Музыка

ҚИЫН ӨМІРЛІК ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАҒАН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРҒАЛУЫНА, БЕЙІМДЕЛУІ МЕН ОҢАЛУЫНА ӘЛЕУМЕТТІК – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті,
А.Жанпейісов атындағы №105 қазақ орта мектебі
Бәкірова Гүлмира Нағымұтлақызы

ҚИЫН ӨМІРЛІК ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАҒАН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРҒАЛУЫНА, БЕЙІМДЕЛУІ МЕН ОҢАЛУЫНА ӘЛЕУМЕТТІК – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Қайырымдылық мәселесі көптеген саяси – гуманитарлық ғылымдарда зерттелініп келе жатыр. Қайырымдылықтың тамыры ежелгі болғандықтан, ерте заманнан бері қарай атақты ірі ойшыл ғалымдардың, мемлекет қайраткерлерінің жазған ғылыми еңбектерінде, айтқан нақыл сөздерінде бұл мәселе жан – жақты сөз болып, зерттелініп келуде. Осы қайырымдылық проблемасының өзіндік тарихы, зерттелу ұстанымдары мен теориялары бар.
Қазіргі егеменді Қазақстанда қайырымдылық ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Бұл құбылыс бұрынғы Кеңес Одағы кезінде де орын алған, онда қайырымдылық істерімен мемлекет және қоғамдық орындар, ұйымдар айналысып отырған. Бірақ ол кезеңде қайырымдылыққа ресми тұрғыдан алғанда аса үлкен мән бермеген.
Қазіргі заманға сай балаларды қорғау тәжірибелеріне қамқорсыз қалған балалармен әлеуметтік жұмыскерлер мен әлеуметтік педагогтардың іс – әрекет, жұмыстарына тоқталмас бұрын «балалық шақ» деп аталатын балалық кезеңге тоқталғымыз келеді. Бұл ұғым өзіндік жеке қарастыруды қажет етеді.
Балалық шақты, бала индивидуалды даму үдерісі ретінде, екіншіден, оның қоғамдағы жағдайы, яғни қоғамның балаға деген қамқорлығы деп қарастыруға болады. Баланың жас ерекшелігінің физикалық дамуын, танымын, әлеуметтік өмірдегі тәжірибелерін моральдық даму кезеңдерімен сипаттайды. Бұл бірінші кезекте оның отбасына байланысты болады. Сондықтан да отбасының қоғам алдындағы жауапкершілігі жоғары. Баланың тууы, баланың өлімінің көбеюі, мүгедек балалар санының өсуі – мұның бәрі қазіргі еліміздің экономикалық – саяси дағдысы нәтижесінен. Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі балалардың адамгершілік, физикалық, психикалық денсаулығынан да көрінеді. Балалар мен жасөспірімдер еліміздегі тұрғындар арасында қорғаусыз қалды. Балалар мен жасөспірімдердің мемлекет тарапынан қорғалмауы, оларды қоғамға қарама – қайшы келетін мінез – құлыққа, іс – әрекетке, қарым – қатынас жасауға итермеледі, қылмыстың өсуіне себепші болды.
Мақсаты: отбасынан тыс қалған, ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтену мәселелеріне тоқталып, оған заман талабына сай көмек көрсету, құқығын қорғау, өмір сүру мүмкіндігіне, әлеуметтік реабелитациясы мен бейімделуіне, жұмысқа орналасу мен тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарын талдау.
Бүгінгі таңда күнделікті қолданып жүрген және теориялық зерттеулерде кең тараған екі ұғым қалыптасқан, олар: жетімдік және әлеуметтік жетімдік ұғымдары.
Жетім балалар – бұл 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған бір немесе екі бірдей ата – анасынан айырылған балалар.
Әлеуметтік жетімдер – бұл өзінің туған, биологиялық ата – анасы бар, бірақ белгілі бір себептермен өз баласының тәрбиесімен айналыспайтын, баласына қамқорлық жасай алмаған ата – аналардың балалары. Мұндай жағдайларда балаларға қамқорлық жасау жауапкершілігін қоғам мен мемлекет өз қолына алады.
Демек, ата – ана қамқорлығынсыз қалған балаларға мынадай категориядағы балалар жатады:
ата – анасы қайтыс болған;
ата – анасы ата – ана құқығынан айырылған;
ата – аналық құқығы шектелген;
ата – анасы жоғалып кеткен;
ата – анасы жазасын өтеу және түзету колонияларындағы;
мүмкіндігі шектелген;
қылмыстық іс бойынша айыпталып, ата – анасы қатаң қадағалаудағы;
емдеу және әлеуметтік мекемелердегі баласын уақытша орналастырған мекемелерден баласын алудан бас тартқан ата – аналардың балалары жатады.
