрлік музыкасының образдық әлемі ғасырлар қойнауынан жеткен жаңғырық іспетті.«Бостандық таңы», «Мұрагер», «Жеңіс салтанаты», «Махамбет», «Алтын дән» т.б да күй поэмалардан халқын сүйсіндіріп, соның өткендегісін де, болашағын да музыка тілінде жырлаған деп танимыз.

Сергіту сәті: « Ата толғауы» күй поэмасын үнтаспада тыңдату.

Қызығушылығын ояту: Бейнетаспадан Нұрғиса ағамыздың бейнесін көрелік.

Бүгінгі сабақта орындалатын шығармамыз Н.Тілендиевтің күй поэмасы «Ата толғауы». Кұйді Н.Тілендиев ұлы бабамыз Жамбыл Жабаевқа арнап шығарды. Кұйдің өлшемі 2/4. Төрттік ноталар мен он алтылық ноталар кездеседі.

Сабақты бекіту:

Тапсырманы дүрыс орындағанда қандай сөз шығады. Тест-руно.

1.Мына күйлердің ішінен Нұрғиса күйлерін ата.

а) Ақжелең. Кіші Қаратөс. Балжан қыз.

н) Әлқисса. Ата толғауы.Аққу.

с) Адай. Сарыарқа. Серпер.

2. Нұрғиса әндерін тап.

б) Сағындым Алматымды.Әгугай домбыра.

е) Ақ бантик. Қайықта: Қайдасың.

ұ) Саржайлау. Өз елім. Алатау.

3. Н.Тілендиев басқарған оркестрді ата.

р) Отырар сазы.

и) Құрманғазы.

б) Симфониялық оркестр.

4. Н.Тілендиевтің туған жерін ата.

ж) Жамбыл облысы Байзақ ауданы.

ғ) Алматы облысы Іле ауданы.

у) Қызыл орда облысы Шиелі ауданы.

5. Н.Тілендиевтің күй поэмалары.

а) Дайрабай. Құдаша думан.

с) Ақсақ құлан. Мерекелік күй поэмалары.

и) Мүрагер. Махамбет.Жеңіс салтанаты.

6.Сүйген жары Дариғаға арнаған шығармасы.

а) Көңілді бикеш.

б) Сүйген жар.

в) Ақмаңдайлым.

7.Қай кинофильмде Нұрғиса шығармалары орындалады.

р) Құлагер. Көшпенділер.

о) Алты жасар Алпамыс.Алдаркөсе.

а) Қыз Жібек. Менің атым Қожа.

Дұрыс жауап: «Нұрғиса» сөзін құрайды.

Сабақты қорыту:

Мелодия-әуен деген сөз. Нұрғиса асқан әуенші композитор. Оның әуеншілігінің қасиеті терең тамырлылығында, жасыл жайлау,көш керуен,сыңғырлаған қыз шолпысы, ана қуанышы тәрізді жылылық сезімдер, жалпылай айтқандаелдің тұрмыс тіршілігі, майда қоңыр әуендермен сөзсіз жетелейді .

«Ақынмын деп қалай мен айта аламын.

Халқымның өз айтқанын қвйталадым.

…Күпі киген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіне қайтарамын»,-деп ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай халықтан іздейді, халқына қайтарады, халқының жүрегінде паналайды.

Үйге тапсырма: Н.Тілендиев: «Ата толғауы» күйін үзбей орындап келу.

Бағалау.

Следующая запись

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Об авторе

Простой конструктор сайтов WordPress: Универсальные демо-версии для блогов, новостей, электронной коммерции и многого другого — импорт одним щелчком, никакого кодирования! 1000+ готовых шаблонов для потрясающих сайтов газет, журналов, блогов и публикаций.

BlockSpare - Новости, журналы и блоги Приложения для редактора блоков (Gutenberg)

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше