Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Сам орта мектебінің биология пәні мұғалімі:
Лесерова Меруерт Сәдірқызы
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға…
Ұстаз -ұлы тұлға. Өз шәкіртінің болашағы үшін қандай майданда болсын қайнауға әрқашан дайын тұратын батырлар. Елбасының сындарлы саясаты бойынша біздер, ұстаздар қауымы осы ғылым мен техниканың қарыштап дамыған дәуірінде көштен бір елі де қалмауға міндеттіміз. Себебі, біздің мойнымызға артылған жүк өте ауыр ол- ертеңгі желең жас, болашақтарымыз. Осы орайда ауданымыздағы Бейнеу орта мектебінде өтіп жатырған ағылшын курсын атап өтпекпін. Курс ауданымыздың беделді ағылшын тілінің мұғалімі Искендирова Санияның тренерлігімен өте жоғары деңгейде өтуде. Курс Macmillan баспасының Straightforward кітаптары арқылы жүргізілуде және осы курсты оқу барысында жалпыеуропалық білім стандартына сәйкес А1 және А2 деңгейлерін игереді. Курстың 240 сағаты жалпы ағылшын тілін игеруге және 60 сағаты «Физика», «Биология», «Химия» және «Информатика» пәндерін ағылшынша игеруге жұмсалады. Интенсивті оқудан бөлек студенттер www.straightforward-online.com сайты арқылы онлайн тапсырма орындап, өз білімдерінің пайыздық көрсеткішін біліп отырады. Әр юнит бойынша тест қорытындысы MOODLE платформасына құйылып, Назарбаев Университеті тарапынан бақыланып, реттеліп отырады.Жалпы курс бойынша алған білімдерін 2017 жылдың 17 қарашасында қорытынды тест тапсыру арқылы қорытындылайтын болады.
Курстың жоғары деңгейде өтуіне және студенттердің шет тілін меңгеруге тренеріміздің өз мамандығына деген махаббаты, білімділігі, жан-жақтылық қасиеті оң ықпал етуде. Курс студенттерінің ішінде егде жастағы бірнеше жыл еңбек өтілі бар ұстаздар бар. Жасының үлкендігіне қарамай сол ұстаздардың ағылшын тіліне деген құштарлығын көргенде біз секілді жастардың жалқаулануға еш құқы жоқ болар.Үш тілде білім беріп, ел болашағының өркендеуіне өз үлесімізді қоса алсақ ол әрине, нұр үстіне нұр болары анық. Барлық ұстаздар шәкірттерінің алдында бет түзер құбыласы болуы шарт. Сондықтан бүгінгі игерген білімді ертеңгі күні өз тәжірибелерінде қолдана білсе, ерен еңбектің еш кетпегенінің дәлелі болары хақ.




Добавить комментарий