Кез – келген мемлекетте және кез — келген қоғамда белгілі бір себептермен ата – ананың қамқорлығынсыз қалған балалар болған және қазір де бар. Мұндай жағдайда қоғам мен мемлекет балалардың дамуы мен тәрбиесін, балаларға деген қамқорлықты өз қолына алып отырған.
Өткен ғасырларға көз жіберсек, қамқорлықсыз қалған балаларға көрсетілген әлеуметтік көмек терең мәдени – тарихи дәстүрді көрсетеді.
Жаңалығы. 1892 жылы осы бағытта ең алғашқы күрделі қадам Ресейде жасалынды. Бұл – қоғамнан шеттеп қалған қамқорсыз және ауру балаларды қатал қарым – қатынастан қорғау үшін құралған бөлім. Бөлім қызметкерлеріне қиын да жауапты міндет жүктеледі. Осы уақытқа дейін ешқандай елде немесе мемлекетте қамқорсыз қалған балаларды қорғау жұмыстары жүргізілген жоқ деген сөз емес, бұл заңды түрде қамқорсыз қалған балаларды қорғайтын мекемелердің тіркелгенін білдіреді.
Ата – анасының аялы алақанынан ерте айырылған балалардың болашақтағы өмірін дұрыс қалыптастыру мақсатында, оларға педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік көмек беру мақсатында түрлі мемлекеттік мекемелер жұмыс істей бастады.
Ұлы Қазан төңкерісінен кейін мемлекет өте ауыр жағдайдағы балаларды қамқорлыққа алуға мүдделі болды. Өйткені сол кезеңде жетім және қамқорсыз қалған балалардың саны күрт өсіп, әлеуметтік – педагогикалық мәселелер шұғыл шешім қажет ететін мәселе болды. Ресейден бастап барлық одақтас мемлекеттер ішінде кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік – құқықты қорғау жүйесі құрыла бастады. Бұл жүйенің негізгі тапсырмаларының бірі – ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.
ХХ ғасырдың 20-жылдары елімізде қаоқорсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыздандыру мақсатында әр түрлі категориядағы балалар үйі құрылды. Олар: мектепке дейінгі оқу жасындағыларға арналған кәсіби білім беретін емдік және мүгедектерге арналған мекемелер. Сонымен қатар тәрбиесі қиын балаларға арналған еңбек колониялары мен еңбек коммунлды, мұндағы тәрбиеленушілердің көпшілігі жетімдер немесе отбасымен байланысынан айырылған балалар.
80 – жылдары қамқорсыз қалған балалармен жұмыс жүргізетін мекемелер жүйесі өсті, жаңадан отбасылық балалар үйі, бала асырап алатын отбасылар пайда бола бастады. Сонымен қатар бұл мекемелердің жұмыс істеу функциялары да өсті, баланы әлеуметтік қорғау, медико – психологиялық, педагогикалық реаблитациясы, қоғамдағы осындай балалардың әлеуметтік бейімделуі мен интеграциясы, міне осының бәрі жаңа жұмыс функциялары.
Міндеті. Қамқорсыз қалған балалардың әлеуметтенуіне жағдай туғызып, оған бақылау жасау – әлеуметтік педагогтың басты міндеттерінің бірі.
Жетімдік әлеуметтік құбылыс ретінде адамзат қоғамы пайда болғаннан бері бар. Барлық уақытта соғыстар, эпидемиялар, уайым-қайғы т.б. жетімдердің пайда болуына әкеліп соқты.
Қазіргі кездегі жетімдіктің негізгі себебі:
1) ата – аналардың баласынан бас тартуы,
2) ата – аналық құқығынан шеттелуі,
3) әлеуметтік соққылардың нәтижесінде балалардың ата-ана қамқорлығынсыз қалуы,
4) ата – ананың тілеуінсіз туған нәрестелердің тууы саналады.
Отандық заңды жетім балаларды екі категорияға бөліп қарастырады:
1) жетім балалар:
2) қамқорсыз қалған балалар.
Жетім балалар қатарына бір не екі бірдей ата-анасынан айырылған балалар
жатады.
Қамқорсыз қалған балалар қатарына ата-анасы бар, бірақ олармен әр түрлі жағдайдыі нәтижесінде байланыстары үзілген балалар жатады.
Әлеуметтік жетімдік. Бұл әлеуметтік құбылыс қоғамдағы балалар санынан көрінеді. Оған:
ата – аналарынан айырылған:
ата – аналық құқығынан айырылған:
ата – ана қарауынсыз қалған:
ата – ана парызын орындайтын мүмкіндігі жоқ:
ата – анасы белгісіз кеткен балалар жатады.
