Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қазанғап атындағы саз
мектебінің терме-дәстүрлі ән класының оқытушысы
Өтегенова Гүлмира Айсұлтанқызы
Сабақтың тақырыбы: «Ән мен терменің айырмашылықтар
Сабақтың мақсаты: Оқушыға ән мен терменің айырмашылықтарын түсіндіріп,орындалу ерекшеліктерін үйрету.
Білімділік: Оқушыға ән,терме туралы түсінік беріп,ән мен термені айыра білуге үйрету,білімін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыны өнерге баули отырып, термелерде айтылатын ақыл нақыл, өсиет сөздердің мағынасын түсіндіріп, жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының ән, терме орындау шеберлігін дамыту.
Көрнекілігі: Ақыл нақыл сөздер,әнші,термешілердің суреттері,сөзжұмбақ.
Сабақтың ұстанымы: «Әннің әсем сырын,терменің өсиет сөзін ұғынып,орындау шеберлігін шыңдау өнер адамының басты міндеті».
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, музыка.
Барысы: Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ түсіндіру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Алдыңғы сабақтарда өтіп жатқан Бұқар жыраудың «Тілек» термесін орындату.Мазмұнын түсініп,көз алдына елестете отырып,терменің орындалу ерекшеліктерін,дауыс көтеретін жерлерін анық орындату.Кемшіліктерін түзеп,бағыт бағдар беру.
Жаңа сабақ.
Біз саз мектебінің терме класында оқитындықтан дәстүрлі әндер,термелер,халық әндерін үйренеміз.
Ендеше бүгінігі сабағымызда ән мен терменің айырмашылықтарына үңіліп өтейік.
Алдымен әнге келсек: Ән халықтың сүйіп айтатын,тыңдайтын сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы. Бұл өнерге байланысты қалыптасқан көптеген мақал мәтелдер,аңыздар,жырлар осының айғағы. Халықтың «Саз күміс ән алтын», «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері де осы өнерге арналған.Ән бірнеше шумақтан тұрады,қайырмасы қайталанады.Әр түрлі тақырыпта болады және әнші орындайды.Әннің сөзін ақын,әуенін сазгер жазады.Және де халық аузынан таралған халық әндері болады.Ән көңілді әуенде мажор,және көңілсіз жай әуенде минор орындалады.
Рамазанның репертуарындағы әндерді тізіп жазғызып,ішінен біреуін мазмұнын,орындалу ерекшелігін айтқызып орындату.
Термеге келсек: Халқымыздың асыл мұрасы жыраулық,термешілік өнерге тарихи тәлімі зор,атадан балаға мирас болып келе жатқан киелі өнер.Жыраулық әр адамға беріле бермейтін,ерекше қабілеттілікті қажет ететін,ойы ұшқыр,тілі жүйрік,сыншы,таңды таңға асырып жырлау,оқиғаны аяқсыз қалдырмау,жүйелеп айта білетін,суырып салма,ақындық өнерінің басымдылығымен көзге көріне білген өнер иесі.От ауыздығорақ тілді жырауларымыз халықтың жоқтаушысы,сүйенері болды.Сондықтан терме ақылы мен нақылы бар,өсиет айтып жақсы мен жаманды жырлайтын тақпақ сазды әуен.Термені жырау шығарады,термеші,жыршы орындайды.Рамазанның репертуарындағы термелерді тізіп жазғызып,бір терменің мазмұнын айтқызып орындату.Ән мен терменің айырмашылықтарына,орындалу ерекшеліктеріне,қағыстарына,мазмұнына түсінік беріп өту.
Өзіміз бала кезден тыңдап өскен,етене жақын Ғарифулла ағамыз орындаған әндердің күрделілігі әндегі ырғақтардың екіүлесті ырғақпен,үшүлесті ырғақпен араласып келіп отыруы етене жымдасып,жүрекке жағымды естілуі орындаушының асқан шеберлігінің дәлелі.Ал,әдемі әуезді әнді құбылта,бірде саябырлатып,бірде толқи шырқайтын Жүсіпбек Елгебековтың ән орындау шеберлілі ерекше.Демек,қай әнде немесе жырда болмасын,қағыстың үйлесімі,есту қабілетінің жоғары болуы әр орындаушыда басым болуы шарт.
Сергіту сәті.Сөзжұмбақ жасыру.
Әнді орындағанда сөздерін анық,мәнерлеп орындау шарт.Сондықтан біз мәнерлеп көркемсөз оқумен де көптеген жұмыстар жасаймыз.Ендеше Рамазан бізге бір өленің оқып берсін.
Ал терме орындағанда бір сөзден сон,бір сөз төгілте орындау шарт,сондықтан терме жаттай отырып біз жағылтпаш та жаттаймыз.Ендеше Рамазан бізге бірнеше жаңылпаштар айтып берсін.
Сабақты бекіту:
1.Ән туралы айтып берсен.
2.Терме туралы айтып берсең.
3.Орындалу ерекшеліктері қандай?
Сабақты қортындылау:Жалпы ән,терме орындау өнері өте керемет өнер. «Ән көңілдің ажары»,деген қазақ халқы өнерді бағалап,өнер иелерін төбесіне көтерген халық. «ән тықдасаң көңілдің кірі кетеді», дейді,әннің әсемдігі мен терменің нақылдылығын халық журегіне жеткізе біліп өнердің шыңына шығайық дегім келеді.
Үйге тапсырма беру.Репертуарындағы ән,термелерді қайталау.
Бағалау:Өте жақсы.








