Без рубрики

Қорғантұз орта мектебі, Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы
Амантаева Гүлнара – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі
Сабақтың синтаксистік тақырыбы: Публицистикалық стиль және оның тіл ерекшеліктері
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Еңбек – адамның екінші анасы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Публицистикалық стильдің басты сипаттарын, қолданылатын орындарын, тілдік амал-тәсілдерін түсіндіру.
ә) ҚР Президенті Назарбаевтың «Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы : жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» үндеуіндегі еңбек, кәсіп, құқық жайындағы түйіндемелер мен мәліметтерді пайдалана отырып, оқушылардың саяси сауаттылығы мен дүниетанымын арттыру, еңбекті сүйе білуге, кәсіп таңдай білуге, Қазақстандық патриотизмге баулу.
б) дамытушылық: Оқушылардың бойында қоғамдық пікір қалыптастыру, публицистикалық шығармаларды талдай білуге үйрету.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Лингвистикалық сөздік
2. Н.Назарбаев «Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы : жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам»
Сабақ барысы:
а) Ұйымдастыру (оқушылармен сәлемдесу, сынып бөлмесі мен оқушылар тазалығына көңіл бөлу)
ә) Үй тапсырмасын тексеру
а) Оқушылардың өздері туралы жазылған өмірбаяндарын оқыту.
ә) Лингвистикалық жұмбақтар:
1. Жеке адамның, ұжымның , фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша қарым-қатынас құралы не? (Іс-қағаздар)
2. Мекемеде өтетін мәжілістердің жүрісін, шешімін баяндайтын құжат не? (Хаттама)
3. Іс-қағаздары стилінде өте жинақы құрылатын не? (Мәтін)
4. Іс-қағаздары мәтінінде қандай сөздер қатыспайды? (Экспрессивті сөздер)
Жаңа сабақ:
а) Публицистика-өмірдің әлеуметтік, экономикалық, ғылыми және басқа рухани құбылыстардың фактілерін өзіне арқау ететін әдеби жанр, стильдің бір тармағы.
Заманауи көкейтесті тақырыптарды қозғайтын қоғамдық-саяси әдебиет
Публицистика Қаламгерлердің қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді толғауы
Ақиқат өмірдің сырлы суреті
Публицистикалық жанрлар:
Газет-журналдардағы бас мақалалар, шолу, мақалалар, очерктер, репортаждар, үндеулер, жолдаулар, арнаулар, сұхбаттар.
б) «Көркемсөз» — публицистиканың қазақша баламасы. Мұны термин қылып енгізген-Ахмет Байтұрсынов. Ол былай деді: «Көркемсөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көркемсөз деп аталады. Көркемсөз кезінде әлеуметке керек іске мұрындық болып, істеу ыждағатымен айтылады».
в) Қазақ публицистикасының негізін салушылар: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, К.Төгісов, М.Сералин, т.б.
г) Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы : жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» үндеуімен танысамыз. Бұл сендер үшін, негізгі мектепті бітіргелі отырған түлектер үшін, маңызы ұшан-теңіз. Кәсіптік бағдар алу мен мамандық таңдауда, алдарына асқаралы мақсаттар қоюда бұл үндеудің, Елбасының еңбек жайлы айтқан жалынды сөздерінің ықпалы мол деген ойдамын. Сендер жаңа сабақты түсіндірген кезде, Елбасының еңбек жайында, кәсіп жайында айтылған сөздерімен де танысасыңдар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- публицистикалық стильдің сипатына сай мынадай тілдік тұлғалар қатысады:
а) экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер;
Мысалы: Әлемнің әміршісі-еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек . Мен,Елбасы, баршаңызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырамын, бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін айтқым келеді. Еліміз үшін еңбек етейік,ағайын! (Қ Р Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» үндеуінен) (12бет).
ә) Тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер;
Мысалы: Халықтың елеулі бөлігі 90-шы жылдары «Мәжбүрлі жұмыссыздық мектебінен» өтті.
Көптеген адамдар еңбекті өз бетімен ұйымдастыруға қабілеттілік көрсетіп бизнесмендерге айналды. Әрине, олардың арасында мемлекет тарапынан мақсатты түрдегі қолдау құралдарын пайдалана білушілер де болды. Бүгінгі күн біз индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру үстіндеміз.(ҚР Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» үндеуінен)(10 бет)
в) Тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер;
Мысалы: Жаңа жұмыс орындары құрылуында. Бірақ біз жұмыссыздардың барлығы бірдей жұмыс істеуге ұмтылмайтындығында көріп отырмыз. Өкінішке қарай, адамдар арасында жаңа біліктілікті меңгеруден гөрі базарда «такси» қызметін атқаруды қалайтын психология сақталып отыр.
Егер біз бәсекеге қабілетті ұлт болғымыз келетіні рас болса, бұл психологиядан арылу керек! Жаңа біліктілікті меңгеру және зауытқа, өндіріске бару қажет! Жас та және ересекте қазақстандық бос отырып, бәрінде сынай бермей жұмыс бар жерге нәпақа табатын жерге қарай ұмтылулары қажет! Біз өз елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек. Біз былайда жинақы, көшіп – қонуды көп бастан кешкен халық емеспіз бе?
ғ) Мәтінмен жұмыс:
…Біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. Қазақстаннан тыс жерде жұмақ жоқ. Еш жерде, әлемнің ешбір елінде бәріне бірден ие болу мүмкін емес. Туған Қазақстанда еңбек етіп, өз әлеуеттерін жүзеге асырулары қажет. Ол үшін мемлекет барлық жағдайлар жасауда және одан әрі де жасай беретін болады.
Қазақстандық жастардың кең көлемін техникалық және кәсіптік білім алуға және индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру мен тартудың шараларын әзірлеу маңызды. (22 бет)
д) Сөйлемге синтаксистік талдау жасау
Мен, қазақстандықтар жақсы білетіндей, өзімнің кәсіби жолымды «ақ саусақтар» секілді кабинетте де, паркетте де емес, жұмысшы металлург ретінде бастадым. Ал бұл, атап айтсам, нағыз кәсіп болып табылады! Қанша жыл өтсе де, бұл еңбек мектебін ұмыту мүмкін емес! (Н.Назарбаев)
Үйге тапсырма:
«Алдымда – толған таңдау, толған мақсат…» (ой-толғау жазу)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.