Бұған сонымен қатар заң жүзінде құқығынан айырылмаған, бірақ іс жүзінде қамқорсыз
қалған балалар да жатады.
Әлеуметтік жетімдік – отбасында дағдарыстық жағдайдан болған құбылыс. Баланы не
әкесі, не анасы ғана жалғыз тәрбиелеген айырылысу жағдайы, некесіз туылған балалар, ата-аналарының жұмыссыздығы балалардың мінез-құлқының, адамгершілік қасиеттерінің ауытқушылығына әкеледі.
Әлеуметтік жетімдіктің көбеюінің себебі болып:
ата – аналардың ата – аналық құқықтарынан айырылғандардың санының өсуі;
ержеткен балалардың ата – аналары сияқты ата – аналық құқығынан айырылуы;
тұрғындардың кедейленуі;
нашақорлықпен араққұмарлықтың өсуі;
ата – аналардың денсаулық жағдайына физикалық немесе психикалық жағдайына байланысты балаларын тәрбиелеуге мүмкіндігі жоқ отбасылар санының өсуі;
қалыпты өмір сүру мүмкіндігі жоқ отбасылардың өсуі;
кәмелет жасқа толмаған ата – аналардың балаларды тастап кетуі.
Балалық шақтың бал дәмінен ерте айырылған осындай балалармен жұмыс қиында күрделі, жауапты іс болмақ.
Жетім балаларды және ата – аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қорғауға алған мекемелер қатарына жетім балалар мен ата – ана қамқорысыз қалған балалар, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету мекемесі, оған ақыл – ой және физикалық жетіспеушілігі бар мүгедек балаларға арналған интернат балалар үйі, қамқорсыз қалған балаларға көмек көрсететін әлеуметтік – реабилитациялық орталықтар жатады.
Сонымен қатар денсаулық сақтау мекемесі және тағы басқа заң бойынша бекітіліп құрылған мекемелер.
Туғаннан кейін 3 жасқа дейінгі балалар сәбилер үйіне орналастырылады. 3 жасқа толғанна кейін қамқорсыз балаларды мектепке дейінгі және мектеп жасындағы физикалық және ақыл – ой жетіспеушілігі бар балаларға арналған арнайы интернаттарға ауыстырып, емдеуге жібереді. Ал егер дилинквентті тәртіптегі балалар болса, онда оларды арнайы жабық интернаттарға орналастырады.
Интернаттық мекемелік жағдайда тәрбиеленген балалардың дамуы әлі күнге дейін өткір де актуальді мәселе болып қалып отыр.
Зерттеушілер аналық қамқорлықтан шеттетілген балалардың дамуында кідіріс болатынын, тіпті физикалық және психикалық аурулар симптомының пайда болуынаәкеліп соқтыратынын көрсетіп отыр.
1 жас пен 3 жас ралығындағы балалардың ата – анасынан шет болуы қалпына келтіруге келмейтін тұлға ретінде интеллектісі мен функцияларын ауыр жағдайға алып келеді.
Қамқорсыз балалардың үнемі микроортасының өзгеруі (сәбилер үйі – мектепке дейінгі мекеме – мектеп жасындағы балаларға арналған балалар үйі) баланың психикасына айтарлықтай күш түсіріп, денсаулықтың төмендеуіне себеп болады. Интернат мекемелерінде тәрбиеленген балалардың көпшілігі өзінің құрдастарына қарағанда психико – физикалық дамуы жағынан кейін қалады. Олардың жүру, сөйлеу қабілеті кеш дамиды және жиі аруырады, сабақ оқу мүмкіндігі де төмен болады. Осындай мекемелерде тәрбиеленген балалардың тек 20 пайызы ғана мектептің негізгі оқу бағдарламасы бойынша оқуға қабілетті.
Мекемелердегі балалармен жұмыс барысында әлеуметтік қызметкер балалардың жасы ұлғайғаннан кейін олардың тамақ дайындап үлгеруіне, кез – келген затты сатып алып үйренуіне, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруын қадағалап отыруы тиіс. Бұл балалардың болашақтағы жеке өмір сүруіне, әлеуметтенуіне себеп тигізеді.
Сонымен қатар осындай категориядағы балаларға арналған «отбасылық балалар үйі» жұмыс істейді. Мұнда кішкене күннен бастап кәмелет жасқа толғанға дейін бала барлық ыңғайлы жағдайларда өмір сүре алады. Балаларды осындай формада қорғау ата – аналық құықтарынан айырылған ата – аналардың балаларына арналған.
