Без рубрики

МУЗЫКА МЕКТЕБІНДЕГІ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ БЕРЕРІ КӨП

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
Қазанғап атындағы саз мектебі
Өтегенова Гүлмира Айсұлтанқызы

1.Кіріспе
2.Жалпы музыка туралы түсінік беру.
3.Музыка мектебі мұғалімінің мақсат-міндеттері.
4.Музыка мектебінде білім мен тәрбие беру.
5.Қортынды сөз.
Қазақстан Республикасының жоғары кеңесі қабылдаған халыққа білім беру заңы біздің болашағымызды жаңа бағытпен рухта тәрбиелеу,олардың дүниетанымын қалыптастыру,жаңа адамды жан-жақты,білімді,өнерлі етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің түбегейлі мәселесінің бірі екендігін заңдылық етіп отыр.
«Жас шақта берген білім мен тәрбие өмірлік азық»,-дейді халқымыз,осыған орай ендігі кезеңде жаңа адамды жан-жақты дамыған білімді,өнерлі,еңбек сүйгіш өндірістік бағытта тәрбиелеп,білім беру мәселелері тұр.

Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым,мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға,жалпы азаматтық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.

Сонымен қатар жас буынды шығармашылыққа тәрбиелеп музыкалық білім мен тәрбие беру де басты назарда.Оқушыларға жалпы мектептегі музыка сабақтарымен қатар қосымша білім беру салаларындағы музыкалық білім мен тәрбиенің де берері көп.

Музыка-табиғаттың,адам өмірінің сан алуан ішкі және сыртқы құбылыстарын нәзік үн ерекше тіл арқылы суреттеп беретін өнердің бір түрі.Яғни,музыка адамның ішкі сезім дүниесін (эмоциясын) ашып айтқанда оның жеке басының көңіл-күйін,қуанышы мен ренішін,аңсаған арманын,өмір сүрген қоғамын,тіршілігін,дүниесін,қоршаған табиғат-анасын,өзен-суын,орман-тоғайын,асқар таулары мен байтақ даласын жырлайды.Осылардың өзінің нәзік тілі-көркем үнімен баяндайды.

Музыка-өнердің ұлттық тілге,мемлекеттік шекараға бағынбайтын жанры саналады.Алайда барлық өнер туындылары тәрізді музыкалық шығармалар да ұлттық таным мен түсініктен бастау алып,туған халқының мұңы мен арманын бейнелегенде ғана шынайылық сипатқа ие болады.

Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуы кезеңінде өзіне тән музыка дәстүрі дүниеге келді.Аты аңызға айналған Қорқыт,музыка ғылымы туралы трактат жазған Әбу Насыр Әл Фараби қазақтың көне музыка мәдениетінің өкілдері болды.Халық әндері мен күйлерінің әуен сазы арқылы үй-іші әдет ғұрыптарының халықтың қоғамдық дәстүрлерінің негізі бір буыннан бір буынға жетті.Ән,күй арқылы эпикалық аңыздар мен тарихи оқиғалар,нақыл сөздер,даналық ойлардың мән мазмұны бейнеленеді.Ән текстерінде үй іші,қоғамдық өмірге ненің жақсы,ненің жаман екені аңғарылып айтылып,үлгі өнегелік мысалдар келтірілді.Халықтың ән-күйлері қыран бүркітке де,құмай тазыға да,жүйрік атқа да арналды.Жаз жайлауға көшкенде,қыс қыстауға қайтқанда ақсақал елге әнмен бата береді.Ру басы ақсақалдарының кеңесі ән немесе күймен ашылды.Ал хабаршы жақсылық хабарды,төтенше жағдайды ауылдан ауылға терме түріндегі ән әуені арқылы жеткізді.Әйелдер киіз үй тіксе де,мал сауса да,жүн сабаса да,өрмек тоқыса да,киіз басса да ән айта жүреді.Сондай-ақ үйлену тойларында,қыз ұзатқанда,жастардың сауық кешінде,балалар ойынында тіпті өлген адамды жерлеу салт жолдарында да жоқтау арқылы мұң шерлері айтылады.Жапан даладағы жалғыз атты жолаушы да ұзақ жолды әнмен қысқартып,көңілін әнмен көтереді.Халық жұбату арқылы қайғылы үйге көңіл айтып,сүйіншіні әнмен ауыл аймаққа қуанышты хабар әкеледі.Сондықтан да қазақ халқының қанымен тараған музыка өнеріне дарынды,талантты ұрпақтарды баулып тәрбиелеу музыка мектебі оқытушыларының басты міндеті.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,-деп елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай,еліміздің болашағы көркейіп,өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік пен қабілеттерін ашу және оларды өнерге,шығармашылыққа баулу туындайды.Шығармашылық-адам іс-әрекетінің түрі.«Шығармашылық тұлға»-өмірде дұрыс жол табу үшін өз іс-әрекеті негізінде дұрыс ой түйіп,өздігінен сапалы,дәлелді шешімдер қабылдай білетін жеке тұлға.

