Без рубрики

Отбасы – шағын қоғам. Қоғамдық топтар

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Сейітахметова Эльмира Қойшыбайқызы

Сабақтың тақырыбы:      Отбасы – шағын қоғам. Қоғамдық топтар

Сабақтың мақсаты:         Отбасының қоғамдағы орнын түсіндіру

Сабақтың міндеттері:     1) Отбасы неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы екенін түсіндіруді жалғастыру

2) Отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері жайлы айта отырып, іс –әрекеттері үшін жауап беру, туысына қамқор болу сияқты дағдыларды қалыптастыру.

3) Отбасы мүшелерін қадірлеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Отбасы жайлы жазылған ән.

Пәнаралық байланыс:        Тарих- құқық пәні және музыка

Сабақтың барысы: Ендеше          «Әке – асқар тау

Ана – Сарқылмас бұлақ

Бала – жағасындағы құрақ» —  деп үш топқа бөлініп алайық. Тақтада суреттер бар.

Әкені  таңдағандар –таудың суретін

Ананы таңдағандар – бұлақ, су суретін

Баланы таңдағандар – жасыл желектер суреттерін таңдап алып, 3-топқа  бөлініп отыра қояйық.

Үй тапсырмасын сұрау:    Тірек сызба арқылы  үй тапсырмасын сұрау.

 Иә, балалар толыққанды отбасында өзара сыйластық орын алады.Ал, отбасының татулығы қоғам дамуы үшін өте маңызды дейді. Ол не үшін айтылған?  Сонымен балалар қорыта келе біз отбасы мүшелерін «шағын қоғам» деп айтуға толық негіз бар.

Жаңа сабақ. 

            Отбасының қоғамдағы орны ерекше. Толық қанды отбасының ауыз бірлігі нық, берік, тату –тәтті болған жағдайда, олардың тұрмыс – тіршілігі берік болып, мемлекетіміздің жағдайын жақсартуға үлесі мол болады. Сонда, мемлекеттің дамуы үшін, отбасының әсері мол екен.

Отбасының құқықтары мен міндеттері ҚР Конституциясында қаралған. Қазір бұл жөнінде мектебіміздің тарих-құқық пәндерінің мұғалімі Нұрымбетова Айна апай түсіндіріп береді.

 

Оқулықпен жұмыс:                        1)Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру

2) Қазақстан Республикасы Конституциясымен таныстыру.

  • Балалар, әр отбасының өз шежіресі, әдеп- ғұрыптары болады. Өз руларын, жеті атасы білуі керек. (ру сурап кетемін)

Адам күнделікті өмірде үнемі басқа адамдармен тығыз қарым –қатынас жасайды.

Адам жақсы тәрбие алу үшін оның араласатын ортасы дұрыс болуы керек.

—          Ал араласатын ортасы болуы деген не? (пікір тыңдау)

1-топ. Отбасы мүшелерін өзара не біріктіреді?

2-топ. Отбасы туралы өлеңдер оқу.

3-топ. Отбасы туралы мақал –мәтел.

—          Балалар, ендеше осындай елге үлгі болатын көптеген бағдарламалар теледидардан көріп жүрсіңдер. Соның бірі  «Сіз танитын» бағдарламасы. (Бейнетаспадан пікір тыңдау)

Әр топ өздері бір бақытты жанұя туралы жарнамалайды.

1-топ: Әке мен бала

2-топ:  Әже мен немере

3-топ:  Ағайынды екі бала

Кел ойнайық!

1 –топ «Әдепті бала ата –анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата –анасын қақсатар»

2 – топ  «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»

3 – топ  «Жылуы жетпейді»

—          Балалар біздің біздің сазгерлеріміз отбасы мүшелері туралы, ыстық лебіздерін, махаббаттарын әнмен жеткізген. Қазір біз музыка пәні мұғалімі Сағынаева Гүлдана сіздермен бірге ән орындайды. «Әкешім -анашым» әні.

Қорыту.

Сонымен балалар әр отбасының мүшелерінің атқаратын өз  міндеттері болады.

—          Бүгінгі сабақта не түсіндік?

—          Отбасы –шағын қоғам. Отбасы өзін –өзі қамтиды, асырайды. Отбасы адамдары әрқашан үлкен сүйіспеншілікпен тату, бір –біріне қамқоршы, көмекші болуы керек. Ал балалар әр топ басшылары бүгін топтарыңда басқа бір қырынан көрінген қай оқушыны ерекше айтасыңдар?

Бағалау.

Үйге тапсырма:  «Менің отбасым» эссе жазып келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.