Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№170 орта мектеп директорының бастауыш сыныптар
жөніндегі орынбасары Өміртаева Ботакөз Әмитжанқызы
Баланың өзін-өзі тану дұрыс қарым-қатынасын дамыту, баланың өзіндік «менің» анықтауға көмектесу, балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, балаларды жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, салауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «өзін-өзі тану» пәнінің рөлі зор. «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасының міндеті бойынша баланың бойына «Әлем және адамзат» туралы дұрыс түсінік қалыптастыру. Жасөспірімдердің адамгершілік мінез-құлықтарына мүмкіндіктерімен таныстыру, жеткіншектердің танымдық белсенділіктерін арттыру, жас ұрпақтың рухани адамгершілік категорияларына көңіл аудару мақсатында жүргізілген игі істер жас ұрпақтың жүрегінен орын алды.
Жаратылыстан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені қазақтың елдер алдындағы абырой беделі, қадір қасиеті, тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы жарақтылығымен өлшенген. Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздің болашақтарыңызды айтып берейін» деген. Қазіргі кезеңде қазақ халықының өмірінде бұрын соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Бұлар дөрекі әдепсіз барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Баланың мінезін жалпы деңгейін ынтасын жақсы білу үшін, оның дамуына адамгершілк қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екендігін әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті.
Баланың жас ерекшелігі, әр жасқа тән болатын дағдарыстардың себептері туралы түсіндіріп, олардан баланы қиындықсыз алып шығуға көмек көрсетуге ата-анаға көмекке келетін – мұғалім.
Жасөспірім жасындағыларды тиісті әдебиеттерде «Қиын», «өзгерілу», «ауысу жастары» деп атайды. Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жеткіншек балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады. Жасөспірім өзге жастарға қарағанда педагогикалық тиісті әдебиеттерде көп әңгіме болып, жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге қарағанда әлдеқайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен құтылғысы келеді. Жасөспірімнің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетініндей емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс т.б жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал жалпы алғанда жасөспірім тың өзгеше сипатта келеді. Мысалы, жеткіншек төменгі кластарда оқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалыпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе енді кейбірі өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Осы мәселені анықтаудан зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен психиканың бұл ерекшелігі жасөспірімде әлеумет өмірінің өзінің ерекшелігінен болар. Жасөспірім бәрін өзім істей алам, «Сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірсе де оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Ересектерге ұқсап іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай басқаша айтқанда, бір жеткіншек істі игеру жағынан бала да, ал талап қою жағынан ересек.
«Өзін-өзі тану» пәнінің әдістері арқылы жасөспірімдік кезеңдегі келіспеушілік пен жасөспірім шақтан ересек шақтағы өтер кездегі мінез қиындылығын жеңуге мүмкіндік береді.
Біз жеткіншектің «мен» деген қасиетін жете түсінуі үшін оның үлкендермен қарым-қатынастарына әсіресе екі ортадағы кездесетін қайшылықтарына тоқталайық. Қайшылық жеткіншектің есейіп қалуы мен үлкендердің оған әлі бала деп қарауының келіспеушілігінен болғандықтан біз осыны қайшылықтың нәтижесінде сол жағдайдан қалай құтылуды білмеуді дағдарыс деп атадық.
Дағдарыс дегенің мағынасы қиын жағдайға тап болған кезде одан қалай шығуды білмеуді білдіреді. А. Г. Коволев дағдарыс кезі жеткіншектің жасына орай келмейді. Онымен үлкендер арасындағы қатынастың бұзылуынан пайда болады дейді. Осылай деу дағдарыс кезі жеткіншекте тіпті кездеспей, ол сергелдеңге ұшырамауы мүмкін. Демек жеткіншектердің үлкендермен қарым-қатынасы жақсы болып келсе онда дағдарыс кезі кездеспейді. Осы пікірге түгелдей қосылу қиын. Біріншіден дағдарысқа ұшырайтын үлкендер емес, жеткіншектің өзі. Екіншіден дағдарыс үлкендердің қатынасына риза болмаудан кездессе де мұның өзі тек 11-16 жас арасында болып отыр. Егер Коволевтың айтқаны дұрыс болса дағдарысқа ұшырау 7-10 немесе 16-18 жастарда кездесуі ықтимал болар еді. Бірақ осы жөнінде әдебиеттерде ешнәрсе айтылмайды. Біз осыны есепке алып жеткіншек пен ересектердің арасындағы қайшылыққа қайта оралайық.
Жеткіншек үлкендердің өзінің есейгені мен өз беттілігімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киуде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен орындағысы келеді.
Осыған әуелі кезде туған-туысқандар қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын себебі, басына сенім білдіргісі келмегеннен емес, оны бала деп бүлдіріп алады ғой денуінен. Бірақ жеткіншек бұған түсінбей «Мені бала деп сенбей отыр»-дейді. Егер осындай қатынас көп созылса жеткіншек пен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік туып, бала ызаланып ерегісуге немесе үлкендер не айтса соны орындамауға тырысады. Екі арадағы қайшылықты кім жеңеді дегенде жеткіншектің талабы жаңа болғандықтан сол жеңеді деуге болады. Себебі: диалектиканың заңы бойынша жаңа нәрсе көнені жеңеді. Ал осы іске қалай асады. Бұл әуелі жеткіншек үлкен адамдармен қарсыласып оның сөзін тыңдамайды. Үлкендер әуелі жеткіншектерді тәртіпке шақыруға тырысады. Тіпті жазалауы да ықтимал. Бірақ осыған жеткіншектердің кейбіреулері көнбей «түбінде үлкендер шаршап енді, сенің айтқанын бола қойсын» деуі мүмкін деген ойда болады.
Осындай екі арадағы түсінбеушілікті неміс психологі К. Левин «ойлық, бөгет» деп атаған. Мұны солай деуінің себебі жеткіншек пен үлкендердің арасында түсінбеушілік болып, бөгет салынған соң енді үлкендердің сөзіне құлақ аспайды. Сондықтан жеткіншекке тіл алдыру үшін алдымен сол бөгетті жою керек. Ал бөгетті жою оңай емес. Сондықтан «өзін-өзі тану» пәніндегі оқушылар игеретін білім, білік және дағдылар барысында оқушылар өзара қарым-қатынаста шындықты айтуға жағымды ойлауға үйренеді. Өзара сыйластықты түсінуге қабілетті, айналасындағыларды ұнатып жақсы көре біледі, жақсылық жасауға дайын, жақындарын қуантуға асығады. Сабырлы, салмақты болуға, тәрбиелі болуға ойланып сөйлеуге үйренеді. Әдептілікке, ұқыптылыққа үйреніп көмектесе біледі. Өзгені ренжітпеуге тырысады. Өйткені мектеп жасындағы баланың көбіне көп негізгі әрекеті – оқу. Сондықтан өзін-өзі тану пәні барысында ол білімге, қарым-қатынасқа, имандылық адамгерішілікке үйренеді. Сонда мұғалімнің жеке бас үлгісі, сөзі мен ісінің сәйкестілігі, талапшылдығы отбасында баға жетпес құралына айналады. Бала тәрбиесі- болашақ кепілі, отбасы мен мұғалімдер қауымының абыройлы ісі. Тәрбиенің нәтижелігі терең тамырлы тәрбиені бойына дарытқан ортада болмақ. Ол ата-аналар өз міндетін жеке түсінгенде, мұғалімдермен ынтымақтастықта болған жағдайда алға басады.
№170 мектеп
Мектеп директорының бастауыш кластар
жөніндегі орынбасары
Б.Ә. Өміртаева