Қазіргі кезде білім алу шығармашылық ахуалды,оқушының музыкалақ қабілетін дамытуды,оның талдау дағдыларын,орындау шеберлігін дамытуды,ой-өрісін кеңейтуді керек етеді.Әр мұғалім дамыта оқитын,әр нақты оқушыға ең тиімді оқыту мен тәрбиелеудің «кешенді әдіс»ұғымына кіретін оқытудың әдістері мен тәсілдері таңдау проблемасымен кездеседі.Қазіргі таңда мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат-оқушыға тек сапалы музыкалық білім берумен шектелмей,оны келешек өмірге дайын азамат,жоғары кәсіби білікті маман ретінде қалыптастыру.

Жоғары кәсіби біліктілік пен шеберлікті қалыптастырып,дамыту үшін оқытудың тиімді тәсілдерін таңдап сабақтарға енгізу арқылы,жүйелі жүргізілген сабақтар арқылы жетістіктерге қол жеткізуге болады.

1.Жүйелі жүргізілген сабақтарда ғана оң эмоциялық ахуал қалыптасып,баланың таным белсенділігі жоғарылай бастайды.

2..Жүйелі жүргізілген сабақтарда ғана қазіргі қоғамның талабы болып есептелетін шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды сапалы жүргізуге толық мүмкіндік бар.

3..Жүйелі жүргізілген сабақтарда ғана азаматтық жауапкершілігі айқын сезіліп,оқушылардың бойында ақыл-ой қабілеттері қалыптасады.

Яғни,оқытуды жоғары дәрежеде ұйымдастыру оқушыларға мамандығы бойынша жақсы кәсіби дағды мен шеберлікті қалыптастыру мүмкіндігін береді.

Осы орайда оқытудың дәстүрлі қолданып жүрген әдістерін сабақ барысында үздіксіз қолдану оқытудың ерекшеліктерімен қоса болашақ маман дайындауда,кәсіби біліктілігін қалыптастыруда олардың шығармашылық қызметін жандандырады.

Оқушының өздігінен ізденуінен музыкалық шығарманың шығу(туу) себебін және оның құрылымын болжаумен,композитор туралы,музыкалық шығарманың жазылу уақыты мен мәнжайы,оның оброздық мазмұны мен өзіндік ерекшелігі туралы мәліметтері бар анкета себеп бола алады.Сұрақтар қою арқылы оқушыларда ойды ынталандыру керек,бірақ идеяның шешімін айтпауы тиіс,бұнда мағлұмат өте аз мөлшерде болу қажет.Қойылған сұрақтардың жауабын іздеу музыкалық шығарманың орындалуына,оның оброздық,(сипаттық) саласына,жалпы қабылдануына қатысты керемет идеяларды тудырады,сезгіштікті дамытады.

Сезімділік-сипаттық және қиялдықпен көрсету арқылы оқушыға музыкалық шығарманың образдық(сипаттық) әлеміне «көшуге»,оны ішкі жағынан сезінуге және тануға жол береді,ойнап отырған шығарманы нақты және терең сезіну керек,сонан кейін ғана сол сезімді жеткізуге болады.

Жоспарлау әдісі оқушының белгілі бір кезеңге (сабақ,бір күн,апта) өзінің білім алу қызметін жоспарлауды көздейді.Оқушының білім бағдарламасын құру әдісі төмендегідей түрдегі алгоритмдерді қолдануды қарастырады:

1.Музыкамен шұғылдану не үшін керек?
2. І тоқсанда не үйренгім келеді?
3.Қандай шығармаларды үйренгім келеді?
4.Бәрінен де мені … сұрақ қызықтырады?
5.Үйде өз бетіммен қалай сабаққа дайындаламын?
6.Оқу үшін маған не қажет?
7.Оқудың соңында,оқу жылының соңында қандай жетістіктерге жеткім келеді?
8.Өзімнің оқуымның қортындысын қалай бақылауға аламын және оны қалай бағалаймын?
Шығармашылықты нормалау әдісі оқушының кәсіби қызметінің белгілі бір бағытына байланысты нұсқаулар құрастыруында,мысалы: «Қалай жаттау керек?»тақырыбында.
Ой-пікір (рецензия) әдісі басқа оқушының орындауына сынды көзбен қарау шеберлігін дамытады.Алғашқы рецензиялар арнаулы тірек схемалар (нобайлар) көмегімен құрастырылады.

