Без рубрики

Ұстазға арнау

Көмірші орта мектебін 2009-2010 жылы бітіріп арман қуып Алматы қаласына келіп,Алматы индустриалды колледжінің студенті атанып,осы аталған оқу орнын есептеуіш техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығы бойынша
« Медиа Нет» білім алушысы болып оқып жүрмін.

Көмірші ауылына практикадан өтуге келген кезімде өзіме сабақ берген Физика-информатика пәнінен сабақ берген Сайсанбекова Дания апайыма мына өлең жолдарымды арнаймын.

Маған дейін Жетыбаева Сания, Асанбаева Қарлығаш, Давибаева Айгерім, Исамбаева Ұлбосын, Казкен Руслан, Бейсембаев Елжас, Тынбаев Олжас, Азимақын Бекзат, Үстенбек Рахима сияқты шәкірттерді тәрбиеп ұшырған ұстазымның еңбегі шексіз, әрі өлшеусіз.

Ізін қуып ұстаздың санатынан,
Білім нұрын тербетіп қанатынан.
Ардақты да асыл жан,аяулы ұстаз,
Өзің жайлы шырқаймын таратып ән.

Бір үмітті сәулені жақсам деймін,
Асылдардан нұрлы жыр тақсам деймін.
Жалғастырып ұстаздың ұлы жолын,
Қанатымды биікке қақсам деймін.

Үміттерден үмітке жетелер күн,
Сын түзеліп бір кездер өтелер мін.
Ұстаздан шәкірт озар деген рас,
Ұлы жолын ұстаздың көтерермін.

Пендесіне Аллам да жақ болады,
Уақтылы болса да бақ қонады.
Қолымыздан бір көмек келмесе де,
Сізге әркез ниетім ақ болады.

Көмірші ауылы.
Жылқыбаева Сымбат Маратқызы.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.