Балаларды қабылдап алған балалар келісім шарт құрады. Мұнда еңбекақы шарттары құқықтар мен міндеттер, баланың осы отбасындағы болу мерзімін көрсетеді.Балаларды қабылдап алған ата – аналардың еңбектері еңбек өтіліне қосылады. Баланың туған ата – аналарына көмек көрсетіледі, өйткені реабилитациядан кейін бала өз отбасына қайтарылады. Баланың туған биологиялық ата – аналарына олардың (ата – аналары жағдайын түзеген соң) баласының отбасына қайтарылатыны ескеріледі.
Мұнда келетін балалардың көпшілігі – дұрыс тамақтанудан, қатты жүктемеден, күтімнен тыс қалған аурушаң балалар. Мұндағы балаларға медициналық, психологиялық көмек көрсетіліп, олардың физикалық денсаулығының дұрыс жетіліп, дамуына көмек көрсетіледі. Әр баламен жеке – жеке жұмыс жүргізіледі.
Баланы тәрбиелеу барысында қабылдап алған ата – аналар әлеуметтік педагогпен қарым – қатынас орнатып, олардың туған ата – анасымен байланысқа түседі. Әлеуметтік педагогтар отбасылық балалар үйі мен баланың туған ата – анасымен байланыс жасайды.
Мұндай отбасылық балалар үйінде қалыпты өмір сүруге арналған барлық шарттар орындалады, мұнда тәрбиеленушілер 3 жастан 18 жасқа дейін тәрбиелене алады. Бұл отбасылық балалар үйінің түлектері барлық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған жеңілдіктерді пайдалана алады. Мұндай отбасылық үйлердің бірнеше түрлері бар. Осындай отбасылық қалашықтардың өз әкімшілігі, спорт алаңы, медициналық бөлімдері, дәрігерлері, мәдени шара өтетін орталығы, мектебі және бақшасы бар.
Балаларға арналған уақытша «приют» формасындағы көмек те қазіргі кезде кең таралып келеді. Бұл «Приюттің» педагогтары тәрбиесіндегі жұмыстарының басты ұстанымы балаларды еңбекке баулу болып табылады.
Мемлекеттің көмегі мен қолдауын қажет ететін балалар
Қамқорсыз қалған балаларға көмек көрсететін мекеменің мамандары кәмелет жасқа толмаған, білімді, арнайы көмек беру үшін баланың құқықтарын қорғау барысында әртүрлі дәрежедегі нақты қандай көмек көрсету керек екендігін шешіп алуы тиіс. Мемлекеттің көмегі мен арнайы қолдауын қажет ететін балаларды анықтау барысында мынадай критерийлерді ескеру керек: мұндай категорияға жататын баланың негізгі көрсеткіші баланың «әлеуметтік статусы» болып табылады. Яғни, оған мүгедек балаларды, денсаулығында мүмкіндігі шектеулі балаларды, әлеуметтік аурулармен ауыратын (АИВ,ЖИТС, туберкулез, нашақор, араққұмар, созылмалы паталогиялық аурулармен ауыратындар, психикасында ауытқушылығы бар) балалар жатады.
Келесі критериі – «жетімдік», яғни ата – анасы бас тартқан және қамқорсыз қалған балалар жатады. Сонымен қатар ата – анасы ұзақ ауырып жатқан және ата – анасы ұзақ іссапарға кеткен балалар жатады.
«Қатал қарым – қатынас, эксплуатация» – бұл категориядағы балаларға: отбасында немесе отбасынан тыс көп мөлшерде (физикалық, психологиялық, эмоциоландық) жүктеме түскен, ата – анасы үйден қуып шыққан, соғыс кезіндегі балалар (ұлт аралық қарулы қақтығыс нәтижесінде апат болған), ата – анасын эксплуатациялаған (жұмыс істейтін, бірақ мектепке бармайтын, өзінен кішілерге қарайтын) балалар жатады.
«Өмір сүріп отырған регион» критериі, оған – микроэлементтер жетіспейтін немесе дефицит территориялардағы өмір сүріп отырған, антропогендік зақымдалған жағдайда өмір сүріп отырған, техногенді апат аумағында тұратын, мигрант балалар (қашқындар, босқындар, ТМД мемлекеттерінен жұмыс істеуге келген, оқуға келген студент, аспиранттар) жатады.
Осындай критерилерге ие болатын ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға көрсетілетін көмек түрлері
Медициналық көмек:
— тегін медикаменттермен қамтамасыз ету (мүгедектерді, 1 жасқа дейінгі)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.