Мысалы:
1.Орындауды не ұнады?
2.Орындау қалай құрылған?
3.Шығарма жеткілікті түрде сазды орындалды ма?
4.Байқалған дәлсіздіктер,қателер,қайшылықтар,қарсылықтар.
5.Орындауға толықтырулар.Орындаушыға тілектер.
6.Орындауға жалпы бағау.
Бақылау әдістері оқушының шығармашылық жетістіктерін,оның жеке кәсіби дамушылығын диагностикалауды тұспалдайды.Белгілі бір мезгіл аяқталған уақытта оқушыға төмендегідей сұрақтар ұсынған жөн:
Мен қай жағынан өзгердім?
Менің ең үлкен жетістігім қандай?
Мен оған қалай және неге жеттім?
Менің ең үлкен кәсіби қиындығым қандай?
Мен оны қалай меңгердім және қалай жеңемін?т.с.с.
Оқытудың бұл әдістерін жүйелеу және қолдану тек қана оқушының емес сонымен қатар мұғалімнің де жеке кәсіби түрде өзін-өзі іске асыруын тұспалдайды.Бұл әдістер көмегімен сабақтар мағыналырақ болады.Оқушының өзіндік жұмысы белсенді түрде өтеді,оның өнер дүниесіне деген қызығушылығы артып қана қоймай,кәсіби біліктілігі мен шеберлік дағдыларын қалыптастыратын жол туады.

Жас өспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға,талғампаздығын тәрбиелеуге,эмоциялық сезім-талғамын қалыптастыруда білімді,мәдениетті болып өсуіне музыка мектебіндегі білім мен тәрбиенің алатын орны ерекше.Музыкалық білімді кең мағынада қарастырсақ,ол музыкалық шығарманың барлығын қамтиды.Музыканы сауатты оқыту әдістемесі тұтас алғанда музыкалық оқытудың міндеттеріне сай болуы керек.Көркемдік талғамы бар,музыканы сүйетін,оны жанымен түсінетін,музыкалық шараларға белсене араласатын білімді,өнерлі адамды дайындаудың алғашқы сатылары балабақша мен мектептен басталады.Сабақта қолданылатын музыкалық материалдарды да таңдай білудің маңызы зор.Өйткені сол шығармалар арқылы балалар өмірдің сан-қилды оқиғаларынан мағлұмат алып,музыкалық материалдар уақыт өткен сайын өзгеріп,толықтырылып отырады.Музыка туралы әңгіме тыңдай отырып балалар композитордың өмірі,шығармашылығымен танысады.Баланы музыка тыңдауға,тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. «Музыкалық тәрбие берудің негізгі мақсаты-рухани дүниесі жан-жақты дамыған салауатты өмір салтын берік ұстанған жеке тұлға тәрбиелеу болып табылады».

Және де музыка мектебінің мақсаты мен міндеті-музыкалық білім мен тәрбие беру.Оқушыларды өнерге баулу.Жоспарланған бағдарламаны игерту,оқушының шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту,әлемдік және Отандық мәдениетте жетістіктерге тарту,өнер тарихын,қазақ және өзге этностар дәстүрлері мен салттары тарихына тарту және эстетикалық талғамды әлемдік өнердің үздік үлгілері негізінде тәрбиелейді,оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге көмектесіп,дүниетанымын дамытуға жағдай жасайды.Оқушыларды музыкалық колледждер мен жоғары оқу орындарының музыка факультеттеріне түсуіне даярлайды.

Музыка мектебі осындай мақсат-міндеттерді алға қоя отырып елімізге,Отанына пайдасы тиер өнерлі,білімді,болашақ өнер иелерін дайындайды.

Егер біздің бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі мамандар өз білімін халық мәдениетімен,тарихымен,салт-дәстүрі және әдет-ғұрпымен байытса ,болашақта өнер иесі болып алған білімін оқушыларға үйретіп,оларды дұрыс бағытта тәрбиелеп,халқымыздың өнерін өркендетіп,дамытып ұлттық сананы қалыптастыруға үлес қосары даусыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:
«Музыка әлемінде» журналы 2010ж №3 /12 бет/
«Қазанғап мұрасы және халық шығармашылығын оқыту мәселелері» жинағы 2009ж /98 бет/
«Мектептегі тәрбие» журналы 2011ж №7 /9 бет/

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.